Сәуле Әлиханқызы Ермекова
Сәуле Әлиханқызы Ермекова (1942 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1996).
Алматы мемлекеттік медицина институттын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және КСРО Медицина ғылым академиясының Эксперименттік медицина институты аспирантурасын (1971) бітірген. Қостанай қалалық ауруханасында дәрігер-хирург (1965–67), Хирургия ғылыми-зерттеу институтында дәрігер-биохимик (1967), Қазақ онкология және радиология институтында зертхана қызметкері (1972–90) болып істеді, ал 1992 жылдан топ жетекшісі қызметін атқарады.
1995 ж. «Дыхание и хроматин при радиосенсибилизации опухолей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ермекова 68 ғылыми-зерттеу жарияланымның авторы.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |