Мазмұнға өту

Шіңгіл (аудан)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Шіңгіл
Әкімшілігі
Кіреді

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Іле Қазақ автономиялық облысы, Алтай аймағы

Әкімшілік орталығы

Шіңгіл қаласы

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1941

Жер аумағы

15790 км²

Биіктігі
· Ең биік
· Орташа


3700m м
1500< м

Тұрғындары
Тұрғыны

64 700 адам (маусым 2013)

Ұлттық құрамы

Қазақ(90%), қытай, моңғол, дүңген, ұйғыр, татар, өзбек

Ресми тілі

Қытай,қазақ

Телефон коды

906

Пошта индекстері

836200

Автомобиль коды

新H

xjqh.gov.cn

Шіңгіл картада

Шіңгіл ауданы немесе Цинхэ (АҚ ӨЗЕН) уезі (қыт. 青河县) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Алтай аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Аудан аты оның аумағында ағып жатқан екі Шіңгіл (Үлкен және кіші шіңгіл өзендері) өзенінің атауыннан алынған.

Қазіргі Еуропа қазақтарын құрап отырған қазақтардың негізгі бөлігі осы Өр Алтайдың Шіңгіл-Көктоғай өңірлерінің тумалары. Өр алтайдың Шіңгілі қазақ халқының ата қонысы алтын мекені, орта жүз жері. Соның ішіндегі Керей руының байырғы қоныстарының бірі, 13 ғасырдың басында Шыңғыс хан жоықтары әсерінен Сыр бойына дейін барып, қалған бөлігі 1723 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары атамекеніннен ауған ел 1770 жылдары Ер Жәнібек батырдың бастауымен өз мекендеріне қайтадан ту тіге бастады, міне содан 1860 жылдарға дейін Шіңгіл елі бір ғасырға таяу ауыл-үйдің дау-жанжалынан басқа қырғынды көрмей тыныш өмір өткізді де 1860-1955 жылға дейін қайтадан тағы бір «ер етігімен қан кешіп, ат ауыздығымен су ішкен» заманды қайта бастан өткізді. Бұл Абылай кезіндегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»-дан кем түспейтін ауыр күндер еді.

  • Шіңгіл халқының ��ірнеше реткі мекеніннен аууы

1870 жылдарыдың соңында Керейдің Шеруші руынан Жылқышы, Керейдің Базарқұл руынан Кебекші деген адамдар жиыны 400-ден астам түтін, 2000-нан астам жан санды бастап Қобыдаға (қазіргы Моңғолия жері) аударады.

  • Бөке батыр бастаған қазақтардың мекенінен аууы

Бөке батыр - Керейдің молқы руынан шыққан Қытай қазақтарына әйгіл батыр. Атамекеніне қайта оралған қазақ ауылдары бұрынғы қоныстарына моңғолдар орнығып алғандығы себепті қиыр қонып шет жайлап бір-бірін аңдумен күн кешіп жатады, бірде моңғолдың Сары уаң деген мәнсаптысы Қазақ ауылдарының 30 атан түйесі мен малға деп алып бара жатқан тұздарын тарып алып кетеді. Артынан 30 түйе орынына 100 жылқысын айдап алады, Бұл шіңгіл елінің моңғол ұлықтарына көрсеткен үлкен қарсылықтарының бірі болып, адам шығыны болғандықтан Бөке артынан қудалау жайлы бұйрық түседі. Бұны естіген Бөке батыр 1882 жылы өз руын бастап, Көктоғайдағы Қазымен (руы қарақас) бірлесіп мыңнан астам түтінмен Шіңгілден көшіп Боғда тауына қоныс аударады. Артынан қытаймен соғысып тибет үстіртіне шығып кетеді. Сол жерде ауырып қайтыс болады, Бөкенің басы Атақонысы Шіңгілге денесі Тибетте жерленеді. (Қытай әскерлері зиратты қазып алып Мәйіттің басын кесіп алып кетеді.[[1]])

  • Қалқаның шапқыншылығына ұшыраған Шіңгіл халқының мкенінен аууы

Өр Алтай қазақтары 1911 жылы орыс үкіметі Алтайға әскер кіргізуінен кейін, Қытай мен Орыс қыспағында қалады, 1912 жылы Алтайға моңғылия (Орыс үкіметі бұйрығы) үкімет армаиясы Алтайға шабуыл жасады, 1912 жылы Шіңгілде Күпібай батыр бастаған қазақ жағы моңғылдарға қарсы соғысты, қазақ жақтан көп шығын болды, Осы соғыстан бір ай өткен соң ел күзеуде отырғанда моңғыл шеріктері ойламаған жерден елді басып қалып елді қанға бояды. Бұдан кейінде қазақ жақ қытай моңғыл екеуімен қатар соғысып көп шғынға ұшырайды, Сол қырғынның ең көрнектісі Стамбол қажының ауылының шабылуы, осы бірнеше қанды жылдар «Стамбол шабылған заман» деген атпен қалды. Мынадай жағдайлардан кейін Қазақтар тағы бір мекенінен ауып Мори, Баркөл, Шонжы жақтарға көшіп кетіп, Бір-Екі жыл салып қайта көшіп келеді. 1910 жылдарға дейін моңғылдың ұраңқайы мен қазақ ауылы аралас, қойы қоралас бірге өмір кешіп келген. 1911 жылға келгенде моңғылия ХР - сы әскері шіңгілге басып кіріп, ұраңқайларды көшіріп, қазақ ауылдарын қырғындауды бастап елді қызыл қанға бояйды, бұл ел ішінде "Барған Дән қырғыны"-деп аталады, осы жолы ұзын саны 800 дей ұраңқайлар мен бірге бір бөлім қазақ ауылдары да моңғылияның Қобыда өңіріне қоныстанады. 1930 жылға дейін сол кеткен елден қашып келушілердің қатары үзілмейді.

  • Мұқыр - Толғай оқиғасы

1924-жылы ел жайлаудағы кез, моңғылиядан Мұқыр толғай (Моңғылша тақырбас, айдарсыз деген мағанада) жау келіпті деген хабар таралады. Мұқыр толғай шеріктері мен қытай әскерлері Үш жақтан келіп қырғын жүргізеді. Керген обадан асып келген шеріктер үрке көшіп өзен бойына түскен қалың елді қуа, Кіщі Шіңгілді аралап, Секпілтай, Шаңқан жерлеріне дейін кіріп елді шауып малдарын айдап әкетеді. Бұл жыл қатты қырғынымен есте қалып "МҰҚЫР - ТОЛҒАЙ ОҚИҒАСЫ" болған жыл болып халық жаднда мәңгі сақталады.

  • 《жалғыз айропалан оқиғасы》

Бұл қанды қырғынды кейбірі «Кенжебек өлген заман» кейбірі «Қанкелді-Секел қырылған заман» деп атайды 1933- жылы моңғылия үкіметі мен қытай үкіметі Шіңгілге әскер аттандырып,екінші реткі көлемді шабулын жасайды.бұл жолғы соғыстың мақсаты қалған және Қобыдадан қашқан ұраңқайларды қайтарып басшысы Сұлтым-даламаны тұтқындап іргелес қазақтарды ауылдарын қырғындап малын айдап әкету бо��атын. Бұл қырғында Орта жүз руының бірі керей елінің Жәнтекей руының ішіндегі Секел руы мен Қанкелді руларынан 800-900 адам қырғынға ұшыраған.Осы қырғындарға қарамастан Қазақ рулары үкіметке қарсылығын тоқтатпай,қаруын тапсырмай қояды.

  • Шіңгіл елінің соңғы рет мекенініен ауыуы

1945-жылы Алатай қаласындаУәли мекемесі құрылады, Қолына қару алып үкіметке бағынбаған қазақ батырларына билік беріп, жұмсақ тәсілмен ұзын арқан кең тұсау салып ұстап отырмақ болып ,Қазақ қосынының бастығы Оспан батыр Исламұлын уәлилікке, Дәлелхан қатарлылар орынбасар уәлилікке тағайындалады да,Шіңгіл ауданына Ырысқан батырдың ұлы Әсен әкім болып тағайындалады.1946 жылы Оспан уәлилікті тастап бұрынғы азаттық жолындағы ұлы күресіне қайта кіріседі.1947-жылы Ырысханның ұлы Әсен әкім елді бастап Бәйтікке көшеді,алдын тосуға келген қытай жасақтарына Оспанның жер шолуға жіберген Рхым бастатқан 20 қазақ жасағы 100 дің үстіндегі машинамен ауыр қаруланып келген қытай жасағын қырып тастайды.Бұл тарихы ұзақ әңгіме болып жазабесе том-том кітап болар ұлы азаттық үшін күрес еді.

  • Әйгілі адамдар
  1. Сұлубай батыр,
  2. Бөке батыр Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2019 жылы.
  3. Қазақтың екінші Бейбарысы--Шәкен Сарыұлы
  4. Ырысхан батыр
  5. Ақтеке батыр,
  6. Өрдебай батыр,
  7. Дәулет Халықұлы- күйші
  8. Құрманбек Зейтінғазыұлы- ақын


Шіңгіл ауданы Жоңғар ойпатының шығысы және Алтай тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан.Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 1500 м., ең биік жері 3700 м., Шығысы мен солтүстігі Моңғолия Республикасындағы Баян-Өлгей аймағымен шектесетін болса, батысы Көктоғай ауданымен, оңтүстігі Санжы Дүңген автономиялық облысы Шонжы ауданымен шекараласады. Жалпы жер ауданы 15 мың 579 шаршы км., теңіз деңгейінен шамамен 1200 метрден жоғары таулы өңірдің жер ауданы 9098 шаршы метр болып, жалпы жер ауданының 58,4%-ын, теңізі деңгейінен 100-1200 м. арлығындағы адырлы өңірдің жер ауданы 6310 шаршы километр болып, жалыпы жер ауданының 40,5%-ын ұстайды. Теңіз деңгейінен 1000 м. ден төмен жазық өңірдің жер ауданы 170 шаршы километр болып, жалпы ауданның 1,1%-ын ұстайды. Облыс орталығы Үрімжі қаласынан 608 км. қашықтықта орналасқан. Шіңгілде Моңғолия мен Қытай арасындағы Тайкешкен (Куәан) (қыт. 塔克什肯) кеден бекеті орналасқан. Жерінің солтүстігі биік, оңтүстігі аласа батысқа қарай көлбеу келеді де, негізі бөлігін биік таулар мен күрделі адырлардан тұрады. Аудан көлемінде Үлкен шіңгіл өзені, Кіші шіңгіл өзені, Шағанғол өзені, Бұлғын өзені сияқты төрт үлкен өзеннен және он шақты үлкенді-кішілі өзендерден және Үшкөл, Таушағанғол көлдері сияқты мемлекеттік саяхат орындары бар. Жылдық орташа темперетурасы 0°C. Тіркелген ең төмен температура -53℃. Ең жоғары температура 36.5℃, жауын шашын мөлшері 160 мм, Қыраусыз мезгілі 100 күнге жетпейді. Жер асыты су қоры 8 млн. m³,

  • Жартылыс-байлығы Кен байлығы біршама көп. Қазірге дейін белгілі болып игеріліп жатқандары алтын, күміс, сутас, көмір, шырымтал, әктасы сияқты он неше түрі бар, мұның ішінде Шырымталдың таралған орыны кең, негізгі қоры мол.
  • Аң-құстары мен жабайы хайуанаттардан қарақұйрық, құндыз, бұлғын, жабайы шошқа, жабайы есек, аю, бұғы, қабылан, қасқыр, ұлар, бүркіт, тұндыра кекілігі қатарлылар бар.
  • Дәрілік шөптер - Ақкендір, балауса, жаужұмыр, сары ағаш, сасыр, қожа шөп сияқты сирек кездесетін дәрілік шөптердің жүзден аса түрі бар.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шіңгіл ауданы 5 қалашыққа және 3 ауылға бөлінеді[1]:

  • Шіңгіл (Күңше) қалашығы (شىڭگىل قالاشىعى)(青河镇)
  • Тайкешкен қалашығы (تايكەشكەن قالاشىعى)(塔克什肯镇)
  • Аралтөбе қалашығы (ارالتوبە قالاشىعى)(阿热勒托别镇)
  • Ақдала қалашығы (اقدالا قالاشىعى)(阿格达拉镇)
  • Арал қалашығы (ارال قالاشىعى)(阿热勒镇)
  • Сарытоғай ауылы (سارىتوعاي اۋىلى)(萨尔托海乡)
  • Шағанғол ауылы (شاعانعول اۋىلى)(查干郭勒乡)
  • Ағашоба ауылы (اعاشوبا اۋىلى)(阿尕什敖包乡)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 青河县-行政区划网 www.xzqh.org
  1. Шіңгіл ауданының тарихи материалдары 2 кітап. 2009
  2. Шіңгіл ауданының қисса- дастандар жинағы. 1991