Мазмұнға өту

Қатты дене

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қатты дене — қалпы тұрақтылығымен, және затты құраушы атомдардың тепе-теңдік жағдайының маңайындағы аз тербелісі түріндегі жылулық қозғалысымен, сипатталатын заттың агрегат күйі.[1]

Қасиеттері: қатты денелердің тұрақты пішіні мен көлемі бар, оларды сығуға немесе таптауға болмайды, барлық бөлшектер белгілі бір ретпен тығыз топтастырылған, құрамында элементтер еркін қозғала алмайды.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қатты денелерді орындықтар, машиналар, үстелдер, кітаптар, металдар мен баспалдақтар сияқты керекті бұйымдар жасауда қолданады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0