Хорезм Халық Кеңес Республикасы
Хорезм Халық Кеңес Республикасы өзб. خوارزم خلق شورالر جمهوریتی خارەزم خەلق شورالەر جۇمھۇرییەتى Xorazm xalq sho‘ro jumhuriyati Кеңестік республика | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Астанасы | Хиуа | ||||||||
Ірі қалалары | Үргеніш, Хиуа, Ташауыз, Көнеүргеніш, Төрткөл, Нүкіс, Қожалы | ||||||||
Тіл(дер)і | өзбекше, орысша | ||||||||
Діні | Зайырлы мемлекет Негізгі діні — ислам | ||||||||
Ақша бірлігі | Хорезм рублі Хорезм таңғасы РКФСР рублі | ||||||||
Аумағы | 62 200 | ||||||||
Халқы | 800 мыңнан астам адам Көбіне өзбектер, қарақалпақтар, түрікмендер, қазақтар, орыстар, ирандықтар және т.б. | ||||||||
Басқару формасы | Социалистік кеңес республикасы | ||||||||
Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы, қысқаша Хорезм ХСР немесе ХХСР – Орта Азияда орналасқан Кеңестік республика. Антифеодалдық халықтық-демократиялық революцияның жеңісі нәтижесінде 1920 жылы ақпанда Хиуа хандығы территориясында құрылды. Астанасы – Хиуа қаласы.
Мемлекет болып қалыптасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халық өкілдері Кеңестерінің 1920 жылдың 26 сәуірінде Бүкіл хиуалық 1-съезде Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы құрылғанын жариялады, ал 30 сәуірде республиканың алғашқы конституциясы қабылданды. Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы пролетариалистік диктатурасы мемлекеті емес, шаруа-кеңес республикасы болды. Оның әлеуметтік негізі еңбекші шаруалардан тұрды. Ол өзінің жоғарғы үкімет органы, заңы, сот жүйесі, әскері, елтаңбасы мен жалауы бар тәуелсіз суверенді мемлекет болды. Еңбек және Қызыл Ту ордені белгіленді.
Саясаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы елдегі феодалдық-патриархалдық қатынасты жоюға, сөйтіп социалистік құрылысқа өту үшін саяси және экономикалық жағдай жасауға күш салды. Кеңес үкіметін нығайту процесі байлардың, феодалдардың, дін иелерінің қарсылығы жағдайында жүргізді. РКФСР-дің көмегіне сүйенген Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы ірі жер иеленушілікті жойып, өнеркәсіпті өркендетті. Қоғамдық ұйымдар (комсомол, кәсіподақ, кооперация, қосшы одағы) нығайды. 1922 жылдың басында Хорезм коммунистік партиясы РК(б)П құрамына алынды. 1923 жылы Орта Азияның үш республикасын – Түркіменстанды, Бұхарды және Хорезмді экономикалық жағынан біріктіріп, Орта Азиялық экономикалық кеңес құрудың зор маңызы болды. Кеңестердің Бүкіл хорезмдік 1923 жылдың 17 желтоқсан – 20 желтоқсан аралығында өткен 4-құрылтайы Хорезмді социалистік республика етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдады. Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы 3 автономиялық облысқа – Өзбек, Түрікмен, Қырғыз-қарақалпақ – бөлінді.
Құлдырауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік жағынан межеленіп бөлінуі барысында хорезм халқы жаңадан ұйымдасқан Өзбек КСР-нің, Түрікмен КСР-нің және Қарақалпақ АО-ның құрамына енді де, Хорезм Халықтық Кеңес Республикасы тарап кетті.[1][2]