Қанатты кесірткелер
Қанатты кесірткелер—мезозой заманындағы рептилилердің ішіндегі ұшуға бейімделген жануарлар. Олардың алдыңғы аяқтарының төртінші ұзын саусағымен екі бүйіріндегі жарғақтары үшу қызметін атқарған. Жалпақ төсінде құстардағыдай қырлы төсі болады, бас сүйектері жас кезінде-ақ бірігіп кеткен. Көптеген сүйектерінде ауа қуысы болады. Тұмсық тәрізді жақтарында тістері болған.Құйрығының ұзындыры мен қанатының формасы алуан түрлі.Кейбір түрлерінің ғана қанаты ұзын, жіңішке құйрығы ұзын болған. Басқа түрлерінің құйрығы қысқа, қанаты жалпак болған. Птерозаврлардың қазба қалдықтары тұзды су қоймаларының орнынан табылуы, олардың су жиектерінде тіршілік еткенін дәлелдейді. Олар шағалалар сияқты балық аулап, қоректенуі мүмкін. Дене мөлшері бірнеше сантиметрден бір метрге дейін, одан да ірі болған. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы