Мазмұнға өту

Редьярд Киплинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Rudyard Kipling

Photogravure from 1926
Мансабы: Қысқа әңгімелер жазушы, Новелист, ақын, журналист
Ұлты: Британдық
Жанры: Қысқа әңгімелер, романдар, балаларға арналған әдебиет, өлеңдер, travel әдебиет, Ғылыми Fiction
Елеулі шығармасы(лары): The Jungle Books
Just So Stories
Kim
Елеулі сыйлығы(тары): Әдебиет саласында Нобель сыйлығы
1907

Джозеф Редьярд Киплинг (ағылш. Joseph Rudyard Kipling) (30 желтоқсан 1865, Бомбей — 18 қаңтар 1936, Лондон), ағылшын жазушысы, ақыны және новеллашысы.

Оның ең үздік шығармалары "Джунгли Кітабы", (The Jungle Book), «Ким» (Kim), өлеңдері «Ақырғы ән шырқау» (Recessional). 1907 жылы әдебиет саласында Киплинг Нобель сыйлығына ие болған ең алғашқы ағылшын болады. Сол жылы ол Париж, Страсбург, Афиналар және Торонто университеттерінің сыйлықтарына ие болады. Оған қоса Оксфорд, Кембридж, Эдинбург және Дарем университеттерінің беделді атақтарының иегері. (30.12.1865, Үндістан, Бомбей – 18.1.1936, Ұлыбритания, Лондон) – ағылшын жазушысы. Өз туындыларында қарапайым адамдардың, қатардағы жауынгерлердің ар мен сезім тазалығын, адамгершілік қасиеттерін, адал еңбегін шынайы суреттеді. “Қазарма жырлары” (1892), “Жеті теңіз” (1896), “Бес ұлт” (1903) өлең жинақтары, “Тау хикаялары”, “Рикша-аруақ” әңгімелер кітаптары (екеуі де – 1888), “Жарық сөнді” (1890), “Ким” (1901) романдары кеңінен мәлім. Жабайы аңдар арасында өскен адамның баласы Маугли туралы “Джунгли кітабы” (1894), “Джунгли жайлы екінші кітап” (1895) атты ертегілері балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Нобель сыйлығының лауреаты (1907). Киплинг шығармалары “Ертегілер” (1968), “Маугли” (1983; ауд. Р.Рақымбеков) деген атпен қазақ тілінде басылып шықты. Композитор А.Серкебаев “Маугли – менің бауырым” атты рок-опера-балетін жазды (1980, либреттосы Д.Нақыповтікі).

Киплингтің салыстыруларға бай тілі, ағылшын тілінің сөздік құрам қоржынына үлкен үлесін қосты.

Оның кітаптарымен көптеген кинофильмдер мен мультфильмдер түсірілді. Кішкентайында Мауглиді көрмеген қазақ кем де кем шығар...

Көзқарастары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Киплинг — талантты ақын болуымен қатар колониализмнің, империализмнің жыршысы да болған. "Ақ адамның жүгі" деген ұғымды ойлап тапқан. Оның көзқарастары осы аттас өлеңнен де жақсы көрінеді.

Түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Редьярд Киплинг жұмыстары Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2009 жылы., Аделаида Университеті