Мазмұнға өту

Шон Паркер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шон Паркер
Шон Паркер
Туған күні

14 қаңтар 1982 (1982-01-14) (42 жас)

Туған жері

Вирджиния[1]

Азаматтығы

 АҚШ

Қызметі

Кәсіпкер

Шон Паркер (14 қаңтар 1982 ж.) - интернет-кәсіпкер, Plaxo, Facebook[2], Napster-дің негізін қалаушылардың бірі ретінде әлемге танымал. Өзінің 2.1 млрд. доллар капиталы арқасында, 2012 жылдың наурыз айында Forbes журналында 215-орын алды.

Шонға әкесі 7 жасында программалауды үйретті. 16 жасында оны хакинг үшін соттады. 1999 жылы Шон алғаш рет өзінің Napster деген сайтының арқасында әлемге танылды. Napster дегеніміз өлең алмасуға арналған сервис. Бұл сервис бүкіл музыкалық индустрияны төңкерді. 24 жасында ол Пало-Альтода Марк Цукербергпен кездеседі және Facebook-тың ең алғашқы президенті болады. 2005 жылы Шон кокаинді сақтаған деп айыпталып Facebook-тағы жұмысынан айырылады.

Алған білімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шон Октондағы орта мектепте білім алған. Мектептегі соңғы жылдарды Шон жылына 80 000 доллардан астам пайда таба бастайды, кейін ол колледжді тастап кәсіпкерлікпен айналыса бастайды.

Facebook-тағы жұмысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марк Цукербергпен кездесуден кейін Facebook қарқынды жұмыс істей бастайды. Шон компанияның президенті болып инвесторлар жинай бастайды: Ритер Тиль ең алғашқы инвестор болып саналады. Шонға кокаинді сақтағаны үшін деген айып жабылған соң, ол компаниядан кетеді.

Шон Паркерді "Әлеуметтік желі" фильмінде Джастин Тимберлейк ойнаған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Schuster, Dana. The Adventures of NYC's Billionaire Playboy. New York Post.
  2. Vascellaro, Jessica E.. Firm Lets Others Choose Start-Ups, Wall Street Journal (16 сәуір 2009). Тексерілді 30 қаңтардың 2011.