Мазмұнға өту

Семен Ефимович Васильев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Васильев Семен Ефимович
Туған күні

16 ақпан 1894 (1894-02-16)

Туған жері

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы,Пронькин селосы

Қайтыс болған күні

8 қыркүйек 1972 (1972-09-08) (78 жас)

Қайтыс болған жері

Ставрополь

Мемлекет

 КСРО

Әскер түрі

қатардағы жауынгер

Қызмет еткен жылдары

1941—1945

Шайқасы

Ұлы Отан Соғысы

Марапаттары

Васильев Семен Ефимович (16 ақпан 1894 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Пронькин селосы – 8 қыркүйекте 1972 жылы, Ресейдің Ставрополь қаласында) – қатардағы жауынгер, «Даңқ» орденінің 3­-дәрежесінің толық иегері. Прокопьевск қаласында шахтада жұмыс істеген. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1941 жылдың тамыз айынан Екінші дүниежүзілік соғыстың майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. Васильев 70­-атқыштар дивизиясының 538-­артиллериялық миномет полкінің байланысшысы болған. 1945 жылы армия қатарынан босатылып, Ақмола облысының «Белгородский» кеңшарында жұмыс істеген. 1964 жылы Ставрополь қаласына көшіп кеткен.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Даңқ ордені 3 дәрежелі (27.05.1944)
  • Даңқ ордені 2 дәрежелі (31.08.1944)
  • Даңқ ордені 1 дәрежелі (31.05.1945)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын Энциклопедия
  2. Орысша уикипедия