Смағұл Сейітқазиев
Смағұл Сейітқазиев (1893, Адай уезі, Форт-Александровск – 1936) – қайраткер. Форттағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген. 1919 – 22 жылы Адай уездік төңкеріс комитетінің тұңғыш хатшысы, 1922 – 28 жылы Адай окр. еңбек бөлімінің кәсіподақ төрағасы, 1928 – 31 жылы уездік «Қосшы» одағының төрағасы, 1931 – 32 жылы Форт-Шевченко ауданы атқару комитетінің хатшысы, 1932 – 36 жылы Красноводск (қазіргі Түрікменбашы) педагогикалық техникумының оқу бөлімінің бастығы, директоры қызметтерін атқарған. 1931 жылы күнкөріс қамымен Түрікменстанға барған қазақ балаларының білім алуы үшін көп еңбек сіңірген. Ғ.Айдаров, Т.Алдашев, Н.Өтебаев, т.б. зиялылар Красноводск педтехникумында Смағұлдан білім алған.[1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10] [11] [12]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
- ↑ «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
- ↑ Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
- ↑ «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998;
- ↑ «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
- ↑ «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;
- ↑ «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
- ↑ «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
- ↑ «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;
- ↑ «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;
- ↑ «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
- ↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |