Қараағаш (Ұлытау облысы)
Орманшар | |
Қараағаш | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
48°54′49″ с. е. 70°54′54″ ш. б. / 48.91361° с. е. 70.91500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°54′49″ с. е. 70°54′54″ ш. б. / 48.91361° с. е. 70.91500° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1930 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▬108 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
20 |
Қараағаш шекарасы
|
Қараағаш — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылдық округінің құрамындағы орманшар.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Терісбұтақ өзенінің аңғарыңдағы орманды алқапта, Жаңаарқа кентінің солтүстік-батысында 56 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қараағаш көне дәуір ескерткішіне өте бай тарихи аймақ. Кеңес дәуіріне дейін «Шонның Қараағашы» деп аталған. Іргесі Мойынсерік негізінде 1930 жылы қаланған. Округ құрамында 20 ғасырдың 30-жылдары Ынталы, Қосшоқы, Қараағаш ұжымшарлары ұйымдастырылды. 1934 жылы 7-ауыл аталып, Қараағаш ауылдық кеңесі құрылды. 1962 жылы «Дружба» кеңшарынан «Рассвет» кеңшары болып бөлініп шықты. 1960-1990 жылдары осы кеңшардың және ауылдық кеңестік орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — мал, егін шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы 48, 9 мың га. Кеңшар негізінде 59 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 111 адам (63 ер адам және 48 әйел адам) болса, 2009 жылы 108 адамды (51 ер адам және 57 әйел адам) құрады.[1]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 108 адамды (55 ер адам және 53 әйел адам) құрады.[2]
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Округтің елді мекендерінде 2 мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
|