Уильям Коббет
Көрініс
Уильям Коббет (Сщииуе) (09.03.1762, Фарнем, Суррей - 18.06.1835, Гилдфорд маңы) - ағылшын публицисі әрі тарихшы.
Ұсақ фермердің баласы. 1794 жылдан АҚШ-та эмиграцияда жүріп, өзінің публицистикалық қызметін Ұлы француз революциясы идеяларына шабуыл жасаудан бастады. 1800 жылы еліне келіп, 1802 жылдан "Политикал реджистер" апталығын шығарумен айналысты. Англияның әлеуметтік және саяси ситемасын сынады: мұнысы үшін әлденеше рет жазаланды. 1832 жылы парламентке сайланды. "Протестантық реформация тарихы" деген негізгі тарихи еңбегінде капитализм дамыған сайын бұқараның жағдайы нашарлай беретінін атап көрсетті. Бірақ ұсынған программасы ұсақ буржуазиялық сипатта болды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 483 бет