Фёдор Кузьмич Сероштан
Көрініс
Фёдор Кузьмич Сероштан | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Қазақстан, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Кербұлақ ауданы, Холмогоровка (қазіргі Шаған) ауылы |
Қызметі |
ауыл шаруашылығының озаты |
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Фёдор Кузьмич Сероштан[1] - Социалистік Еңбек Ері (1948), ауыл шаруашылығының озаты. 17 қараша 1901 жылы Ресейдің Ставпроль өлкесі, бұрынғы Александровский ауданы, Сұлтан селосында туған.
Еңбек жолдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1925-1931 жылдары - еңбекшілер депутаттары ауылдық Советі атқару комитетінің, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Холмогоровка (қазіргі Шаған) ауылында құрылған кредит серіктігінің председателі.
- 1931-1953 жылдары - Ленин атындағы колхоздың председателі. Ол басқарған колхоз 1947 жылы 3000 га егістіктің әр гектарынан орта есеппен 14 ц-ден, ал мұның 70 га-сының әр гектарынан 37,4 ц-ден астық жинаған.
- 1-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің дептутаты болды.
Наградалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ленин ордені
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- Социалистік Еңбек Ері (1948)
- Меладьдар
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.