Мазмұнға өту

Шыңғыс мұнай кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шыңғыс мұнай кен орны — Орталық Каспий маңы мұнайлы-газды аймағындағы мұнай кен орны. Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласының оңтүстік-шығысында 270 км жерде орналасқан. 1996 жыл ашылған.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрылым тұз күмбезінің батысындағы жайпақ беткейінде, оның екінші тікшіл кемерінің аумағындағы тұз деңесі үстінен орын алған. Жайпақ батыс беткей құрылымының басты элементтері - амплитудасы ондаған метрлерді қамтитын, тұзды қабырғалар немесе тұз кемерлері. Тұз үстіндегі кешен бойынша бұларға тұтқышын қалыптастырушы доға тәрізді тектоникалық жарылымдар сәйкес келеді. Қойнауқаттық дөңесті жатын созылымы бойынша тұзға түйіскен және тектоникалық жарылымдармен шектелген. Өнімді шөгінділер 1706 м тереңдікте аршылған.

Жатыс сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жатынның су-мұнай жапсары -1625 м белгіде. Жатынның анықталған биіктігі 25 м, ал -1200 м-лік белгідегі дөңінің орналасуын есепке алғанда 400 м-ден астам. Жатын тұтқышының өлшемі 6x2,5 км. 1300-1740 м тереңдіктер аралығындағы төменгі триастың ұсақ түйірлі полимикті құмтастары мен алевролиттері жинауыштар болып табылады. Кеуекті типті жинауыштардың орташа кеуектілігі 23%, өтімділігі 1000 фм2-қа дейін жетеді. Қалыңдығы 10 м-ден астам тығыз саз будасы жапқыш қызметін атқарады. Мұнайлы белдемдегі тиімді мұнайға қаныққан қалыңдық 15 м, орташа тиімді қалыңдық 8 м-ге жетеді. 6 мм-лік штуцерде мұнайдың бастапқы шығымы 28 м3/тәу.

Мұнайдың тығыздығы 816 кг/м3, аз күкіртті (0,26%), аз шайырлы (2,4%), парафинді (5,1%). Мұнымен қатар, негізгі жатынның батысында 5 км жерде орналасқан тұз күмбезінің дөңіне таяу бөлігіндегі 8-ұңғыманы сынағанда 1969 жылы өлшемдері шектеулі тагы бір мұнай жатыны анықталды. Қойнауқаттық типтегі жатын тұзга түйісу арқылы қалқаланған және созылымы бойынша жинауыштардың алмасуымен сапатталады. 780-820 м тереңдіктер аралығындағы төменгі триастың құмтастары жинауыштар болып табылады. Мұнайға қаныққан қалыңдығы 6,6 м. Жатынның өлшемдері 0,5x0,5 км. Су-мұнай жапсары -682 м-лік белгіде. 3 мм-лік штуцердегі мұнай шығымы үзіліспен 6 м3/тәулікке жетті. Мұнайдың тығыздығы 855-873 кг/м3, аз күкіртті (0,15-0,26%), парафинді (2,2%), шайырлы (12%). Табанасты сулары минералдылығы 300 г/л-те дейін жететін хлорид-кальцийлі типті тұздықтар, 250 м-лік орта динамикалық деңгейдегі шығымы 55 м3/тәу. Кен орнының табиғи режимі суарынды. Кен орны барлануда.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1