Мазмұнға өту

Сергей Алексеевич Гороховодацкий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сергей Гороховодацкий Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Сергей Алексеевич Гороховодацкий

Туған күні

31 желтоқсан 1949 (1949-12-31)

Туған жері

Свердловск, КСРО

Қайтыс болған күні

21 мамыр 2022 (2022-05-21) (72 жас)

Азаматтығы

 КСРО,  Қазақстан

Позиция

шабуылшы

Сергей Алексеевич Гороховодацкий (31 желтоқсан 1949 жылы КСРО, РФ Свердловск қаласында туған — 21 мамыр 2022) — кеңес футболшысы, шабуылдаушы, кеңестік және қазақстандық бапкер.

Ойыншы карьерасы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сергей Гороховодацкий – 1949 жылы Свердлов қаласында дүниеге келген. Алғаш допқа деген әуестігі туған жері Свердлов жерінде басталған. Бірақ ол алғашында шабуылшы емес,қақпашы болып бастаған. Бір жыл туған қаласының командасында қақпашы болып өнер көрсеткен. Алғашқы бапкері – Николай Александрович Самарин («Ростов», «Челябинск», «Карпаты», «Уралмаш» сияқты командаларды баптаған). Ал 1966 жылы 17 жасында жергілікті «Уралмаш» командасының сапында екінші таймда ойынға араласады. Бұл кездері «Уралмаш» жоғарғы лигада өнер көрсеткен. Кейіннен команда жоғарғы лигадан шығып қалған соң, Омбы қаласының «Ертіс» командасына ауысады. Бұл команданың сапында бір маусым өткізіп, өз аймағында үшінші орынға қол жеткізеді. Сергей Гороховодацкий келесі екі маусымда Түменнің «Нефтяник» командасында ойнады. Соңғы маусымында 10 гол соғып,сол аймақтың мергендер көшінде екінші орынға тұрақтады. Осыдан кейінгі өмірі тікелей Қазақстанмен байланысты. Геннадий Григорьевич Костюченко деген бапкердің шақыруымен Өскемендік «Востоктың» сапында ауысып, осы командада бірнеше жыл ойнады. «Востокты» сол кездері Владимир Александрович Скулкин кейіннен танымал футболшы Сергей Квочкин жаттықтырған болатын.

Сергей Гороховодацкий 1976 жылы Алматының «Қайратына» ауысады. Сол жылы екінші айналымда «Қайрат» сапында бес рет дубль орындап, барлығы 14 гол соғады. Келесі жылы «Қайрат» Африкаға барып бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Эфиопия құрамасына қарсы ойында жарақат алып, бір жылға қатардан шығып қалды. Ал келесі маусымда бірнеше маңызды голдары соғады. Болашақ чемпион Тбилисидің «Динамосына», алматылық клубтың басты қарсыласы өзбектердің «Пахтакорына», Ереванның «Арараты» сияқты командаларға соққан голдарымен ерекшеленді.

«Қайрат» құрамасы сапында өнер көрсеткен үш жылынан кейін, Сергей Гороховодацкий қайтадан Өскеменге оралады.1981 жылғы маусымда 34 гол соғып Г.Мартьяннің рекордың қайталайды. Целиноградтық «Целинниктың» шабуылшысы Георгий Мартьян бір маусымда дәл осындай 34 гол соққан болатын. 1980 жылы алматылық «Скифке» сосын 1981жылы атыраулық «Каспий» клубына бір ойында бес гол соққаны бар. Сергей Гороховодацкий осылайша пента-триктың екі рет авторы атанды.

Бапкер ретіндегі карьерасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кейіннен Сергей Гороховодацкий Семейдің «Спартагына» ауысып, ойыншылық карьерасын да осы клубта аяқтайды.Ол футболдағы карьерасын аяқтаған соң,бапкерлікке бір жола бет бұрады. Бапкер ретінде мына командаларда қызмет атқарған: 1982 ж. «Спартак» (Семей) 1983-1984 жж. «Авангард» (Петропавл) 1986-1998ж. «Восток» (Өскемен) 1995-1996 жж. Қазақстан (олимпиада құрамасы.) 1998ж. Қазақстан Ұлттық құрамасы, 1998-2001жж. «Жеңіс» (Астана) 2001-2003жж. «Шахтер» (Қарағанды) 2004-2006 жж. «Восток» (Өскемен) 2007ж. «Қайсар» 2008ж. «Қазақмыс» 2009ж. Қазақстан (U-21) 2010-2011 жж. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының жастар құрамасы.

Жеке өмірі.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғары білімі бар. Өскем��н педагогикалық институты, 1977 жыл). Жолдасы — Татьяна (1959 ж.т.), қыздары Яна, Ирина, Марина және ұлы Сергей. Баласы әкесінің жолын қуып, «Восток», «Жеңіс», «Шахтер» клубтарында өнер көрсеткен. Қазіргі күні Суперлигада футбол арбитры болып қызмет жасайды. Жалпы Сергей Гороховодацкий қазақстандық клубтар сапында 141 гол соққан. Талай мәрте Айып соққысын орындаудың хас шебері атанған. Ал жанкүйерлер болса «айып соққысын орындаудың карольі» деген атақ берген көрінеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Статистика на footbook.ru Неизвестный Гороховодацкий на сайте ФК «Кайрат» Футбол. Сергей Гороховодацкий: «Мне не дали доработать с молодежной сборной»