Уикипедия талқылауы:Бітікшілер
Бұл Уикипедия:Бітікшілер бетін жақсартуды талқылау үшін қолданылатын талқылау беті. | |||
---|---|---|---|
Жаңа тақырып қосу үшін төмендегі жолаққа талқылау тақырыбын енгізіп, жаңа тақырып бастау батырмасын басыңыз:
|
Уикипедиядағы Бітікші - жобаның техникалық қызмет көрсету құралдарына тиісінше мұрсаты бар қатысушы. Ол мұрсаттарға:
- қатысушыларға «бітікші» мәртебесін беру (оны бітікші ала алмайды);
- қатысушыларға «Админдер», «бот» және тексеруші дәрежелерін беру және қайтып алу [1];
- тіркелгі жазбаларын қайта атау және кейбір жағдайларда тіркелгі жазбаларын озбырлықпен басып алу жатады.
Бітікшілер өзінің қызметін атқару үшін бірінші кезекте ережелер мен қауымдастық келісімдеріне арқа сүйеуге тиісті. Админдер немесе бітікші дәрежесін беру үшін админ дәрежесін алуға өтініш білдіру бетіндегі дауыс беру арқылы білдірілген қауымдастық консенсусы қажет етіледі. Бірақ, кейбір дауыс саны тең болған жағдайларда бітікшілер бұл дәрежені беру немесе бермеу жолын өзінің тыңғылықты ойластырылған дәйекті пікірлерімен шешеді.
Қатысушыдан бот дәрежесін алуға үміткер бот дәрежесін алу үшін өтініш беруі және дәреже беру үшін қауымдастық келісімін алуы керек. Бот дәрежесін алып тастау үшін боттың дәлелді себебі немесе өтініші керек. Қатысушының атауын өзгерту үшін оның келісімі керек.
Бітікшілерге жоғарыда аталған техникалық мұрсаттардан өзге қосымша техникалық мұрсаттарға жатпайтын келесі тапсырмаларды орындау жауапкершілігі жүктеледі:
- төрешілер комитетін сайлау ережесіне сәйкес төрешілер сайлауының өткізілуін қадағалайды;
- шешімі түйінді жағдайларда админ немесе бітікші дәрежесін тілеу туралы өтінім нәтижесі бойынша шешім қабылдайды.
Ережелерді тұрақты түрде қабылдау бітікшілердің міндетіне жатпайды.
Бітікшілікке кімдер үміткер бола алады
[қайнарын өңдеу]Уикипедия бітікшілігіне үміткер ретінде мына төмендегі талаптарға сай келетін қатысушылар ұсыныла алады:
- Уикипедияның қазақ бөлімінде тіркелгеніне кемінде 2 жыл болуы;
- кемінде 2000 өңдеме жасауы;
- ұсынылғанға дейін админ немесе төреші міндетін кемінде жарты жыл атқарған болуы;
- Қазақша Уикипедия бөлімінде соңғы бір жыл ішінде 3 айдан ұзақ белсенді болмай қалуы кездеспеуі;
- үміткерлікке ұсынылғанға дейін кемінде соңғы алты ай ішінде төрешілер комитеті тарапынан үміткерге қарсы талаптардың қаралуы нәтижесі бойынша ескертулердің болмауы.
Жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерді Уикипедияның ағымдағы бітікшілерінің бірі дауыс беруден алып тастайды.
- Дауыс берушіге қойылатын талап:
- Уикипедияда тіркелген уақыты кем дегенде 2 ай
- Өңдеулер саны кем дегенде 100
- Дауыс санына тиісті талаптар:
- Қолдаушы дауыстың жалпы үлесі кем дегенде 75%
- Дауыс саны кем дегенде 15 дауыс
Дауыс беру
[қайнарын өңдеу]Қолдаймын
[қайнарын өңдеу]- Қолдаймын --Kaiyr (талқылауы) 18:40, 2014 ж. мамырдың 9 (ALMT)
- Қолдаймын --АrysTanbek 18:51, 2014 ж. мамырдың 9 (ALMT)
- Қолдаймын --Нұрлан Рахымжанов 09:08, 2014 ж. мамырдың 10 (ALMT)
- Қолдаймын -- Kasymov Т 21:42, 2014 ж. мамырдың 11 (ALMT)
- Қолдаймын--Batyrbek (талқылауы) 14:28, 2014 ж. мамырдың 13 (ALMT)
- Қолдаймын -- Daniyar@ 10:17, 2014 ж. маусымның 20 (ALMT)
Қарсымын
[қайнарын өңдеу]Басқа пікірлер
[қайнарын өңдеу]- Ережелерді ұсынушы ретінде дауыс беруге құқым бар ма?--Нұрлан Рахымжанов 23:45, 2014 ж. мамырдың 9 (ALMT)
Қорытынды
[қайнарын өңдеу]Тағы қараңыз
[қайнарын өңдеу]Түсініктеме
[қайнарын өңдеу]- ↑ Нақты уақытта «тексеруші» дәрежесін беру және қайтып алу ол жөніндегі ереженің қауымдастық тарапынан қабылданбауына байланысты қолданылмай тұр
Бітікшіні дәрежесінен айыру
[қайнарын өңдеу]Бітікші өзінің атқарып отырған қызметіне сай міндеттерін толық атқармай, бітікші ретінде бірде-бір әрекет етпегеніне 3 айдан асса, төрешілер комитетінің оның бітікші дәрежесін алу туралы мәселені дауысқа қоюға құқы бар [1]. Дауысқа қою алдында 5 күн талқыға салу жүргізілуі керек. Талқыға салуға Қазақша Уикипедияда соңғы екі ай ішінде белсенділік танытып отырған, жалпы өңдемелер саны 200-ден асқан қатысушылар қатыса алады. Талқылау мерзімі аяқталғаннан соң төрешілер арасындағы талқылауға орын беріледі, оған тағы 5 күн мерзім беріледі. Осы екі кезең аяқталғаннан соң төрешілер дауыс беруге көшеді, ол да 5 күнге созылуы тиіс. Дауыс берушілердің (төрешілердің) басым көпшілік (2/3) дауысымен шешім қабылданады. Бітікші дәрежесін алу туралы шешім қабылданып бекітілсе, онда бітікші дәрежесін алу туралы ғаламдық стюардтарға жолданады. Бітікші дәрежесі алынғаннан қатысушы - админ дәрежесінде қала береді.Нұрлан Рахымжанов 23:51, 2014 ж. мамырдың 9(ALMT)
- Бітікші дәрежесінен айыру админ дәрежесінен айырумен бірдей болғаны жөн деп ойлаймын. Бітікші ретінде жұмыс админ ретіндегіге қарағанда аз болады. Бір рет ескерту жасау керек. Болмаса дауысқа салу керек.--Kaiyr (талқылауы) 01:37, 2014 ж. мамырдың 10 (ALMT)
- Бітікшінің дәрежесі негізінен жоғары. Ол админ сайлауын және төрешілер сайлауын қадағалайды. Тиісінше сол шешімдер бойынша админ және төреші дәрежесін, бот дәрежесін береді, сонымен қатар олардан да айыру шараларын жүзеге асырады. Ендеше админден гөрі күрделі болғаны дұрыс деп ойлаймын.--Нұрлан Рахымжанов 09:04, 2014 ж. мамырдың 10 (ALMT)
Ескерту
[қайнарын өңдеу]- ↑ Бірақ, бұл мәселе жаңа төрешілер комитетін сайлау науқанымен тұспа-тұс келмеуі тиіс
Question
[қайнарын өңдеу]Sälem, Qazaqşa Wïkïpedïya. I am from Azerbaijani Wikipedia. I was searching "Bureaucrats" in other wikipedias and found that you use different word for this status. I couldn't translate this word to Azerbaijani or English. Can you help me to translate this word to English? Thank you in advance. Eminn (талқылау) 22:46, 2023 ж. қазанның 15 (+06)