Мазмұнға өту

Эпителиоциттер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Эпителиоциттер (epitheliacytos, грек, ері — үстінде, thele еміздікхие, kytos — жасуша) эпителий ұлпасының жасушалары. Эпителиоциттер — бір-бірімен өзара десмосома және тығыз байланыстар арқылы тығыз жанасып, эпителий қабаттарын түзеді. Олардың цитоплазмасында тек эпителий жасушаларына тән және беріктік қызмет атқаратын арнайы органеллалар — тонофибриллалар болады. Эпителиоциттердің пішініне сәйкес: эпителий ұлпалары әртүрлі — жалпақ, текше және призма тәрізді эпителий деп аталады. Безді эпителий жасушаларын гландулоциттер деп атайды. Мезотелиоциттер (сірлі қабық мезотелийінің жасушалары) сірлі сұйық бөледі, текше тәрізді эпителиоциттер бүйрек нефрондары қабырғаларында қайта сіңіру — реабсорбция процесіне, ішектің призма тәрізді эпителиоциттер микробүрлері қорытылған қоректік заттарды сіңіруге қатысады. Бокал (құты) тәрізді эпителиоциттер — біржасушалы бездер (кілегей бөледі). Эпителиоциттер организмнің сыртқы ортамен шектесетін бөліктеріңде шекаралық орын алып, дененің ішкі ортасын сыртқы ортадан бөліп, қорғаныс, сезім мүшесі қызметтерін атқарады, зат алмасуға қатысады, сөл бөледі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9