Ғалымбек Жұматов
Ғалымбек Сағымбайұлы Жұматов - 1952 жылы 15 қазанда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, «Үлгілі» ұжымшарында туған.
- Қыпшақ тайпасының Бұлтың руынан шыққан.[1]
- 1979 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін біті��ді.
- Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде қызмет еткен.
- 1991 — 1995 жылдары республикалық «Халық кеңесі» газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі болды.
- Қазір Павлодар қалалық «Шаһар» газетінің редакторы.
1979 жылы Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетіне тілші болып орналасты. Бөлім тілшісінен бастап редактордың орынбасарылығына дейінгі қызметтерді атқарды. Республикалық «Халық кеңесі» газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі болды. Облыстағы «Айдын» әдеби журналының алғашқы шығарушы редакторы. Қазақстан Редакторлар Кеңесінің мүшесі [2].
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы әңгімелері 1980 жылы «Арман қанатында» жинағында жарық көрген. 1984 жылы «Трактор қалай жасалады?» деген кітапшасы шықты. 1986 жылы «Ала көжек» повесі «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде үшінші сыйлыққа ие болды. «Жалғас — жауынгердің баласы», «Кең аулалы үйденбіз» повестері 1992 жылы жинақ болып шыққан.
Ғ.Жұматов оқырмандарына ақын ретінде танымал. Ол 2003 жылы «Қазақстан – қара шаңырағым» атты республикалық мүшайраның бірінші жүлдесін жеңіп алды. Балаларға арналған «Біз - 42 әріппіз» (2003 жыл) және «Жеңіс жалауын желбіреткен» (2005 жыл) жыр жинақтарын жарыққа шығарды. Ұлы Жеңістің 60 жылдығында композитор Н.Дүкенбаевпен бірігіп жазған «Жеңіс жолы», «Майдангер аталарға» әндері және 2008 жылы Астананың 10 жылдығына арналған «Астанам әсем-асқақ ән» әндер жинағы мерекелік салтанат рәсіміне енді. 2006 жылы «Ана өсиеті» атты поэтикалық эссе кітабы мен «Сағыныш сазы» жыр жинағы жарық көрсе, 2007 жылы оқырмандарына «Кемелді елдің Кемері» атты деректі повесін, 2008 жылы «Мәшһүр тағлымы» публицистикалық кітабын, «Сары белең» повестер мен әңгімелер жинағын ұсынды.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2003 жылы «Қазақстан — қара шаңырағым» атты республикалық мүшәйраның бірінші жүлдесін жеңіп алған. Балаларға арналған «Біз — 42 әріппіз» (2003) және «Жеңіс жалауын желбіреткен» (2005) жыр жинақтары жарық көрген. 2006 жылы «Ана өсиеті» эссе кітабы, «Сағыныш сазы» атты жыр жинағы, 2007 жылы «Кемелді елдің Кемері» атты деректі повесі, 2008 жылы «Мәшһүр тағлымы» публицистикалық кітабы, «Сары белең» повестер мен әңгімелер жинағы шыққан.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Үлгі қатесі: қара {{Кітап}}
- ↑ СМИ о нас. Бас редакторлар бас қосты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2012 жылы., 2010.
- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |