Толқын мұнай-газ кен орны
Көрініс
Толқын мұнай-газ кен орны – Атырау облысы Жылыой ауданы Қаратон ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан мұнай-газ кен орны. 1992 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кен ұстаушы құрылым 3975 м тереңдікке дейінгі ортаңғы карбон, пермь, триастың терригендік-карбонаттық қабатынан және юра, бор кайнозойдың шөгінділерінен құралған. Иірім 3591 м тереңдіктегі төменгі пермь жыныстарынан табылған.
Жатыс сипаты, құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құнарлы қабаттың қалыңдығы 147 м, тиімдісі – 132 м, мұнайға қаныққаны – 10,4 м, газға қаныққаны – 122 м. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 840 кг/м3, құрамындағы күкірт 0,23%, парафин 1,1%, асфальтен 3,1%. Қабаттағы мұнайдың газға қанығуы 346 м3.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |