Мазмұнға өту

Солтүстік Жолдыбай газ-мұнай кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Солтүстік Жолдыбай газ-мұнай кен орныКаспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы газ-мұнай кен орны. Атырау облысы жерінде орналасқан. Құрылым 1980-1983 жылдары дайындалып, 1982 жылы ашылған. Барлау бұрғылауы 1984 жылы басталып, 1986 жылы аяқталды.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кенорын тұзкүмбезді құрылымның солтүстік-шығыс қанатында орналасқан антиклин көтерілімге жайғасқан. Ортаңғы юра таужыныстарында мұнай, газ-мұнай және газ горизонттары, ал пермь-триас шөгінділерінде бір газ горизонты бөлінеді. Юра горизонттары 623,6-848 м, пермь-триас горизонты 1134 м тереңдіктерде.

Солтүстік Жолдыбай кен орны

Жатыс сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұнай жатындарының биіктігі 4-28,7 м, газды жатындар биіктігі 3,8-40,6 м. Су-мұнай жапсары -657-840 м, газ-су жапсары -857,5-11-63,4 м белгілерде орналасқан. Жатындар қойнауқаттық күмбездік және қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Терригендік таужыныстардан құралған жинауыштары кеуекті. Мұнайға қаныққан қалыңдығы 5,8-6 м, газға қаныққан қалыңдығы 1,4-1,9 м. Мұнайға қанығу коэффициенттері 0,54-0,6, газға қанығу коэффициенттері 0,46-0,54 аралығында. 5 мм-лік штуцердегі бастапқы шығымдар: мұнайдікі -2,5-40,3 м/тәу, газдыкі -10,6-77,6 мың м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 6,27-10,35 Мпа, температура 36-42°С. Қойнауқат жағдайындағы мұнайдың тығыздығы 881-885 кг/м3.

Мұнайлары аз парафинді (1,47%), аз Шайырлы (9,03%), 0,4-0,57% күкірт, 0,24% асфальтендер бар. Еркін газдың құрамы: метан - 79,74-87,64%, этан - 0,49-6,18%, пропан - 0,65-2,31%, т.б. Жатындардың режимі суарынды. Кенорын 1992 жылдан игерілуде.