Мазмұнға өту

Социал Махатұлы Аманбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Махатұлы Аманбаев Социал
Мансабы: медицина ғылымдарының докторы, профессор

Аманбаев Социал Махатұлы (20.3.1936 ж.т., Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Орқаш ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1992), профессор .

Алматы мемлекеттік медициналық институтытын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық медецина университеті) бітірген. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауруханасында (1963–65), Республикалық хирургия орталығында (1971–79), Республикалық дәрігерлер біліктілігін жетілдіру институтында (1979–98) хирург, 1998 жылдан Алматы қаласындағы № 12 клиникалық ауруханасының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.

«Исходы консервативного и хирургического лечения абсцессов и гангрены легких» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Аманбаевтың 200-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 1 монографияың авторы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]