Партиялық жүйе
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.[1]
Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән. Алайда, көппартиялық жүйелердің нақтылы құрылымы әр елде әрқилы. Осылайша, Жапония мен Италияда бір үстем партиямен көппартиялық жүйе қалыптасты. Жапонияда тек 1993 ж. ғана билік басындағы үстем либералды-демократиялық партия��ы бірнеше партиялардан қүралған одақ (коалиция) алмастырды. АҚШ, Англия, Канада және т.б. бірқатар елдерде анағұрлым ықпалды екі партия бар партиялық жүйе қалыптасқан. Авторитарлы саяси тәртіпке әдетте бірпартиялық принцип тән. Мұнда елдегі заңды жағдайдағы партиялардың ресми саны емес, бір партияның занды түрде билеуші үстем партия болып бекітілуінде. Ӏс жүзінде бұл партияның рөлі мемлекет жетекшілігіне бұқаралық қолдауды ұйымдастырумен шектеледі. Бірқатар авторитарлық тәртіптер ресми мойындалған нақтылы екі немесе одан да көп партияларға рұқсат беріп, қалғандарына тыйым салады. Бірақ осы жағдайда рұқсат етілген партиялардың қызметі едәуір шектеледі. Саяси өмірде олар қосалқы рөл атқарады, өйткені шынайы мемлекеттік саясатқа ықпал ете алмайды. Тоталитарлық саяси тәртіпке өзіндік партиялық жүйе тән. Мұнда тек қана бір саяси партия қызмет етеді, қалғандары таратылып, тыйым салынады. Алайда, авторитарлыққа қарағанда бұл саяси партия мемлекеттік биліктің басында тұрады, қоғамда үстемдік етеді. Пар¬тияның аппараты мемлекеттік аппаратпен біте қайнасып жатады. Бұл, әдетте партиялық және мемлеттік қызмет шекарасының шайылуына әкеліп соқтырады. Мұндай жүйелердің пайда болуына билікті жүзеге асырудың демократиялық әдістерінің дағдарысы себеп болады. Қазіргі кезде мұндай жүйелер халықаралық қауымдастық алдында және сол қоғам пікірінде өздерін әшкерелеген құрылымдар ретінде саяси сахнадан шығып қалуда.
Партиялардың пайда болуы, қалыптасу эволюциясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болады. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылу ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы тобының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларда құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар қосылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті:
- аристократиялық үйірмелер;
- саяси клубтар;
- көпшілік партиялар.
- Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден ерекшелігі – олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды. Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі – олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.с.с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды. Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партияларының көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф.Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIXғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады. Тәуелсіздік жолындағы (1775-1783жж.) болған соғыстан кейін ХVІІІ ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басында АҚШ-та федералшылар және республикашылар партиялары өмірге келді. Бұдан кейінірек бұқаралық саяси партиялар ХІХ ғасырдың екінші жартысында Еуропада құрыла бастады. 1831 жылы Ұлыбританияда құрылған либералдық (Реформ клаб-виги) партия - тұңғыш бұқаралық саяси партия болды. 1847жылы косервативтік (Карлтон клаб-тори) партия, 1832 жылы Италияда республикалық, 1847жылы Швейцарияда - радикалды – демократиялық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф.Лассальдың басшылығымен) құрылды. 1854 жылы Канадада прогресшіл – консервативтік партиялар өмірге келген еді. ХІХғасырдың соңына қарай Батыс Еуропа елдерінің көпшілігінде бұқаралық (негізінен социал-демократиялық) партиялар құрылды. Қазіргі кезде саяси партияларға қоғамды ұйымдастырудың саяси түрі ретінде оның қалыптасу эволюциясына, дүние жүзілік тәжірибесіне көңіл аударудың маңызы зор және оған қажеттілік туып отыр. Себебі, саяси партия өзінің үш-төрт ғасырлық өміріне қарамастан адамзат өркениетінің ең негізгі жетістіктерінің бірі болып есептелетін институт. Екіншіден, кез келген қоғамда қоғамдық өмірінің негізгі жақтарының бірі-саясат. Ал саясат-мемлекеттік билік мәселесі бойынша әр түрлі қоғамдық күштер өзара қарым-қатынас жасайтын орталық. Ол қоғамдық күштер міндетті түрде белгілі бір топтың, таптың мүддесін қорғап отырады да, сонымен бірге, олар саяси қатынастың алғашқы қатысушылары болып есептеледі. Сол әлеуметтік мүдденің ортақ болуынан пайда болған қоғамдық күштер ең алдымен өздерінің ұйымын құрады, ол ұйымдар көп жағдайда саяси партия болып құралады. Саяси партияның пайда болып қалыптасуы, қоғамның тапқа бөлініп күресінің өріс алуына, әсіресе саяси өкімет үшін таластың шиеленісуіне байланысты. «Таптардың бөлінуіне негізделген қоғамда бір-біріне жау таптардың арасындағы күрес өзінің белгілі бір даму деңгейінде сөзсіз күреске айналады. Таптардың саяси күресінің ең тұтасталған, толыққан және қалыптасқан көрінісі-партиялардың күресі болып табылады»-деген болатын Ленин. Сонымен саяси партияның өмірге келуі таптың саналы өкілдерінің таптық міндетті танып білуінен және белгілі бір идеология, саяси бағдарлама түрінде көрініс табуынан көрінеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |