Мазмұнға өту

Таглар үңгірі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Таглар
әз. Tağlar mağarası
Сипаттамасы
Ашылған жылы1963
Орналасуы
39°36′18″ с. е. 46°57′54″ ш. б. / 39.6049° с. е. 46.9649° ш. б. / 39.6049; 46.9649 (G) (O) (Я)Координаттар: 39°36′18″ с. е. 46°57′54″ ш. б. / 39.6049° с. е. 46.9649° ш. б. / 39.6049; 46.9649 (G) (O) (Я) (T)
Ел Әзербайжан
АймақХоджавенд
Таглар үңгірі (Әзербайжан)
Таглар
Таглар Ортаққорда

Таглар үңгірі (әз. Tağlar mağarası) — тас дәуіріндегі адам өмір сүрген үңгір (Мустье дәуірі). Әзірбайжанда Мец Таглар (Беюк Таглар) ауылының оңтүстігінде, Гуручай өзенінің сол жағалауында орналасқан.[1] Бұл табиғи үңгір бола отырып, 50-55 мың жыл бойы ежелгі адамдардың мекендейтін жері болды. Үңгір өз атауын үңгірдің жанындағы ауылдың атауынан алды. Таглар үңгірі, ЮНЕСКО-ның қорғалатын нысандарының тізіміне кіреді.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үңгір Шуша қаласының маңында және Азых үңгірінен 3 шақырым жерде орналасқан. Бұл үңгір жоғарғы Юра, немесе титон әктастарында пайда болды. Ол үш гроттан тұрады, олардың екеуі орта палеолит дәуірінің Мустье мәдениеті кезеңіне, және біреуі жоғарғы палеолит дәуіріне жатады. Сонымен қатар бұл жерде алты мәдени қабат табылды: бірінші қабатта орта ғасырлардағы, қола және энеолит дәуірлеріндегі ыдыс-аяқтардың сынықтары табылды; 2-6 қабаттарда Мустье мәдениеті дәуірінің тұрмыстық заттары табылды. Үңгір қарапайым адамдар өмір сүрген бір-бірімен байланысты табиғи қуыстардан тұрады.[2]

Археологиялық зерттеулер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1960 жылы Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы Ғылым Академиясы тарих институтының барлау палеолит экспедициясы Кавказдың оңтүстік-шығысына жіберілді. Нәтижесінде Азых және Таглар үңгірлері табылды.

1963 жылдан бастап үңгірде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, 7 мыңнан астам тас құралдары мен 2 мыңнан астам жануарлардың сүйектері табылды. Бірінші қабаттан кейін Орта ғасырлардағы, қола дәуіріндегі және энеолит дәуіріндегі қыш ыдыстар табылды. 2-6 қабат ішінде Мустье мәдениетінің үлгілері табылды. Үңгірдің тізімдемесінде қызыл, қара, қоңыр, сұр, ақ және түрлі реңдерді жасауға арналған көптеген дайындама құралдары табылған. Үңгірді қазу жұмыстарын әзірбайжан археологы М.М.Гусейнов жүргізді.[3] Археологтармен қатар палеонтологтар, палеогеологтар, палеогеографтар және палеоботаниктер жұмыс істеді. Зерттеулер көрсеткендей, таулар Мустье мәдениеті кезінде 90-35 миллион жыл бұрын пайда болған.[4]

Үңгір маңы фаунасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сүйек қалдықтарын зерттеп талдағаннан кейін, кермарал мен тауешкі аң аулаудың негізгі объектілері екендігі анықталды. Үңгір маңы фаунасының негізін сүтқоректілер құрайды: қолқанаттылар, қоянтәрізділер, кеміргіштер, жыртқыштар, тақтұяқтылар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]