Станимир Стоилов
Станимир Стоилов | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лақап аттары |
Мери | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Хасково, Болгария | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
Левски (менеджер) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Станимир Стоилов (болг. Станимир Стоилов; 13 ақпан 1967, Хасково) — бұрынғы болгар футболшысы, Левски клубының қазіргі менеджеры. Болгария құрамасы, Астана ФК және Қазақстан құрамысының бұрыңғы менеджері.
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Футболшы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Болгария, Түркия, Португалия клубтарында өнер көрсеткен. Болгария чемпионатында 295 ойын өткізіп, 75 гол соққан (Жоғары топтағы көрсеткіші 234 матч, 53 гол).
Болгария құрамасында 1992-2000 жылдары ойнап, 14 ойында алаңға шықты.
Бапкер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бапкерлік карьерасында көбіне болгар клубтарын жаттықтырды. 2013 жылға дейін шетелдік клубтардан тек Кипрдің АПОЭЛ-ін ғана жаттықтырды. Болгарияның "Левски", "Литекс", "Ботев" командаларын және екі рет Болгария Ұлттық футбол құрамасының тізгінін ұстап, 2014 жылы Қазақстанға келіп, сонда тұрақтап қалды. Әуелі "Астана" клубы оның басқаруымен Қазақстан клубтары арасында тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турниріне жолдама алды. Одан кейін екі маусым қатарынан (2016/17, 2017/18) УЕФА Еуропа Лигасының топтық турнирінде өнер көрсетті де, 2017/18 маусымда көктемгі плей-офф ойындарына дейін жетті.
Осы жетістіктерден соң Қазақстанның Футбол Федерациясы оны Қазақстан құрамасына бапкерлікке шақырды. 2018 жылы 1 наурызда Ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Алғашқы кездесуін 2018 жылы 23 наурызда Будапештте Мажарстан құрамасымен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
2018 жылғы 24 наурызға дейін бапкерлік карьерасында 456 ойын өткізіп, 272 кездесуде жеңіске жетті. 100 ойынды тең аяқтаса, 87 кездесуде оның баптаған клубтары жеңіліп қалған.
2018/19 жылғы УЕФА Еуропа Лигасында Қазақстан құрамасы 6 ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті. 2019 жылдық басында Стоилов құрама бапкерлігінен кетті.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойыншы ретінде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Болгария чемпионы (4): 1994/95, 1999/00
- Болгария кубогы (5): 1991, 1992, 2000, 2002, 2003
Бапкер ретінде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан чемпионы (4): 2014, 2015, 2016, 2017
- Қазақстан кубогы: 2016
- Қазақстан суперкубогы: 2015, 2018
- Қазақстан Премьер Лигасындағы үздік жаттықтырушы: 2015, 2016, 2017
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 13 ақпанда туғандар
- 1967 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Болгария футболшылары
- Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары
- Болгария футбол жаттықтырушылары
- Астана ФК жаттықтырушылары
- Болгария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Болгария Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары
- Литекс ФК жаттықтырушылары
- Анортосис ФК жаттықтырушылары
- Ботев Пловдив ФК жаттықтырушылары
- Левски ФК ойыншылары
- Левски ФК жаттықтырушылары
- Фенербахче ФК ойыншылары
- ЦСКА София ФК ойыншылары