Филипп Лам
Филипп Лам | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лақап аттары |
Лами, The Magic Dwarf, Wireless Lahm | ||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
170 см | ||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
65 кг | ||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | ||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Филипп Лам (нем. Philipp Lahm; 1983 жылы 11 қараша күні Мюнхен қаласында туған) — германиялық футболшы, жартылай қорғаушы, 2014 жылғы әлем чемпионы.
Баскетбол мен футбол арасындағы таңдау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бала кезінде кішкентай Филипп атақты Майкл Джорданға еліктеп, баскетболмен белсенді айналысқан. Бірақ, Ламның шешуші таңдауы футбол болды. Кішкентай кезінен мюнхендік «Баварияға» жанкүйер болып, көп кешікпей ол «Олимпиаштадионға» клубтың мүшесі ретінде бару мүмкіндігіне ие болады. Бір күні мектеп турнирлерінің бірінде Ламды «Бавария» скауттары байқап қояды. Осылайша, Филипп әйгілі клуб академиясына түседі. Одан соң ол мюнхендіктердің қосалқы командасында өнер көрсетіп, онда жалпы саны 34 ойын өткізеді.
«Бавария» мен «Штутгарт» арасында
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2002 жылы қарашада Лам «Баварияның» негізгі командасында тұңғыш рет алаңға шығады. Бұл оқиға мюнхендіктердің Чемпиондар Лигасындағы француздық «Ланспен» ойнына сәйкес келеді. Алайда, оған ол кезде бас командадан орын таба алу қиынның-қиыны болатын. Ламға Әлем және Еуропа чемпионы Биксант Лизаразю мен Германия құрамасы ойыншысы Тобиас Рау тікелей бәсекелес болып табылды. Әлбетте, жас футболшы үшін қосалқы құрамда қала беру - өз деңгейін әрі қарай дамуына бөгет болуын білдіреді. «Баварияның» қосалқы командасының жаттықтырушысы Херманн Герланд өзінің ескі досы Феликс Магатқа телефон шалып, жас талант Филипптің қабілеттері туралы әңгімелеп береді. Биыл «Вольфсбургті» чемпиондық атақ��а жеткізген, ал ол кезде «Штутгартты» басқарған Магат көп ойланбастан Ламды өз командасына алу туралы шешім қабылдайды. 2003/04 және 2004/05 маусымдар бойы Лам «Штутгартпен» жалға алынады. Жаңа клубта Филипп жаңа позицияда ойнауды меңгереді: сол жақ қорғаушы ретінде ол негізгі құрамнан берік орын алады. Жас қорғаушы өте сауатты, тұрақты өнерімен өзінің футболшылық мансабының жаңа, биік сатысына көтеріледі. Ал, «Штутгарт» қорғанысы Германиядағы үздіктердің біріне айналады.
«Баварияға» оралу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бір жылдан соң қорғаушы енді Магат баптаған «Баварияға» қайтып келеді. Футбол ойнауды аяқтаған Лизаразю өз орнын Ламға тапсырады. Туған «Бавариясындағы» негізгі құрам ойыншысы ретінде тұңғыш маусымында Филипп Бундеслига чемпионы атанады.
Германия құрамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2004 жылы 14 ақпанда Лам Германияның бас командасы жейдесінде тұңғыш ойын өткізеді. Бұл Хорватияға қарсы 2:1 есебімен немістердің пайдасына аяқталған жолдастық кездесу еді. Жазда Руди Феллер командасын аса сәтсіз аяқталған Еуро-2004 турниріндегі өкініш күткен еді. Бірақ, Португалияда немістер құрамасының болашақ тірегі болар ойыншылар көріне бастады. Олардың қатарында Лам да болды. Германия жарыстан шыға салысымен, ғасырлар тоғысы кезеңінде «сынып тұрған» «неміс машинасын» «жөндеген» Феллер де өз орнын босатты.2006 жылғы Әлем чемпионатында Юрген Клинсманн командасы мундиаль барысында жарқын әрі сауатты ойын өрнектерін көрсетіп, Ламның құрамадағы ролі ерекше екендігі таныла бастады. Ашылу матчында Коста-Рикаға өте әдемі соққысымен чемпионаттағы алғашқы допты енгізген немістердің сол жақ қорғаушысы атанды. Германия үшін арман болған алтын медальдарға қол жеткізе алмаған, «неміс машинасы» өз жерінде қоладан құйылған медальдарды қанағат тұтты. Ал, былтыр аяқталған Еуро-2008 додасында «бундестим» тағы да сол Ламның тікелей көмегі арқалы жартылай финалда Түркиядан айласын асырып, ақтық ойынға жолдама алды. Бірақ, финалдық кездесуде Венадағы «Эрнст Хаппель» стадионында Германия футболшылары құны жағынан екінші металдан жасалған медальдарын мойындарына асты. Бірақ, сол қанат қорғаушысы Филипп Ламсыз елестетуге қиын Германия құрамасы үміт үзбейді. Йоахим Лев штабы алтын медальдар үшін келесі жорық жоспарын әзірлеуде. Немістердің «соққысы» 2010 жылы жазда Оңтүстік Африкаға қарай бағытталып, «неміс машинасы» қайтадан қола медаль иеленді.