Мазмұнға өту

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі (2000-2002) ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығымен[1] ҚР Экономика министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. Министрлікке таратылған ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің индустрия және сауда саласындағы өкілеттіктері берілді.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңтардағы қаулысымен[2] министрлік туралы ереже бекітілді. Мына ведомстволар қайта ұйымдастырылды: ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті ҚР Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне; ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті ҚР Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетіне; ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті ҚР Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитетіне; ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті ҚР Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетіне.

Ережеге сәйкес министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шегінде ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық үйлестіруді, сондай-ақ осы бағыттардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылды.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру; Экономикалық дамудың мемлекеттік саясатын, инвестициялық, сыртқы экономикалық, өнеркәсіптік (атом, тау-кен металлургиясы , химия және мұнай химиясы өнеркәсібінен басқа) сауда, аймақтық саясат әзірлеу және іске асыруға қатысу және әлеуметтік саясат әзірлеуге қатысу; ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуын экономикалық талдау, болжау және реформалардың барысын бағалау; ҚР Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау; мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеу және оның орындалуын бақылау; инвестициялық саясатты дамыту стратегиясын әзірлеу және іске асыру; ықтимал инвесторлар тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп ұйымдарға жәрдем көрсету; өз құзыры саласында өнеркәсіп салаларын және ресурстық және технологиялық базаны өзгерту негізінде құрылысты дамыту және реформалау бағдарламаларын әзірлеу, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау; тарифтік және тарифтік емес реттеу әдістерімен сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатысу; демпингке қарсы бақылауды қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу; мемлекеттік активтерді тиімді басқару және мемлекеттік меншікті жекешелендіру саясатын жүргізуге қатысу; стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттік саясат жүргізу; экспорттық бақылау саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; ҚР өнеркәсіп саласындағы ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу және іске асырылуын қамтамасыз ету; ғылыми-техникалық салада, жаңашылдық қызметте кәсіпкерлікті дамыту, ғылыми-техникалық өнім рыногын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау; жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында республикада бірыңғай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және жүргізілуін қамтамасыз ету, жұмылдыру жоспарын даярлау.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 мамырдағы қаулысымен[3] министрліктің құқықтық мәртебесіне өзгертулер енгізілді: министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шегінде ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық үйлестіруді, сондай-ақ қорғаныс тапсырысын жасау, тарату және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, осы бағыттардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылады.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен[4] министрлік оны ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және өнеркәсіпті, құрылысты және сауданы басқару, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып ҚР Индустрия және сауда министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен [5] ҚР Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі және Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеттерінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелері оларды ҚР Индустрия және сауда министрлігінің облыстарда, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерге біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен [6] министрліктің мына комитеттері таратылды: Антидемпингтік бақылау комитеті, мүлкі жаңа ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетіне берілді; Құрылыс істері жөніндегі комитеті, мүлкі жаңа құрылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне берілді; Қорғаныс өнеркәсібі комитеті, мүлкі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетіне берілді; Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті, мүлкі жаңа құрылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетіне берілді.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 52-53, 589-бап).
  2. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңгардағы № 165 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 4-5, 54-бап).
  3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңтардағы № 165 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 мамырдағы 589 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 16, 208-бап).
  4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002 ж. №28, 307-бап).
  5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап).
  6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №41, 414-бап).
  7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9