Мазмұнға өту

Чуй Юанды

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Қияқ күріш» мерекесі – ақынға арналған мереке.

[1]

Мамырда өтетін бұл мереке ұлы ақын Чуй Юанды еске түсіру үшін белгіленген. Чуй Юан (шамамен б.з.д 340 жылдан 278 жылдарға дейін) – «Белдескен бектіктер» дәуірінде өмір сүрген Чу бекінісінің (қазіргі Хуби, Хунан провинциялары) отаншыл Абызы. Елдегі таралған өсекке сеніп, өзіне жасалған қастандық ісіне ашынған ол арқасына тас байлап, Боло дариясына батып қайтыс болады. Қара халық бұл хабарды естіген соң, жапа-тармағай қайықпен оның сүйегін іздейді. Оның етін балық жеп кетпесін деп суға бамбукке салынған күріш тастайды. Чуй Юанның мүрдесі суға кетеді. Оның жайсаң мінезі ел арасында әліге дейін сақталып келген. Бүкіл ұлт жыл сайын оның өлімін (өзенге өзін тастаған күні – ескіше күнтізбе бойынша 5 мамыр) аза тұтады. Сонымен айдаһар қайық есу, қияқ күріш түю, ермен қадау мәңгілік ғұрыптық әдетке айналған.

(Қытай тілінен аударылған)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. www.baidu.com