Мазмұнға өту

Тұлан қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тұлан қаған
Лауазымы
Түрік қағанатының 8-ші қағаны
588 — 599
Ізашары Жағбу Баға қаған
Ізбасары Тардуш қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 599 (0599)
Династия Ашина
Әкесі Баға Ышбара қаған

Тұлан қаған (қытайша: 都藍可汗 - Дулань-хан Юнъюйлюй; жеке аты қытайша: 阿史那雍虞闾 - Ашина Юнъюйлюй, Юн Улуқ, Он Йоллығ) — Баға Ышбара қағанның ұлы, Түрік қағанатының 588 жылдан 599 жылға дейін билік еткен 8-ші қағаны.

Жанама деректер бойынша 583 жылы ол Төремен Апа-ханға қарсы жорыққа қатыстқан. Баға Ышбар қағанның қайтыс болуынан кейін түрік ақсүйектері Тұланды жаңа қаған етіп сайлады. Жаңа қаған Суй империясымен достық қарым-қатынаста болуды көздеп императорға сыйлықтар жөнелтті. Император оған 2 000 жібек кесегін тарту етті. Түріктер Қытаймен сауда қатынастарын жасауды көздеп императорға 10 000 жылқы, 20 000 қой, 500 түйе мен ірі қара сыйлады. Император түріктермен сауда қатынастарын ашуға бұйрық берді. 589 жылы Суй Вэнь-ди Чэньи қағанның әйелі қытайлық Чжао Цзюньге (Цянь Цзинь) Чэнь әулетінің отбасылық жәдігерін апарып берді. Чжао Цзюнь Чэнь әулетінен шыққан еді, осылайша император оны бейтараптандыруға тырысты. Патшайым императорға өлеңмен жауап берді Император патшайымның әрекетін өрескелдік деп бағалады. Суй Вэнь-ди Чжао Цзюньды сатқын деп айыптап, оны лауазымынан айырды, алайда қағаннан алып кете алмады. Император Нюданды төрт әнші құлдармен бірге қағанға сыйлап, одан Чжао Цзюньды тартып алуды ойлаған еді.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]