Айдын (көл)
Көрініс
Айдын | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 305 м |
Өлшемі | 5,8 × 2,9 км |
Ауданы | 7 км² |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Жамбыл облысы |
Аудан | Сарысу ауданы |
Айдын көлі – Талас өзенінің төменгі ағысы алабында орналасқан тұйық көл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерінде, Ақжар, Жылқыбай көлдерінің солтүстігінде, теңіз деңгейінен 305,0 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аумағы 7,0 км2, ұзындығы 5,8 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 23,0 км. Жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен. Суы тұзды. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Көктемгі жауын-шашын кезінде көршілес жатқан көлдермен ұласып кетеді. Жағалау�� – мал жайылымы.[1]