Мазмұнға өту

Шығыс Сібір теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шығыс Сібір теңізі
Сипаттамасы
Ауданы944 600 км²
Көлемі60 700 км³
Тереңдігі915 м
Орташа тереңдігі66 м
Орналасуы
72° с. е. 164° ш. б. / 72° с. е. 164° ш. б. / 72; 164 (G) (O) (Я)Координаттар: 72° с. е. 164° ш. б. / 72° с. е. 164° ш. б. / 72; 164 (G) (O) (Я)
Шығыс Сібір теңізі (Ресей)
Шығыс Сібір теңізі
Шығыс Сібір теңізі Ортаққорда

Шығыс Сібір теңізіСолтүстік Мұзды мұхиттың Азия жағалауындағы шеткі айдыны. Жаңа Сібір аралы мен Врангель аралының аралығында. Батысында Лаптевтер теңізімен, Д.Лаптев, Этерикан, Санников бұғаздарымен, шығысында Чукча теңізімен, Лонг бұғазы және Врангель аралынан солтүстіктегі өңірмен жалғасады.

  • Ауданы 913 мың км2
  • суының көлемі 42 мың км3
  • Орташа тереңдегі 45 м
  • ең терең жері 915 м

Жағалауы аз тілімделген. Шығанақтары:

Теңізде бірнеше аралдар тобы орналасқан (Аюлы, Айон және Шалауров аралдары). Кейбір аралдардың дені қазынды мұз және құмнан тұруына байланысты шайылуға тез ұшырайды.

Шығыс Сібір теңізіне құятын өзендері:

  • Колыма
  • Алазея
  • Индигирка
  • Хрома

Теңіз жағалауының батыс бөлігі (Жаңа Сібір аралдарынан Колыма өзеніне дейін) ойпаңды, шығысы (Колыма өзенінен Лонг бұғазына дейін) таулы келеді. Шығыс Сібір теңізі қайраң үстінде орналасқан. Теңіз түбінің 72%-ы 50 мекеттілік тереңдіктен аспайды, солтүстік-шығыс шағын бөлігінде ғана 150 м-ге дейін барады. Ең үлкен тереңдік – 915 м, құрлықтық беткейге сәйкес келеді.

  • Климаты арктикалық.
  • Температурасы
    • жазда 0 – 4°С
    • қыста –28 – 30°С
    • Суының температурасы өзен атырауларында 4 – 8°С
    • Ашық теңіз 0 және –1°С
    • Қыста мұз астындағы су тұздылығына байланысты –1,2 – 1,8°С,
    • тереңіректе –1,5°С.
  • Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 – 200 мыс.
  • Тұздығы 5 – 30‰.

Толысуы жарты тәуліктік, деңгейінің ауытқу амплитудасы 5 – 7 см-ден 25 см-ге дейін. Жел әсерінен қалыптасатын толқулар кейбір аудандарда 2 м-ден асады. Қыста теңіз беті түгелімен мұз құрсанады. Жазда бат. жағалауының бірнеше ондаған км-ден бірнеше жүздеген км-ге дейінгі мұзы кетеді, ал шығыс бөлігіндегі қалқыма мұздар негізінен жағалауда жаз бойы сақталып, тек қолайлы жағдайда ғана солтке шамалы жылжиды. Жағалық аудандарда бағалы балықтар (муксун, чир, омуль) кездеседі. Сүт қоректілерден итбалық, морж, мұз үстінде ақ аю тіршілік етеді. Шығыс Сібір теңізі – Солтүстік теңіз жолының маңызды бөлігі. Басты порттары: Певек (Чаун кірмесі), Амбарчик (Колыма атырауында). 1648 ж. С.Дежнев, Ф.Попов, т.б. Колыма өзенінен шығысқа Беринг бұғазына және Андырь өзеніне дейін зерттеген. 18 ғасырда тұңғыш рет Шығыс Сібір теңізі нің жағалауы және аралдары жазбаша сипатталып, картасы құрастырылды.