Мазмұнға өту

Рахметолла Сайфоллаұлы Хайруллин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Рахметолла Сайфоллаұлы Хайруллин 1957 жылы 9 мамырда Ақтөбе қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Хайруллин Сайфолла (1928-1996), партия-кеңес органдарында қызмет атқарған. Анасы - Хайруллина Роза Жақсылыққызы (1935 жылы туған), зейнеткер.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1979), заңгер.

1979 жылдан Ақтөбе қаласы Пролетар ауданының прокуратурасында сынақ мерзімінен өтуші.

1980 жылдан Ақтөбе қаласы Фрунзе ауданының прокуратурасында тергеуші, аға тергеуші.

1982 жылдан Ақтөбе облысының прокуратурасында тергеу бөлімінің прокуроры, аға тергеушісі, облыстық прокуратураның АМІ жөніндегі тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы.

1992 жылдан - ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының аға прокуроры, бас прокурордың халықаралық-құқықтық мәселелер жөніндегі аға көмекшісі.

1993 жылдан - ҚР Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасы бастығының орынбасары.

1994 жылдан - ҚР мемлекеттік кеңесшісінің консультанты, ҚР Президенті Аппаратының заңдылықты, құқық тәртібін жене сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты.

1995 жылдан - ҚР Бас прокуратурасының Сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының және жаза орындалуының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы.

1997 жылдан Батыс Қазақстан көлік прокуроры.

2001 жылдан батыс аймақтық көлік прокуроры (Ақтөбе қаласы).

2002 жылдан - ІЛІҚО прокуроры.

2003 жылдан ҚР Бас прокуратурасының Қүқықтық статистика және арнайы есептер жүргізу комитетінің төрағасы.

2004 жылдан ҚР Бас прокуратурасының Қуқықтық статистика және арнайы есептер жүргізу комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2005 жылдан Алматы қаласы прокурорының орынбасары.

2006 жылдан Оңтүстік-Шығыс аймақты көлік прокурорының орынбасары.

2007 жылдан - Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2010 жылдың ақпан айынан бері - Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы - Хайруллина Тюльпан Сапарғалиқызы (1955 жылы туған). Қызы - Индира (1986 жылы туған); ұлы - Арман (1990 жылы туған).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2