Мазмұнға өту

Уикипедия:Форум/Администраторлар форумы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Беттің басына бару
Беттің сақталған уақыты 2024-12-26
Өтініш, жаңа тақырыпты беттің астынан бастаңыз.


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Administrators' noticeboard

Мақала қабылдау

[қайнарын өңдеу]

Админ мырзалар, менің жаңа мақаламды қабылдай аласыздар ма? қатысушы беті Kazakhstan Ramazan Zinatdin Counter Strike Source Kazakhstan Ramazan Zinatdin (талқылауы) 17:52, 2019 ж. ақпанның 12 (+06)[жауап беру]

Жана макаланы озiнiз де сактай аласыз А айтпакшы атыныз куштi ekeн 89.42.61.33 21:59, 2019 ж. наурыздың 11 (+06)[жауап беру]

Ел, қала жер су аттары

[қайнарын өңдеу]

Осы бізде басқа тілдегі қала, ел жер су аттары қаншалықты дұрыс аталған? Мен елдер мақаласына қатысты мемлекет, нав. үлгілерін қойып, мәліметтерді жаңартайын деп жатырмын. Сондықтан Африкадан бастағанмын, {{Африка елдері}} үлгісінде: Гвинея-Бисау→Гвинея-Биссау, Сьерра-Леоне→Сиерра-Леоне деп өзгертілген. Сол сияқты Еуропа, Америка елдерінде сондай нәрселер бар. Соған жауап жазсаңыздар (тек ресми дереккөздер болсын). @Нұрлан Рахымжанов:, @Arystanbek:, @Kaiyr:, @Ulan:, @Qarakesek:, @Daniyar:, @Мұхамеджан Амангелді:, @AlibekKS:, @GanS NIS:, @Салиха:, @Batyrbek.kz: --Kasymov Т 16:56, 2019 ж. наурыздың 18 (+06)[жауап беру]

Қаншалықты дұрыс аталған деген сұрақты қай тілге негіздеп алған деген дұрыс. Бізде көбі орыс тілінен негіздеп немесе тікелей көшіріп алған. Кейбір уикипедияшылар ағылшын тіліне негіздегісі келгенін байқауға болады, мысалы Тайуан деген сияқты. Кім болашағын қай тілмен байланыстырғысы келеді, соған қарай өзгерте беру керек. Қазір ғылым білім тілі ағылшын тілі интернеттегі пайдалы ақпараттың 70 %-нан астамы ағылшын тілінде екен, ал орыс тілі Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты болған тіл. Сондықтан анау дұрыс мынау мүлдем қате деуге келмейді. Болашақта біраз нәрсе өзгереді. Сол кезде нақты шешім шығару керек. --Аrysтanbek (талқылауы) 19:54, 2019 ж. наурыздың 18 (+06)[жауап беру]

негізі ресмиде нақты бір шешімге тоқтамаған сияқты, бұрын Катар деп жүруші еді мына Қайырдың сілтемесінде Қатар деп жүр. Грекия дұрыс бірақ орысша нұсқасы Греция деп тұр. Түркия Түрция деген сияқты. Бір ізділік жоқ. --Аrysтanbek (талқылауы) 21:17, 2019 ж. наурыздың 20 (+06)[жауап беру]

Мен қарсы емеспін. Басқаларға қарайламай жасай бер. Мен бұл мәселеде бейтарап болып қала берем. Басқалардың дауысын күтіп жасайтын ісіңе шектеу қойма. --Аrysтanbek (талқылауы) 20:54, 2019 ж. наурыздың 25 (+06)[жауап беру]

Айдын, өз уағында асыра қазақыландыру кезінде болған дүние ғой. Сіздікі дұрыс. --Нұрлан Рахымжанов 21:20, 2019 ж. сәуірдің 18 (+06)[жауап беру]
@Нұрлан Рахымжанов: асығып шешіп қабылдап қойдыңыздар-ау. Заман өте тез өзгеріп жатыр. Ағылшын тілін әлемнің көп бөлігі құрайтын Қытай мен Үндістан елдері үйретуге қатты көңіл бөліп жатыр. Испан тілінде сөйлейді деген Латын Америкасы елдері жаппай ағылшын тілін үйреніп жатыр. Еуропарламент ағылшын тілінде сөйлейді. Орыс жастары да ағылшынға қатты көңіл бөліп жатыр. Тек орысша деп тек орыстың тоңмайын шалдары мен кемпірлері ғана. YouTube арнасын ағылшын тілінде жүргізетін орыс жігіттерін білемін. Ағылшынша өте әдемі сөйлейді. Үндістандықтар сияқты балдырлап қанды ішпейді )))). Себебі ағылшын тілінде ақпаратқа сұраныстың күн санап артып бара жатқанын біледі. Орыстың шеңгелінен шыға алмай жатқан екі ақ мемлекет бар: Белоруссия мен Қазақстан. Болашақта ол да өзгереді. Мен Малайзиялық компаниядан програм сатып алдым. Мен қай тілде сөйлесті деп ойлайсыздар? Әрине ағылшын тілінде. --Аrysтanbek (талқылауы) 07:10, 2019 ж. сәуірдің 27 (+06)[жауап беру]

Әлем халқының тағы көп бөлігін құрайтын Араб әлемі де бізбен салыстырғанда көп үлесі ағылшын тілін біледі. --Аrysтanbek (талқылауы) 07:18, 2019 ж. сәуірдің 27 (+06)[жауап беру]

Міне, сол кезде ағылшын тіліне бейімделер. Кеңестік заман көзін көрген буын ауысқанда барып, қоғам қабылдайды. Уақыт керек. Орысқа жабысып қалған ештеңе де жоқ, тек уақыт керек. --Нұрлан Рахымжанов 08:49, 2019 ж. сәуірдің 27 (+06)[жауап беру]
Негізі мен ағылшын тіліне қарсы болып жатқан жоқпын. Ағылшын тілі халықаралық бірінші тіл екен деп, қазақ тілінің келе жатқан заңдылықтарын бұзбайтын шығармыз) Байқағаным бұрынғы админдер екен ғой: ДЖ → Ж, ь жоқ қылып қысқасы ыңғайына келгенін істеп. Айтпақшы кісі есімдерін де сондай бар екен --Kasymov Т 16:00, 2019 ж. сәуірдің 29 (+06)[жауап беру]

Ол ешқандай қазақ тілінің заңдылығы емес, орыстардың өмірлерін қиындата түсу үшін ойлап тапқан дүниелері. Жорж деген дұрыс менежмент, маркетиң деген дұрыс. Бұныңғыдай қауымдастықпен басым пісіспейтін сияқты ма қалай кетті? . Сияқты дегенді де менің миым қабылдамайтын сиақты. Қайитадан өз жөніме кетем-ау . --Аrysтanbek (талқылауы) 06:26, 2019 ж. сәуірдің 30 (+06)[жауап беру]

Ұлы Отан соғысы

[қайнарын өңдеу]

Ұлы Отан соғысының қатысушылары деген санатқа санаттап отырып ойланамын. Қазір, Ұлы Отан соғысы дегенді кейінгі тарихшылар көп қолдана бермейді. Көбінесе, екінші дүниежүзілік соғыс деп жазады. Ұлы Отан соғысының қатысушылар санатын жойып, барлығын Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары санатына көшірсем қайтеді. --Нұрлан Рахымжанов 19:40, 2019 ж. мамырдың 8 (+06)[жауап беру]

Кезінде осыған қатысты талқылау болыпты. Ulan талқылауында ма бір жерде болған. Ол кезде белсенді болған кезде Ұлы Отан соғысына біздің аталарымыз қатысқан бір бәле бір бәле деп қарсы шыққан. --Аrysтanbek (талқылауы) 11:19, 2019 ж. мамырдың 9 (+06)[жауап беру]
Сілтемесі бар ма екен? Шамасы, сол қарсылардың қатарында болған болуым керек бір заманда. Санада мың құбылыс болып, ептеп ақиқатқа тақанып келеміз ғой деймін. --Нұрлан Рахымжанов 13:05, 2019 ж. мамырдың 9 (+06)[жауап беру]

Осында және тағы бір жерде болған сияқты еді. --Аrysтanbek (талқылауы) 14:04, 2019 ж. мамырдың 9 (+06)[жауап беру]

Меніңше Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып қала берсін. Олай патриоттанып тарихты өзгертуге болмайды. Енді КСРО-да солай аталды, сондықтан тиіспеген дұрыс. Айтпақшы Арыстанбек мырза туған күні санатын түзетіп берсеңіз жақсы болар еді --Kasymov Т 23:32, 2019 ж. мамырдың 10 (+06)[жауап беру]
@Kasymov: уақыт бәрін өзгертеді. Қазір өзгерпегенмен бірнеше бесжылдан кейін өзгереді. Біздің тарихты да бұрмалаған. Ұлы отан деген қазір жоқ, ол құлаған, күн батпайды деген британ империясы да құлаған, соғыстың да ұлысы болмайды. Біраз жылдан кейін ол соғысты атап өтудің де қажеті қалмайды. Сол соғыстан бұрын да талай соғыс өткен оларды атап өтпек түгілі солардың ізі де қалды ма? --Аrysтanbek (талқылауы) 08:06, 2019 ж. мамырдың 11 (+06)[жауап беру]

Біле білсең Мұстафа Шоқай бастаған аталарымыз Германиямен бірігіп КСРО-ны құлатпақ болған. Олар келіскен. Миғұла Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова сияқытылар империя үшін жанын беруге дайын болған. КСРО жаңғыз өзі шамасы жетпес еді егер Америка, Британия бәрі бірікпегенде. КСРО дан көп адам өліпті ал Германиядан әскерден де халықтан да аз адам өлген екен. Сонда кім жеңді? --Аrysтanbek (талқылауы) 08:30, 2019 ж. мамырдың 11 (+06)[жауап беру]

Бүкіл Қазақ Елі құрмет тұтқан аталарымыз бен апаларымызды "миғұла" деуәіәзге жол болсын? --Нұрлан Рахымжанов 14:51, 2019 ж. мамырдың 11 (+06)[жауап беру]
Олар отанды емес империяны қорғау үшін жанталасқандар. Басы істейтін зиялылар сол сәтті тәуелсіздік алатын мүмкіндік деп қарасытырды. Олардың санасы илюзиямен алданған мысалы ит өзі өмір сүріп жатқан үйді үйіріне, қожайынды үйір басшысына санайды, олардың да санасы солай алданған мен отан қорғау үшін жүрмін деп өз өздерін алдаған, шындығында олар отанды сатып империяны қорғағандар. --Аrysтanbek (талқылауы) 22:47, 2019 ж. мамырдың 11 (+06)[жауап беру]
Сабыр сақтаңыз, батыр аға-әпкелерді олай атағаңыз дұрыс болмады. Дұрыс па, бұрыс па ол тарих. Оны өзгерте алмайсыз. Оданда уикипедияның бірлесе дамытып, жұмыс жасайық) --Kasymov Т 12:17, 2019 ж. мамырдың 13 (+06)[жауап беру]

@Kasymov: Латын Америкасы, Азиядағы және Африкадағы отар елдер бірінші және екінші дүние жүзілік соғысты пайдаланып тәуесіздік алып кеткенін білетін шығарсың. Сол кездегі Испан, франц, ағылшын, нидерланд, португал империяларының барлығы сол кезде ыдырып кетті. Бұны түсінген адам Бауыржандардың қаншалықты сатқын екенін оңай ажыратуға болады. Болашақта оларға қойылған барлық ескерткіштер құлатылады, ол тек уақытқа қарап тұр. --Аrysтanbek (талқылауы) 10:09, 2019 ж. мамырдың 29 (+06)[жауап беру]

http://eng.the-liberty.com/files/2014/05/5175_02.jpg мына map-ты көр. --Аrysтanbek (талқылауы) 10:17, 2019 ж. мамырдың 29 (+06)[жауап беру]

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

[қайнарын өңдеу]

Соңғы Қатысушы:KazakhPropoganda қатысушының жасаған [[1]] үлесіне қалай қарайсыздар? --Kasymov Т 10:35, 2019 ж. маусымның 17 (+06)[жауап беру]

Мен де солай деп ЕҚЫҰ мәлімдеме жасады деп Азаттық радиосы сайтынан оқыдым ғой. --Нұрлан Рахымжанов 19:21, 2019 ж. маусымның 17 (+06)[жауап беру]

Админдердің мерзімі

[қайнарын өңдеу]

Жақында админ сайлауынан соң қорытынды берерде жаңа сайланған админге құқықты тапсыру мерзімдерін таңдауға болатынын байқадым. Бұдан бұрынғы сайлауларда ондай таңдау болмайтын. Таңдау мерзімдері - белгісіз, 1 күн, 1 апта, 1 ай, 3 ай, 6 ай, 1 жыл деп шығып тұр. Бұрынғы админдердің құқықтарын қайтып алып, мерзімге сайласақ деген ой бар. --Нұрлан Рахымжанов 20:21, 2019 ж. қыркүйектің 16 (+06)[жауап беру]

Иә сіз айтқасын тексеріп көріп едім сондай мүмкіндік қосылыпты. Енді сайланатындарды бір жылға солай сайлау керек. Бір жыл мерзімі біткен соң қайта сайлануға немесе мерзімін бір жыл ұзартуға өтінім беруі керек. Белсенді болса сайлау жасамай-ақ Бюрократ қауымдастыққа және өзіне хабарландыру жіберіп бір жылға ұзартып беру керек. Ал ұшты күйлі жоқ болғандардың тізімін қауымдастықтың талқылауына салып метаға хабарлап дәрежелерінен айыру керек. Мені айырса да қарсы емеспін, бірақ уақытым болмай жүр. --Аrysтanbek (талқылауы) 18:33, 2019 ж. қазанның 12 (+06)[жауап беру]
Қалай жасаймыз. 18-ден 8 қалдырса да болар еді? -Нұрлан Рахымжанов 19:31, 2019 ж. қазанның 13 (+06)[жауап беру]

Әрқайсысын жеке жеке емес тізімін жасап бір ғана талқылау болу керек. Көбін айыру керек. Менің уақытым болар ма екен. Мен болмасам Батырбек метаға жеткізсін. Алдында бір рет белсенділігі бар деп бірнеше өңдемесі үшін Ashina-ны дәрежесінен айырмай қойып еді ғой. Сол үшін соңғы өңдемелеріне назар аудару керек. Кем дегенде бір жылда ешқандай әрекет жасамаған болу керек. Солардың бәрін бір ғана талқылауға салып шешу керек. --Аrysтanbek (талқылауы) 21:42, 2019 ж. қазан��ың 13 (+06)[жауап беру]

Уикипедия:Администраторлар/Белсенділігі бетінен алынған мәліметке сенсек, сіздің ботыңыз 6 айдан астам уақыттан бері әрекетсіз, Ашина 320 күннен бері әрекетсіз екен. Қалғанында жыл ішінде әрекет бар. -Нұрлан Рахымжанов 21:55, 2019 ж. қазанның 13 (+06)[жауап беру]

Иә оған сенуге болады. Төменгі жағындағы статистика адамның жаңартуын қажет етпейтін сайттың мәліметтерінен алатын статистика. Өңдемесіне қарамай админ әрекеттеріне қараса біршамасы кетейін деп тұр ғой. Метаға ұсынып көру керек. бізде жаңа ереже жасап жатырмыз, админдер бір жылға сайланады сол үшін барлығының админдігін алып таста деп сұраныс жасау керек. Егер тиіспей ақ қояиық десеңзідер өздеріңіз білесіздер. --Аrysтanbek (талқылауы) 22:21, 2019 ж. қазанның 13 (+06)[жауап беру]

Уикипедияға келуге қол тимей жүр, кешірерсіздер. Дұрыс, белсенді емес админдердің құқығынан айырған дұрыс болар бір жағынан. Мені де құқығымнан айырсаңыздар да қарсы емеспін. Айтарлықтай админ ісін атқарып жүрген жоқпын. --Мұхамеджан А.А. (талқылау) 23:54, 2019 ж. қазанның 13 (+06)[жауап беру]
Ұсынысты жасап көрсеңіз баршамыздың атымыздан. -Нұрлан Рахымжанов 06:56, 2019 ж. қазанның 14 (+06)[жауап беру]
Құқықығымды алып тастаңыз дегендеріңіз дұрыс болмады. Бәрімізде де уақыт жоқ, қазуикипедияның түрін көріп қимайсың. Жасайтын жұмыстар жетерлік --Kasymov Т 14:48, 2019 ж. қазанның 14 (+06)[жауап беру]
Саспаңыз, бұл белсенді админдерге қатысы жоқ. -Нұрлан Рахымжанов 15:45, 2019 ж. қазанның 14 (+06)[жауап беру]

Баршасының атынан ұсыныс жасап жатырмын деген сөздің еш күші жоқ, дауысқа салып барып қана ұсына аламыз. --Аrysтanbek (талқылауы) 11:17, 2019 ж. қазанның 15 (+06)[жауап беру]

Мазмұн аудару

[қайнарын өңдеу]

Тәжірибесіз қатысушыларға "Мазмұн аудару" бета мүмкіндігін пайдалануға тыйымды қалай салуға болады? "Тексерілмеген мақала" үлгісі ондай мақалаға қойылмай кетіп, сапасыз автоматты аударулар көбейіп жатыр. Өткенде өзімде ол бетаны пайдаланып екі-үш мақала аударып көрдім. -Нұрлан Рахымжанов 19:51, 2019 ж. қазанның 25 (+06)[жауап беру]

Сізбен толық келісемін. Қалай болса солай аудара салады. Оның үстіне толық аяқталмайды (санаттар, үлгі, сілтеме қою) --Kasymov Т 18:35, 2019 ж. қазанның 29 (+06)[жауап беру]

Мазмұнын аудару деген функцияны мүлдем өшіруңізді сұраймын @Arystanbek:. Қалай болса ойына келген мақалалар қаптап жатыр не оны ешкім тексермей де жатыр --Kasymov Т 20:28, 2019 ж. қарашаның 25 (+06)[жауап беру]

Мынандай өзгеріс жасадым, алдында дұрыс жасамаған сияқтымын. Енді нәтижесін күтейік, дұрыс болмай жатса тағы қарап кқрейін. --Аrysтanbek (талқылауы) 13:29, 2019 ж. қарашаның 28 (+06)[жауап беру]
@Kasymov, Нұрлан Рахымжанов: сүзгіш жұмыс істей бастады, бірақ жақсы аударылған мақалаларды да өткізбей жатыр: Арнайы:AbuseLog/187947 --Аrysтanbek (талқылауы) 20:26, 2019 ж. қарашаның 28 (+06)[жауап беру]

Қатысушы есім кеңістігіне жариялай бастап еді, оған да жаңа тіркелген қатысушылардың құралды қолдануына тиым салдым: Арнайы:AbuseFilter/history/78/diff/prev/334 --Аrysтanbek (талқылауы) 14:34, 2019 ж. желтоқсанның 1 (+06)[жауап беру]

Енді толық дұрысталды ма? Сосын Арыстанбек мырза туған күні санатын түзетемін деп уәде беріп едіңіз ғой? --Kasymov Т 00:24, 2019 ж. желтоқсанның 2 (+06)[жауап беру]
Иә толық дұрысталды. 500-ден астам өңдеме жасағандар ғана пайдалана алады, мақала есім кеңістігін шектеп едім, қатысушы есім кеңістігіне жариялай бастады, сосын қатысушы есім кеңістігін де шектедім. Ал соңғы сұрағыңды қазір шешетін мүмкіндігім жоқ, тағы біраз уақыт керек. Жеке тірліктерімді реттеуім керек, ренжіме. Осындай ұсақ түйек мәселе болса аз уақыттымды бөліп шешіп берем. --Аrysтanbek (талқылауы) 11:23, 2019 ж. желтоқсанның 2 (+06)[жауап беру]
Ок --Kasymov Т 10:08, 2019 ж. желтоқсанның 4 (+06)[жауап беру]

500 өңдемені 200-ге түсірдім: Арнайы:AbuseFilter/history/78/diff/prev/356 --Аrysтanbek (талқылауы) 21:33, 2021 ж. желтоқсанның 19 (+06)[жауап беру]

Уикипедия сапасы

[қайнарын өңдеу]

Құрметті админдер біздің уикипедия бір орнында табандап тұрып қалған сияқты. Себебі бұрынғы және қазіргі қосылған мақаларды бақылап (түзетіп, жойып, кері қайтарып) отырмыз. Ал жалпы контентті керемет толықтырып, жақсы және таңдаулы мақалалар жарияланбай жатыр (басты бетте тұрғандарға біраз жыл болайын деді). Мен қазір елдер астанасын түзетіп келе жатырмын (үлгі мен санаттар қойылып, атаулары дұрысталып т.с. жұмыстар). Бұған дейін елдерді солай жасап шыққанмын. Жалпы бұл тірлігім мазмұнды байытуға аса пайда тиіп жатқан жоқ. Сол сияқты кейбір админдерде солай. Мен дұрыс емес деп жатқан жоқпын, бірақ нақты мақаланы жұмысы мүлдем тұрақтап тұр десе болады. Осының шешімі табылар ма екен? --Kasymov Т 16:34, 2020 ж. наурыздың 23 (+06)[жауап беру]

Қиын болып тұр. Мақалаларды тексеретін Ғани да кетті уикиден. Басқаларға да ұсыныспен шығып едім, оларға да бұл тақырыптар қызық болмады ғой деймін, бірер мақаланы тексерді деп қоя қойды. Менің де құлқым болмады, оның үстіне басқа тақырыптарда жүргенім, іссапарда көп жүріп тағы қол тимей кетеді. Жауабын табу керек. Нұрлан Рахымжанов 11:15, 2020 ж. маусымның 4 (+06)[жауап беру]
Жайлап шешімін табуға болады, халықтың көпшілігіне Уикипедияның танымалдығын арттыру керек, бұл біраз еңбекті қажет етеді. Сосын халықтың білім деңгейін көтеру керек, ол үшін халықтың ғылым білімге деген қызығушылығын артыру керек. --Аrysтanbek (талқылауы) 00:23, 2020 ж. маусымның 5 (+06)[жауап беру]

-дың, -дің туғандар

[қайнарын өңдеу]

Арнайы:Толтырылмаған_санаттар бетінде жұмыс жасаушы едім ара-тұра, соңғы жылдары жұмыс жасауға құлық азайды. Себебі, -дың, -дің туғандар, қайтыс болғандар деген санаттар беттерді толтырып тұрады. Олардың ішінен басталуы тиіс санаттарды лупамен іздеп отырғаның. Осыны ретке келтіретін пенде табылмағаны Уикипедиягның шала жансар болып қалғаны ғой деп ойлаймын. Нұрлан Рахымжанов 11:12, 2020 ж. маусымның 4 (+06)[жауап беру]

Осыған маған уақыт жеткілікті емес, бірақ қай жерден жасауға болатынын сілтемесін берейін, бәрлеріңіз жабылып жүріп шешімін табуға болады. --Аrysтanbek (талқылауы) 00:20, 2020 ж. маусымның 5 (+06)[жауап беру]
Мына сілтемедегіні жаңарту керек, әрі толықтыру керек. Бақса уикилерде бірнеше аутор бар, бізде біреу ғана екен: https://github.com/bitcoinx/bitcoinx-wiki/blob/master/languages/messages/MessagesKk.php

Көріп тұрғандарыңыздай бәрінде толық, бізде шала жасалған --Аrysтanbek (талқылауы) 16:00, 2020 ж. маусымның 5 (+06)[жауап беру]

@Arystanbek: бұл не нәрсе түсінбедім? --Kasymov Т 23:33, 2020 ж. маусымның 6 (+06)[жауап беру]
Бұл translatewiki.net-тен жасалмайтын Уикипедияны жергілікті тіл файлдары, мәселенің бәрі осында тұр. Туғандар санатындағы қатені де осы жерден жасауға болады. --Аrysтanbek (талқылауы) 10:40, 2020 ж. маусымның 7 (+06)[жауап беру]

Жойылуға ұсынылған беттер

[қайнарын өңдеу]

Википедия:К удалению/27 июля 2020 бетіндегідей жойылуға ұсынылған беттердің маңыздылығын талқылау қажет емес пе? --Нұрлан Рахымжанов 17:43, 2020 ж. шілденің 28 (+06)[жауап беру]

Келісемін, бірақ та біздекі жойылып жатқан мақалалардың көбісі талқылауды қажет етпейтін сияқты --Kasymov Т 11:25, 2020 ж. шілденің 29 (+06)[жауап беру]
Мүмкін, оны өңдейтін адам табылып қалар. Менің белсенділігім біраз уақытқа төмендейтін секілді. Жұмысым қауырт болып жатыр. Ойды ой қозғайды деген, бәлкім жақсы бір ой туып та қалар. --Нұрлан Рахымжанов 10:21, 2020 ж. шілденің 30 (+06)[жауап беру]

Таңдаулы мақала/жақсы мақала

[қайнарын өңдеу]

Құрметті админдер мен қатысушылар меніңше қазуикиде таңдаулы/жақсы мақалалардың жартысын статустан айыру керек. Себебі:

  • кейбіреулері тіпті сол мәртебеге лайықта емес, кезінде ауыспағалы көп болды деп асығыс қойғанға ұқсайды.
  • мағлұматтар ескірген, жаңартып, толықтыратын ешкім жоқ
  • дереккөздер аздау кейбіреулерінде, үлгілер толық емес

Кезінде сол туралы қозғағанмын, бірақ дамиды тиіспеңіз, керемет болады деген. Жарайды деп қалдырдық, алайды сол күйінде қалды. Соған ортақ шешім қабылдап, дауыс беріп статустан алайық. Біздің уикидің деңгейіне болады деп сылтауратпай, мықты, сапалы уикилердің деңгейіндей болғаны дұрыс емес па? --Kasymov Т 22:31, 2020 ж. қыркүйектің 11 (+06)[жауап беру]

@Kasymov: нақты қандай мақалалар, аттарын атап өтсең. --Аrysтanbek (талқылауы) 17:40, 2020 ж. қыркүйектің 12 (+06)[жауап беру]
@Arystanbek: Оны қарап жазып өтемін уақыт болғанда, қалғандар да әрекет жоқ сияқты ғой. --Kasymov Т 02:01, 2020 ж. қыркүйектің 13 (+06)[жауап беру]
  • Бірінші бөлім
  • Бірінші: Toyota мақаласы мүлдем осы статусқа келмейді. Ескірген, толық емес, жасыл/қызыл сілтемелер бар, яғни ешқандай маркасына мақала жазылмаған.
  • Екінші: Хаббл ғарыш телескобы мақаласы толық аяқталмаған, калай көрмеу бір ауыздан депутаттар сияқты иә дей салған ба? қызыл сілетемелер мен айрық беттер өте көп.
  • Үшінші: Алматы Менеджмент Университеті мақаласы тура орыс уикиден айырмашылығы жоқ, ал бұл универ өзімізде болғандықтан одан да мықты болу керек.

Әзірше осы мақалаларды меніңше мүлдем статустан алу керек. Ал қалғандарын әлі қарап шығу керек, бірақ та оларды да кейбіреулерін статусынан айыру керек, жақсы мақалаға түсіру керек, толықтырып, түзетулер енгізу керек. Қалған қатысушылардан өз пікірлеріңізді жаза кетсеңіздер --Kasymov Т 18:05, 2020 ж. қазанның 19 (+06)[жауап беру]

(+) Қолдаймын! Kasymov, сіз менің аузымнан суырып алғандайсыз! Дәл осы сұрақты менде қыркүйектің басында өз-өзіме қойғанмын, тіпті талқылау ашайын дегенмін. Бірақ ертең-ертең деп қалды. Шыныменде баяғыда таңдалған таңдаулы мақалалардың мәліметтері ескірген және кейбіреулері орыс мақалаларының көшірмесі.--Nurtenge (талқылауы) 19:24, 2020 ж. қазанның 25 (+06)[жауап беру]
(+) Қолдаймын Қазуикидің таңдаулы/жақсы мақалалары сапалы болғаны дұрыс, мықты уикипедиялармен салыстыру керек, ылғи да әлсіз уикилерге қарай бермей --Kasymov Т 11:03, 2020 ж. қазанның 27 (+06)[жауап беру]
(+) Қолдаймын Kasymov, Нұрлан Рахымжановтардың айтқандарына қосыламын, таңдаулы мақала еш өзгертулер мен толықтыруларды қажет етпейтін, сөйлем тіркестері дұрыс, мақала ойы жинақы (үзік-үзік емес), мазмұны толық аяқталған (басы-аяғы бар), көркемделуі жоғары болуы тиіс. Мақаланың көлемі емес, оның сапасына мән беру қажет. Осы жерде сұрақ туындап тұр: елді мекендерде әкімдердің "қырық жылғы" есептерін (доклад) енгізіп қойған, оны не істеу керек? Қатысушы:Салиха--Салиха 13:31, 2020 ж. қазанның 27 (+06)[жауап беру]
(+) Қолдаймын--Ермаханова (талқылауы) 16:17, 2020 ж. қазанның 27 (+06). Абай Құнанбайұлы мақаласында да қызыл сілтемелер мен айрық беттерді тазалап шығу керек. Дереккөз өте аз. Осы мақаланы дұрыс қалпына келтіру керек еді.--Ермаханова (талқылауы) 16:17, 2020 ж. қазанның 27 (+06)[жауап беру]

(=) Қалыс қалдым таңдаулы мақаларға қазаққа қатысы бар мақалалар таңдалуы керек деп білемін. Қазақ еліне-жеріне, мәдениетіне-әдебиетіне бірыңғай қатысты мақалар болса дұрыс еді. Nureke (талқылауы) 23:24, 2020 ж. қазанның 25 (+06)[жауап беру]

(+) Қолдаймын --Аrysтanbek (талқылауы) 20:43, 2020 ж. қарашаның 16 (+06)[жауап беру]
Меніңше, аталған мақалалар жақсы не таңдалған мақала статусын кезінде алып алған және ол тарих болып қалды. Ол жақсы болсын, жаман болсын, бізге ұнасын, ұнамасын. Сол себепті тарих деректері үшін сақталып тұра берсін сол күйде. Ішін тазалап, дұрыстағысы келген адам кез келген уақытта істей алады. Ендігі таңдалатын мақалаларға талапты күшейтейік. Барлық талаптарға сай болуын қадағалайық, соған тырысайық. Және таңдаулы/үздік мақалалар таңдау жиілігін арттырайық. 2-3 жылда бір рет емес, ең болмаса 2-3 айда бір рет деген сияқты. --Batyrbek (талқылауы) 18:56, 2020 ж. қазанның 27 (+06)[жауап беру]
@Batyrbek.kz: Статусын алу керек, сол мақаланың талқылау немес статусы алынған деген бет жасау керек, мұрағат қылып. Таңдаулы/жақсы мақала уикипедияның айнасы ғой, басқа тілдегілер, өзіміздікі ашып көрсе, оқыса көңілі толмай таңдаулы мақаласы осындай болса қалған мақалалар қандай деңгейде деген пікір қалыптасуы мүмкін ғой --Kasymov Т 10:28, 2020 ж. қазанның 29 (+06)[жауап беру]
Батырбектің айтқанына қосылам, статусынан айырғанша көбірек мақалалардың таңдаулы қылып жіберу керек, сол кезде бұрынғылар жаңалардың тасасында қалып қояды. --Аrysтanbek (талқылауы) 18:05, 2020 ж. қарашаның 11 (+06)[жауап беру]
@Arystanbek:Түсінбедім, дамыту керек дейсіз бе? Онда кім толықтырады екен мысалы? --Kasymov Т 13:54, 2020 ж. қарашаның 13 (+06)[жауап беру]
@Kasymov: дамыту деген сөз болған жоқ қой. Менің жазғакнымды дұрыстап қайтадан қарашы. Батырбектің айтып отырғаны дұрыс, ерте кезде таңдалған мақалалар сол кездегі деңгейді білдіреді, қазіргі таңдайтынымыз қазіргі деңгейімізді білдіреді. Демек тарих болып қалады. Есесіне бірашама таңдаулы мақала болуға лайықты мақалалар бар соларды таңдаулы қылып жіберейік. --Аrysтanbek (талқылауы) 15:44, 2020 ж. қарашаның 13 (+06)[жауап беру]
@Arystanbek:, @Batyrbek.kz: мен барлық таңдаулы мақаланы алсын деп жатқан жоқпын, бірінші кезекте осы үш мақаланы. Арғы жағын жақын болашақта көре жатармыз. (жабылып дамытып немесе статусын төмендетіп) --Kasymov Т 19:13, 2020 ж. қарашаның 16 (+06)[жауап беру]
@Kasymov: мүмкін сенікі дұрыс шығар, админдер мен бітікшілерді де құқығынан айырып жатамыз ғой, мақаланы да айыруға болатын шығар, таңдаулы мақала таңдаулы болып қалу керек деп қатып қалмай. Олай болса дәрежесінен айыру туралы әрқайсына жеке талқылау баста. Қатысушыларды талқылауға шақырайық. Әлде талқылаусыз бірден айыру керек пе? --Аrysтanbek (талқылауы) 20:11, 2020 ж. қарашаның 16 (+06)[жауап беру]
@Arystanbek: жоқ осында талқылап, қорытындыға келейік. Сосын аталған мақалалардың талқылау бетіне сілтеме жасау керек (статусынан айырылған себебін көру үшін) --Kasymov Т 20:31, 2020 ж. қарашаның 16 (+06)[жауап беру]

Көпшілігі мақалалардың статусынан айыруын қолдап дауыс бергендіктен аталған үш мақала статусынан айырылды. --Аrysтanbek (талқылауы) 20:46, 2020 ж. қарашаның 16 (+06)[жауап беру]

Негізсіз мақала жою

[қайнарын өңдеу]

Kasymov есімді пайдаланушы еш негізсіз Найзағайлы асу деген мақаланы жойды. Оны қалай қалпына келтіруге болады? --Ерден Карсыбеков (талқылауы) 13:19, 2021 ж. ақпанның 15 (+06)[жауап беру]

Прошу удалить страницу (либо удалить  ) согласно phab:T210851, так как на страницах вклада, истории и т. п. с левой стороны прямой черты оказыватся двойной пробел. 1234qwer1234qwer4 (талқылауы) 00:54, 2021 ж. қыркүйектің 23 (+06)[жауап беру]

Correcting file extensions

[қайнарын өңдеу]

Hello!

Sorry for writing in English. The file extensions (.jpg) of these files don't match their MIME (image/png) and hence need to be moved:

Thanks: Jonteemil (талқылауы) 06:12, 2022 ж. шілденің 10 (+06)[жауап беру]

@Jonteemil: --Kasymov Т 00:52, 2022 ж. шілденің 12 (+06)[жауап беру]

Qazaqstanyn LGBT quqyqtary.

[қайнарын өңдеу]

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Қатысушы:Mp5am/Қазақстанның_ЛГБТ_құқықтары

salemetsiz be. i want to upload this article. Mp5am (талқылауы) 16:23, 2022 ж. шілденің 27 (+06)[жауап беру]

Global ban proposal for Piermark/House of Yahweh/HoY

[қайнарын өңдеу]

Apologies for writing in English. If this is not the proper place to post, please move it somewhere more appropriate. Please help translate to your language There is an on-going discussion about a proposal that Piermark/House of Yahweh/HoY be globally banned from editing all Wikimedia projects. You are invited to participate at Requests for comment/Global ban for Piermark on Meta-Wiki. Рақмет! U.T. (талқылау) 18:36, 2023 ж. мамырдың 4 (+06)[жауап беру]

Тексерілмеген мақалалар

[қайнарын өңдеу]

Саламатсыздар ма, мен жаңа мақала жасаған едім, аты " Француз және үнді соғысы ". Менің мақалам сүзгіден "тексерілмеген мақала" болғаны үшін өтпеді. Бірақ мен Дереккөздер жаздым, басқа уикилерге сілтемелерімді алып тастадым. Неге менің мақалам жарияланбады? Әлде мен үлгі және сурет қоймағандықтан ба? Осыны тексерсеңіздер . Әбдіқадыр Асхат (талқылау) 17:37, 2024 ж. желтоқсанның 26 (+05)[жауап беру]

Міне, менің мақалам:
Осыны тексеріп берсеңіздер Әбдіқадыр Асхат (талқылау) 17:54, 2024 ж. желтоқсанның 26 (+05)[жауап беру]