Мазмұнға өту

Ресейдегі президент сайлауы (2024)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

2024 жылғы Ресейдің президенттік сайлауы
1517 наурыз 2024 жыл
Сайлау түрі Президенттік сайлау
Кандидаттар 4
Сайлау органы және нәтижелер
Тіркелгендер 113 011 059
Сайлаушылар саны 87 576 075
77,44 %  +9,9
Жарамды дауыстар саны 86 204 291
Бос және жарамсыз дауыстар 1 371 784
Владимир Путин – Өзін-өзі ұсынушы
Дауыс 76 277 708
87,28 %
Николай Харитонов – РФКП
Дауыс 3 768 470
4,31 %
Владислав Даванков – «Жаңа адамдар»
Дауыс 3 362 484
3,85 %
Леонид Слуцкий – РЛДП
Дауыс 2 795 629
3,20 %
Аумақтар бойынша дауыстар бөлінісі
Ресейдегі президент сайлауы (2024)
Ресей президенті
Босатушы Сайланған
Владимир Путин
Партиясыз
Владимир Путин
Партиясыз
Сайлау логотипі

2024 жылғы 15–17 наурызда Ресейде президенттік сайлау өтті.[1] Бұл — елде өткен сегізінші сайлау және 18 наурызда жарияланған Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше оның нәтижесінде Владимир Путин жалпы дауыстың 87 % астамын жинап, жеңіс жетіп, бесінші рет сайланды.[2] Путиннің инаугурациясы 7 мамыр күні жоспарланған.[3]

2023 жылғы қарашада соғысқа қарсы пікірлері үшін белгілі Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Борис Надеждин тіркелген саяси партиядан қолдау көріп, осы сайлаудағы өз үміткерлігін жариялаған тұңғыш адам болды.[4] Одан кейін қатысатынын белгілі қылған адам президент Владимир Путин болды. Ол 2020 жылы Конституцияға жасалған түзетулердің көмегімен қайта сайлануын заңды қылған еді.[5][6][7] Путиннен кейін РЛДП басшысы Леонид Слуцкий, Коммунистер өкілі Николай Харитонов, «Жаңа адамдар» мүшесі Владислав Даванков пен басқалар өз үміткерлігін жариялады. 8 ақпанда Надеждинның тіркелуден өте алмағаны белгілі болды.[8]

2018 жылғы президенттік сайлауда болғандай, ресейлік оппозицияның ең көрнекті мүшесі Алексей Навальныйға[9][10][11] «қылмыстық істері» себебінен сайлауға қатысуға тыйым салынған және ол сайлау бойы түрмеде қала береді деген болжам көп.[12][13] Навальныйға қарсы қозғалған қылмыстық істерді көпшілік саяси астары бар деп көрді және соның салдарынан көптеген бақылаушылар, әсіресе Батыс елдеріндегі сарапшылар сайлау әділ өтпейді деп санайды. Навальный 2024 жылғы 16 ақпанда, сайлау басталмай тұрғанда түрмеде қайтыс болды.[14] Сарапшылар сайлау барысында 2022 жылы Украинамен кең ауқымды соғысты бастағаннан бері саяси қуғын-сүргіндерді күшейтіп жүрген президент Путиннің үстемдік етуін болжаған.[15]

Сайлаудың соңғы күнінде ресейлік оппозиция «Путинге қарсы тапа-талтүс» (орыс. Полдень против Путина) наразылық акциясын жариялады.

Сайлау жүйесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үміткерлерге қойылған талаптар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресей Конституциясының 81-бабының 3-тармағы бойынша Ресей президенті қатарынан екі мәрте қайта сайлана алмайды. 2020 жылғы түзетулерден кейін Путинның бұрынғы екі мерзімі саналмай қалды да, оған тағы екі рет қайта сайлануға рұқсат берілді.

Жаңа конституцияға сүйенсек, президентікке үміткерге қойылған шектеулер:

  • 35 жастан үлкен болғаны жөн;
  • 25 жыл бойы Ресей тұрғыны болғаны қажет;
  • сайлау кезінде де, оған дейінгі кез келген уақытта да шетел азаматтығы, не шет елде тұруға ықтиярхаттың болмауы жөн.

Үміткерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тіркелген үміткерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орталық сайлау комиссиясына үміткер боламын деген мақсатпен құжаттарын тапсырып қойғандар саны бастапқыда 15 адам болса,[16] ресми тіркеліп, бюллетеньде қалғандар арасында тек төртеуі болған:

Аты-жөні, жасы,
саяси партиясы
Лауазымы Туған өлкесі Сайлауалды
бағдарламасы
Қосымша ақпарат Тіркелген күні
Владислав Даванков
(39)
«Жаңа адамдар»
Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары
(2021–)
Мемлекеттік дума депутаты
(2021–)
Мәскеу

(Ресми сайты)
Партия конгресі Даванковты 2023 жылғы желтоқсанда ұсынды. Оған қоса оны Өсім партиясы қолдады. Даванков өз құжатын 2023 жылғы 25 желтоқсанда және 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырған еді.[17][18] 5 қаңтар 2024
Владимир Путин
(71)
Өзін-өзі ұсынушы
Қазіргі Ресей президенті
(2000–2008, 2012–)
Ресей премьер-министрі
(1999–2000, 2008–2012)
ФСБ директоры
(1998–1999)
Мәскеу

(Ресми сайты Мұрағатталған 14 наурыздың 2024 жылы.)
2023 жылғы желтоқсанда сарбаздарды марапаттау рәсімінде Путин сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Оны Біртұтас Ресей, Әділ Ресей — Ақиқат үшін және т.б. партиялар қолдады.

Путин сайлауға қатысу үшін құжаттарды 2023 жылғы 18 желтоқсанда тапсырып, 20 желтоқсанда тіркелген.[19][20]

29 қаңтар 2024
Леонид Слуцкий
(56)
Либералды-демократиялық партия
Ресейдің Либералды-Демократиялық партиясының басшысы
(2022–)
Мемлекеттік дума депутаты
(1999–)
Мәскеу

(Ресми сайты Мұрағатталған 11 мамырдың 2024 жылы.)
РЛДП Слуцкийді 2023 жылғы желтоқсанда партияның съезінде ұсынды. Ол өз құжаттарын 2023 жылғы 25 желтоқсанда және 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырды.[21][22] 5 қаңтар 2024
Николай Харитонов
(75)
Коммунистік партия
Мемлекеттік дума депутаты
(1993–)
Краснодар өлкесі

(Ресми сайты)
Харитоновты партиясы 2023 жылғы желтоқсанда съез барысында ұсынды.Ол бұрын 2004 жылғы сайлаудағы үміткерлердің бірі болған еді және жалпы дауыстың 13,7 % жинаған. Харитонов өз құжаттарын 2023 жылғы 27 желтоқсанда және 2024 жылғы 3 қаңтарда тапсырған. 9 қаңтар 2024

Қабылданбаған үміткерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Желтоқсанның соңына қарай ОСК 33 түрлі кандидат сайлауға қатысады дегенін, және сол үміткердің 15 ғана құжаттарын тапсырғанын жариялады.

Аты-жөні, жасы,
саяси партиясы
Лауазымы Туған өлкесі Сайлауалды бағдарламасы Қосымша ақпарат Дереккөздер Жинаған қолтаңба
саны
Сергей Малинкович
(48)
Ресей коммунистері
Алтай өлкелік заң шығарушы жиналысының төрағасы
(2021–)
Ресей коммунистері Орталық комитетінің төрағасы
(2022–)
Алтай өлкесі
2023 жылғы 28 желтоқсанда Малинковичты партиясы үміткер ретінде ұсынды және өз құжаттарын 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырды. 2 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы жинаған қолтаңбасында қате тапқанын жариялады. [23]
Жинаған қолтаңбасы
104998 / 105000
[24]
Қабылданған қолтаңбасы
96019 / 105000
[25]
Борис Надеждин
(60)
Азаматтық бастамалар
Долгопрудный қалалық кеңесінің мүшесі
(1990–1997, 2019–)
Аймақтық жобалар және Заң шығару негізі институтының негіздеушісі және президенті
(2001–)
Мемлекеттік дума депутаты
(1999–2003)
Мәскеу облысы

(Ресми сайты)
2023 жылғы 31 қазанда Надеждин Азаматтық бастамалар партиясының атынан президентікке үміткер болатынын мәлімдеді. 26 желтоқсанда ол өз құжаттарын тапсырды да, олар 28 желтоқсанда тіркелген еді. 8 ақпанда ОСК жинаған қолтаңбасының 5 % астамында қате тапқанын айтты, [26][27][28][29]
Жинаған қолтаңбасы
105000 / 105000
[30]
Қабылданған қолтаңбасы
95587 / 105000

Мерзімінен бұрын дауыс беру 26 ақпанда басталып, 14 наурызға дейін созылды, бұл Ресейдің 37 аймағындағы шалғай аудандарда, сондай-ақ 2022 жылы Украинадан тартып алған өңірлерде белгілі бір тұрғындарға дауыс беруге мүмкіндік берген.[31]

Биліктің студенттер мен жастарға дауыс беруге қысым жасауы туралы хабарлар пайда болды. Пермь өлкесіндегі құрылыс колледжінің студенттеріне кампус ішінде дауыс беруге бұйрық берді де, мектеп әкімшілігі бейнебақылау камералары арқылы сайлаушылардың қатысуын бақылаймыз деді. Тула мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттер дауыс бергенін дәлелдеу үшін бюллетеньдің суретін тапсыру керек болды. Оның ректоры да Путинді ашық түрде қолдады. Воронеж мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттер билікке кімге дауыс беріп жатқаны туралы хабарлауға міндетті екенін айтты.[32]

14 наурыздағы кезекті дауыс берудің бірінші туры қарсаңында Путин азаматтарды оның басшылығын қолдағанын көрсете отыра бірігіп дауыс беруге шақырып, бейне үндеуінде «Біз Ресейдің бостандығын, егемендігі мен қауіпсіздігін қорғай отырып, бірге бола алатынымызды көрсеттік» деп, оларды «дұрыс жолдан адаспауға» шақырды.[33]

Кезекті сайлау күндері Камчатка өлкесінде 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де сайлау учаскелері ашылды және Калининград облысында 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылады деп жоспарланған. Сайлау учаскелеріне байқаушыларды жіберуге тек тіркелген кандидаттар мен мемлекет қолдайтын консультативтік-кеңесші органдарға ғана рұқсат етілгендіктен, тәуелсіз бақылаушыларға сайлаудың өту барысын бақылауға тыйым салынды.

Путинге қарсы тапа-талтүс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Еревандағы Ресей елшілігінің ғимаратындағы сайлау учаскесіне кезек, «Путинге қарсы тапа-талтүс», 17 наурыз 2024 жыл

Сайлаудың соңғы күні, 17 наурызда Ресейдегі және шетелдегі сайлау учаскелерінде Ресейлік оппозицияның «Путинге қарсы тапа-талтүс» (орыс. Полдень против Путина) наразылық акциясы өтті.[34] Оның барысында Владимир Путиннің саясатын қолдамайтын Ресей азаматтары президенттік сайлаудың соңғы күні, 2024 жылғы 17 наурызда сағат 12:00-де жаппай сайлау учаскелеріне барды. Акцияның мәні — сайлаушылар өз бюллетеньдерімен бұдан әрі не істейтініне мән бермей, «наразылардың бірлігін көрсету».[35][36][37] Бұл әрекетке шақыру оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың қамауда болып, қайтыс болғанға дейінгі соңғы саяси мәлімдемесі болды. Путинге қарсы тапа-талтүсті қолдағандар арасында Михаил Ходорковский, Дмитрий Гудков және Сергей Гуриев сияқтылар болды.[36]

Жаппай ұстаулар кем дегенде 16 қалада, соның ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Волгоград, Үфі, Иркутск, Барнауыл және Челябіде басталды. 75 астам адам (сағат 16:21 бойынша) ұсталды.[38] Сонымен, Қазанда 20 астам адамды автозакқа отырғызса, Үфіде Навальныйдың суретін бюллетеньдер жәшігіне тастамақ болған ер адам ұсталды.

Қоғамдық пікір

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тіркеуден кейінгі қоғамның үміткерлер жайлы пікірі
Сауалнама
күні
Сауалнамаушы Қалғандары Таңдамағаны Жауап беруден
бас тартқандар
Путин Надеждин Харитонов Слуцкий Даванков
6-10 нау 2024 IRPZ 55,9 % 5,2 % 3,2 % 9,1 % 3,1 % 19,5 % 4 %
6-10 нау 2024 CIPKR 55 % 5 % 4 % 4 % 1 % 30 %
4-6 нау 2024 FOM 56 % 4 % 4 % 3 % 3 % 30 %
4 нау 2024 VCIOM 56,2 % 3 % 2,25 % 4,5 % 25 %
1-5 нау 2024 ExtremeScan 57 % 3 % 1 % 3 % 2 % 22 % 12 %
1-5 нау 2024 CIPKR 61 % 6 % 3 % 5 % 6 % 4 % 15 %
26 ақп– 5 нау 2024 IRPZ 56,2 % 3,2 % 2% 5,6 % 1,5 % 31 % 0,1 %
1-4 нау 2024 Russian Field 66 % 5 % 4 % 6 % 0,4 % 5 % 14 %
2–3 нау 2024 VCIOM 60 % 3 % 2 % 5 % 2 % 17 % 11 %
10–18 ақп 2024 CIPKR 62 % 6 % 3 % 4 % 7 % 5 % 13 %
16 ақп 2024 Алексей Навальныйдың түрмедегі өлімі
15 ақп 2024 VCIOM 61 % 3 % 2 % 3 % 2 % 17 % 13 %
14 ақп 2024 VCIOM 64 % 4 % 3 % 5 % 2 % 2 % 2 %
9–11 ақп 2024 FOM 74 % 3 % 3 % 2 % 1 % 10 % 5 %
8 ақп 2024 VCIOM 57 % 3 % 3 % 4 % 2 % 18 % 14 %
8 ақп 2024 Орталық сайлау комиссиясы Борис Надеждиннің кандидатурасын тіркеуден бас тартты
1–7 ақп 2024 ExtremeScan 63 % 6 % 8 % 12 % 11 %
27–30 қаң 2024 Russian Field 62,2 % 7,8 % 2,3 % 1,9 % 1,0 % 2,5 % 7,8 % 12,8 %
25–30 қаң 2024 ExtremeScan 61 % 6 % 2 % 1 % 2 % 17 % 11 %
11–28 қаң 2024 CIPKR 60 % 7 % 4 % 3 % 0,3 % 3 % 7 % 15 %

Нәтижелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Үміткер Партиясы Дауыс саны %
Владимир Путин Өзін-өзі ұсынушы[a] 76 277 708 88,48
Николай Харитонов Коммунистік партия 3 768 470 4,37
Владислав Даванков «Жаңа адамдар» 3 362 484 3,9
Леонид Слуцкий Либералды-демократиялық партия 2 795 629 3,24
Жалпы дауыс саны 86 204 291 100.00
Тіркелген сайлаушылар/Дауыс бергендер 114 212 734
Дереккөзі: Орталық сайлау комиссиясы(қолжетпейтін сілтеме)

Ресейден тыс нәтижелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан аумағында Путин жеңілді. Мәселен Алматыда оған не бәрі 7-8 % дауыс берген. Ал 63-69 % дауыспен жеңімпаз Владислав Даванков атанды.[39]

Сондай-ақ Арменияда Путинге 8-21 %, ал Даванковқа 48-63 % дауыс берілді. Қырғызстанда Путинге 35 % болса, Даванковта 44 % дауыс болды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 2023 жылғы 6 тамызда New York Timesқа «біздегі президент сайлауы негізінен аса демократия емес, — қымбат келетін бюрократия» деді де, Путин 90 % астам дауыс жинап, қайта сайлана салады деген. Кейін бұл сөзінің жай жеке пікірі болғанын түсіндірді.[40] РБКға берген сұхбатында Песков «Ресейде президент сайлауын өткізу теориялық тұрғыдан міндетті емес» деді, бұны «президенттің қайта сайлануы анық қой» деп түсіндірген.[41]

2023 жылғы 6 қарашада журналист Екатерина Дунцова өзінің сайлауға қатысатынын және бағдарламасының соғысқа қарсы болтанын жариялады. Келесі айда ОСК оның кандидатурасын қабылдамай қалды.[42]

2023 жылғы қарашада бұрын әскери болған ұлтшыл саясаткер Игорь Гиркин сайлауға қатысатынын жариялады, елдегі сайлауларды жалған деді.[43]

2024 жылғы 1 ақпанда оппозиционер Алексей Навальный мен оның одақтастары ресейліктерді сайлаудың үшінші күнінде Путинге қарсы дауыс беруге шақырды.[44] Навальныйдың өлімінен кейін Андрюс Кубилюс пен Михаил Ходорковский Еуропа одағын Ресейдегі сайлауларды заңсыз деп тануға шақырды.

21 ақпанда Қазақстан президенті Тоқаев Путинмен Қазанда кездесті де, Ресей президентін мақтап, сайлау нәтижесінің қандай болатынына күмән келтірмейтінін айтты.[45]

Путинді жеңісімен құттықтаған мемлекет және үкімет басшылары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев,[46] Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев,[47] Қырғызстан президенті Садыр Жапаров,[48] Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев,[49] Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон,[50] Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Иран президенті Эбрахим Раиси[51] болған.

Қосымша ақпарат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Выборы 2024 года, которые могут изменить мировую политику  (орыс.). РБК (10 января 2024). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  2. Russia’s Putin hails victory in election criticised as illegitimate  (ағыл.). Әл-Жазира телеарнасы (17 March 2024). Тексерілді, 18 наурыз 2024.
  3. Статья 82. Вступление в должность Президента Российской Федерации  (орыс.). Ресей Конституциясы. Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  4. Экс-депутат Госдумы с антивоенными взглядами планирует стать кандидатом в президенты России  (орыс.). RTVI ВКонтакте (11 октября 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  5. Выборы не за горами  (орыс.). Коммерсантъ (13 января 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  6. Песков: в Кремле пока не готовятся к выборам президента  (орыс.). Коммерсантъ (23 января 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  7. Путин 2024 жылғы президент сайлауына қатысатынын айтты  (қаз.). SPUTNIK Қазақстан (8 желтоқсан 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  8. Чуда не произошло: Надеждину отказали в регистрации. В бюллетене не будет антивоенного кандидата  (қаз.). Meduza (8 ақпан 2024). Тексерілді, 16 ақпан 2024.
  9. Трояновский, Антон Russian Activist Navalny Sentenced to More Than 2 Years in Prison  (ағыл.). The New York Times (2 February 2021). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  10. Gershikovich, Evan What Appeared to Be a United Opposition During Moscow’s Vote Protests Is Fraying — Again  (ағыл.). The Moscow Times (27 August 2019). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  11. Russian authorities raid opposition leader Navalny’s offices  (ағыл.). AP News (28 April 2021). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  12. Kremlin foe Navalny can run for president 'after 2028'  (ағыл.). France 24 (17 October 2017). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  13. Bennetts, Marc Russia rejects concerns over banning of Alexei Navalny from elections  (ағыл.). The Guardian (26 December 2017). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  14. Байтас, Бек Оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды  (қаз.). Orda.kz (16 ақпан 2024). Тексерілді, 16 ақпан 2024.
  15. Kapoor, Nivedita Putin 2024: Political institutions and democracy in Russia  (ағыл.). ORF (14 July 2020). Тексерілді, 25 қаңтар 2023.
  16. Документы в ЦИК представили шесть самовыдвиженцев и девять кандидатов от партий  (орыс.). Первый канал (28 декабря 2023). Тексерілді, 25 қаңтар 2024.
  17. Что известно о Владиславе Даванкове. TACC. Тексерілді, 24 желтоқсан 2023.
  18. Колесник, Вероника Даванков подал документы в ЦИК для участия в выборах президента от "Новых людей"  (орыс.). Известия (25 декабря 2023). Тексерілді, 25 желтоқсан 2023.
  19. Путин подал документы для участия в выборах президента  (орыс.). РИА Но��ости (18 декабря 2023). Тексерілді, 16 ақпан 2024.
  20. ЦИК зарегистрировал группу избирателей в поддержку Путина  (орыс.). Коммерсантъ (20 декабря 2023). Тексерілді, 16 ақпан 2024.
  21. Майер, Анастасия және Снегова, Дарья ЛДПР выдвинула Слуцкого кандидатом в президенты России  (орыс.). Ведомости (19 декабря 2023). Тексерілді, 25 желтоқсан 2023.
  22. Слуцкий подал документы в ЦИК для участия в выборах президента. TACC. Тексерілді, 25 желтоқсан 2023.
  23. Лидер партии "Коммунисты России", депутат Алтайского краевого законодательного собрания Сергей Малинкович подал...  (орыс.). Лента новостей Житомира (1 января 2024). Тексерілді, 1 қаңтар 2024.
  24. Три кандидата собрали подписи для участия в президентских выборах  (орыс.). Ведомости. Тексерілді, 24 қаңтар 2024.
  25. ЦИК: действительных подписей Надеждина недостаточно для регистрации кандидатом  (орыс.). Коммерсантъ (8 февраля 2024). Тексерілді, 24 қаңтар 2024.
  26. В РФ появился первый кандидат на пост президента  (орыс.). ura.news (31 октября 2023). Тексерілді, 31 қазан 2023.
  27. Надеждин подал документы в ЦИК для участия в выборах президента  (орыс.). РИА Новости (26 декабря 2023). Тексерілді, 26 желтоқсан 2023.
  28. ЦИК нашел в подписях за Надеждина больше допустимых 5% брака  (орыс.). Коммерсантъ (8 февраля 2024). Тексерілді, 26 желтоқсан 2023.
  29. Исправлено: ЦИК рекомендовал не допустить Бориса Надеждина до участия в президентских выборах  (орыс.). Медуза — Telegram. Тексерілді, 26 желтоқсан 2023.
  30. Надеждин 2024. nadezhdin2024.ru. Тексерілді, 15 қаңтар 2024.
  31. Russia Kicks Off Early Voting in Occupied Ukrainian Regions  (ағыл.). The Moscow Times (26 February 2024). Тексерілді, 27 ақпан 2024.
  32. ‘Make the Young Fall in Love With Putin’: Young Russians Pressured to Vote as Kremlin Demands Record Turnout  (ағыл.). The Moscow Times (14 March 2024). Тексерілді, 15 наурыз 2024.
  33. ‘Make the Young Fall in Love With Putin’: Young Russians Pressured to Vote as Kremlin Demands Record Turnout  (ағыл.). France 24 (14 March 2024). Тексерілді, 15 наурыз 2024.
  34. Третий день выборов и акция "Полдень против Путина"  (орыс.). Азаттық радиосы (17 марта 2024). Тексерілді, 15 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 17 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
  35. Жуков, Евгений Третий день выборов и акция "Полдень против Путина"  (орыс.). Неміс толқыны (17 марта 2024). Тексерілді, 15 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 6 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
  36. a b Навальный призвал сторонников выйти на акцию «Полдень против Путина» во время выборов. Какой в ней смысл? Это что-то вроде флешмоба с фонариками? «Бумага» поговорила с автором этой идеи — бывшим депутатом Максимом Резником  (орыс.). Meduza (6 марта 2024). Тексерілді, 15 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 16 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
  37. Роскомнадзор заблокировал сайт проекта "Полдень против Путина"  (орыс.). Азаттық радиосы (2 марта 2024). Тексерілді, 15 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 3 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
  38. Выборы президента России. Список задержанных 17.03.2024 г.  (орыс.). ОВД-Инфо (17 марта 2024). Тексерілді, 15 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 18 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
  39. Путин Қазақстандағы сайлауда жеңілді
  40. Таиров, Ринат Песков объяснил слова о выборах как «дорогостоящей бюрократии» и победе Путина с 90%  (орыс.). Forbes (6 августа 2023). Тексерілді, 2023+4-02-18.
  41. Kremlin Spokesman Claims Putin Will Easily Win Reelection Next Year  (ағыл.). Азаттық радиосы (7 August 2023). Тексерілді, 18 ақпан 2024.
  42. Батыров, Тимур ЦИК не допустил Екатерину Дунцову до президентских выборов в России  (орыс.). Forbes (23 декабря 2023). Тексерілді, 18 ақпан 2024.
  43. Wong, Vicky Putin critic Girkin wants to stand in Russia presidential election  (ағыл.). BBC News (19 December 2023). Тексерілді, 18 ақпан 2024.
  44. Navalny Calls for Election Day Protest Against Putin, Ukraine Invasion  (ағыл.). The Moscow Times (1 February 2023). Тексерілді, 18 ақпан 2024.
  45. Тоқаев Путинді мақтап, Ресей президентін сайлау нәтижесі қандай болатынына күмән келтірмейтінін айтты  (қаз.). Азаттық радиосы (22 ақпан 2024). Тексерілді, 2 наурыз 2024.
  46. Тоқаев Путинді жеңісімен құттықтады  (қаз.). Sputnik (18 наурыз 2024). Тексерілді, 18 наурыз 2024.
  47. Mirziyoyev congratulates Putin on his victory in presidential elections  (ағыл.). kun.uz (18 March 2024). Тексерілді, 18 наурыз 2024.
  48. Садыр Жапаров Владимир Путинди шайлоодогу жеңиши менен куттуктады  (қырғ.). Sputnik (18 наурыз 2024). Тексерілді, 18 наурыз 2024.
  49. Алиев по телефону поздравил Путина с победой на выборах президента РФ  (орыс.). ТАСС (18 марта 2024). Тексерілді, 18 наурыз 2024.
  50. Эмомали Рахмон направил поздравительную телеграмму Владимиру Путину  (орыс.). asiaplus.tj (18 марта 2024). Тексерілді, 18 наурыз 2024.
  51. Мадуро, Ким Чен Ын, Си и Раиси поздравили Путина с победой  (орыс.). Азаттық радиосы (18 марта 2024). Тексерілді, 18 наурыз 2024.