Мазмұнға өту

Тікирек жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тікирек жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Алтай таулары

Биіктігі

2299 м

Орналасуы

50°58′43″ с. е. 83°29′09″ ш. б. / 50.97861° с. е. 83.48583° ш. б. / 50.97861; 83.48583 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°58′43″ с. е. 83°29′09″ ш. б. / 50.97861° с. е. 83.48583° ш. б. / 50.97861; 83.48583 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан,  Ресей

Тікирек жотасы (Қазақстан)
Тікирек жотасы
Тікирек жотасы (Ресей)
Тікирек жотасы

Тікирек жотасыАлтай тауларының солтүстік сілемдерінде Ресей (Алтай өлкесі) мен Қазақстан (Глубокое және Шемонаиха аудандары) шекаралары аралығында орналасқан. Чарыш және Үбі өзендерінің суайрығы саналады.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Абсолюттік биіктігі 2299 м. Жер қыртысы негізінен гранитті және эффузивтік тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстігінде жартасты Луковая тауы орналасқан.

Беткейлерінің төменгі жағында далалық өсімдіктер, 800 м-ден жоғарыда майқарағайдан тұратын таулы тайга; 1800 м биіктіктен бастап альпілік шалғын және биік таулы тундраға алмасады. Қазақстан бөлігінен Үбі өзені бастау алады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5