Червонное
Ауыл | |
Червонное | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты |
1914 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
1111 адам (2009) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
15 |
Червонное шекарасы
|
Червонное — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты ауыл, Червонный ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы – Новоишим ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағалауындағы кішкене көлдің жағасында орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1302 адам (636 ер адам және 666 әйел адам) болса, 2009 жылы 1111 адамды (538 ер адам және 573 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1914 жылы қаланған. 1930 жылдың бас кезінде - ұжымшар орталығы, 1946-97 жылдары - тұқымдық ірі қара мал өсіретін кеңшардың орталығы болды. 1997 жылы кеңшар негізінде "Червонное" ЖШС құрылды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
|