Қараадыр (Ұлытау тау)
Қараадыр тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
4 км |
Ені |
2,5-3 км |
Ең биік шыңы | |
Орналасуы | |
48°17′08″ с. е. 66°45′34″ ш. б. / 48.28556° с. е. 66.75944° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°17′08″ с. е. 66°45′34″ ш. б. / 48.28556° с. е. 66.75944° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Қараадыр – Ұлытау тауларының солтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің солтүстік-батысында 31 км жерде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 674 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 – 3 км шамасында.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстік беткейі тіктеу, қалған бөліктері көлбеуленіп, сай-жыралармен тілімденген. Бөктеріндегі бұлақтардан Бала Жезді өзенінің салалары бастау алады.
Геологиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Протерозойдың метаморфталған және дислокацияға ұшыраған жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас астық тұқымдас шалғын өседі.[1]