Портал:Босния және Герцеговина/Кіріспе
Көрініс
Босния мен Герцеговина — Балқан түбегінің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет. Жерінің аумағы 51 мың км². Халқы 4,4 млн. Халқының 31,4%-і — сербтер, 17,3%-і — хорваттар, қалғандары албандар, түріктер және т.б. ұлт өкілдері. Астанасы — Сараево қаласы. Ресми тілдері: босния, сырыб, хорват тілдері. Тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар, бұған қоса православие және католик дініндегілер де тұрады. Париж бейбіт келісімі бойынша Босния және Герцеговинаны 3 адамнан тұратын Президиум басқарады. Заң шығарушы орган — Парламент ассамблеясы, үкіметті Министрлер кеңесі басқарады.