Мазмұнға өту

Рентген

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Рентгенрентгендік және гамма-сәулелердің экспозициялық дозасының жүйеден тыс өлшем бірлігі.[1]

Ол сол сәулелердің ауаны иондау әсері бойынша анықталады. Бірліктің аты В.К.Рентгеннің құрметіне қойылған. ��л қысқаша Р (орысша), не R (халықаралық) таңбасы арқылы белгіленеді. Бірліктердің халықаралық жүйесінде экспозициялық дозаның бірлігі ретінде 1 Кл/кг алынады. 1Р=2,5797610-4 Кл/кг.

Рентгенатомдық жарылыс кезіндегі сәулелену шамасын өлшеуге арналған арнайы өлшем бірлігі. Рентген — қалыпты қысым мен 2 млрд. жұп ион түзетін температурада 1 текше см ауа шығаратын гамма-сәулелену шамасы.[2]

Ренттен өлшегіш

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рентген өлшегіш (орыс. Рентгеномер) — залалданған аудандағы радиация шамасының деңгейін өлшеуге арналған құрал. Ол сағатына бірнеше жүздеген ренттенге жететін радиация деңгейін өлшей алады және залалданған аудан мен күштерді, кауіпті залалдану өңірінің шегін белгілей алады.

Рентгендік сәуле шығару

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рентгендік сәуле шығару (орыс. Рентгеновское излучение) — толқындарының ұзындығы 10-7 ден 10-12 м-ге дейін болатын көзге көрінбейтін электромагниттік сәулелер. Ол көптеген тұнық емес материалдардан өтеді. Рентгентүтікшелер, радиоактивті изотоптар, электрондарды тездеткіштер, ядролық жарылыстар рентгендік сәуле шығару негізі болыл табылады. Рентгендік сәуле шығару фотоүлбірлер, люминесцентті экрандар, ядролық сәулелену детекторлары арқылы тіркеледі. Ғылыми зерттеулерде, медицинада, ақау көргіштерде және т.б. қолданылады.

Рентгеннің биологиялық эквиваленті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рентгеннің биологиялық эквиваленті (РБЭ) (Биологический эквивалент рентгена (БЭР)) — биологиялық әсері 1 Р. грамм-сәулелену әсеріне эквивалентті, өтіп кететін сәулеленудің (альфа сәулелену, бета сәулелену немесе нейтрондық ағымдар) кез келген түрінің саны (дозасы).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Турфнов Г.Е. Рентгенография // Рентген ашылу тарихы — 3. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2013. — Т. 2. — Б. 34. — 496 б.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ, 2001