Ғалымжан Олжаұлы Пірматов
Көрініс
Ғалымжан Олжаұлы Пірматов | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
3 ақпан 2022 — 4 қыркүйек 2023 | ||||
Ізашары | Ерболат Досаев | |||
Ізбасары | Тимур Сүлейменов | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | Жаңасібір мемлекеттік университеті | |||
Мамандығы | Математик, Қаржыгер | |||
Дүниеге келуі | 24 сәуір 1972 (52 жас) Шымкент облысы, Қазақ КСР | |||
Жұбайы | Айнұр Демеукенқызы | |||
Балалары | Асад, Әмір | |||
Марапаттары |
| |||
Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Ғалымжан Олжаұлы Пірматов (24 сәуір 1972; Шымкент облысы, Қазақ КСР) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы (2022-2023).
Білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1993 жылы Жаңасібір мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша үздік бітірді.
- 1993 жылы Қазақстандық экономика менеджменті және болжау институтын «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
- 2001 жылы MBA дәрежесінде Willamette University-де білім алған[1].
Еңбек жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жас маманның алғашқы жұмыс орны «Алтын-Тас» алтын өндіру кәсіпорны болды, онда 1994-1998 жылдар аралығында қаржы директоры қызметін атқарды.
- 2002-2003 жылдары — «AES КиевОблЭнерго» компаниясының қаржылық директоры болды.
- 2003-2004 жылдары — «AES Украина» компаниясының коммерциялық директоры болды.
- 2005-2007 жылдары — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жобаларды қаржыландыру департаментінің басшысы, басқарушы директор – инвестициялық банкинг департаментінің директоры болды.
- 2007-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды.
- 2009-2011 жылдары — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болды.
- 2011-2015 жылдары — Cameco Kazakhstan президенті болды[2].
- 2015-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
- 2017-2021 жылдары — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық ядролық компаниясының басқарма төрағасы болды[3].
- 2022 жылдың 3 ақпанынан 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарды[4][5].
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Құрмет» ��рдені (2016);
- «Парасат» ордені (2021)[6];
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Анықтама. BAQ.kz (9 қыркүйек 2022). Тексерілді, 4 қазан 2024.
- ↑ Ғалымжан Пірматов Cameco Kazakhstan президенті болып тағайындалды. Қазақ телеграф агенттігі. (16 ақпан 2011). Тексерілді, 4 қазан 2024.
- ↑ "Қазатомөнеркәсіп" АҚ басшысы қызметінен кетейін деп жатыр. PARYZ.kz (27 тамыз 2021). Тексерілді, 4 қазан 2024.
- ↑ Ғалымжан Пірматов ұлттық банк төрағасы болды. Бәрі бар. (3 ақпан 2022). Тексерілді, 4 қазан 2024.
- ↑ Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылып, орнына Тимур Сүлейменов тағайындалды. Орал апталығы. (4 қыркүйек 2023). Тексерілді, 4 қазан 2024.
- ↑ ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекеттік наградаларды табыстады (13 желтоқсан 2021). Тексерілді, 4 қазан 2024.