Пан Ги Мун
Пан Ги Мун кор. 반기문 | ||||
Пан, 2016 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
1 қаңтар 2007 — 31 желтоқсан 2016 | ||||
Ізашары | Кофи Аннан | |||
Ізбасары | Антониу Гутерреш | |||
| ||||
17 қаңтар 2004 — 1 желтоқсан 2006 | ||||
Президент | Но Му Хён | |||
Ізашары | Юн Янг Хван | |||
Ізбасары | Сон Мин Сун | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | Сеул Ұлттық Университеті | |||
Дүниеге келуі | 13 маусым 1944 (80 жас) Тюсю, Жапония отарындағы Корея (қазіргі Чхунджу, Корея Республикасы) | |||
Жұбайы | Ю Сон-Таек (1971 үйл.) | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
Пан Ги Мун (кор. 반기문, 13 маусым 1944 жыл, Чхунджу) — оңтүстік кореялық саясаткер және дипломат, 2007 және 2016 жылдар аралығында қызмет еткен БҰҰ-ның 8-Бас хатшысы. Бұрын Пан Корея Республикасының Сыртқы істер және Сауда министрі (2004-2006) де болған.
1970 жылы Сеул Ұлттық Университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген және кейін Гарвард университетінің мемлекеттік басқару Джон Кеннеди мектебінде 1985 жылы магистр деңгейін алған Пан оқуын бітірген жылы Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа орналасып, лауазымын Үндістанның Дели қаласында алды. Министрліктегі қызмет барысында қарапайымдылығымен танымалдылыққа ие болды.
2004 жылғы қаңтар мен 2006 жылғы қараша аралығында ол Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2006 жылғы ақпанда ол БҰҰ Бас хатшысы лауазымына сайлау науқанын бастады. Бастапқыда ол оған қол жеткізе алатын үміткер деп саналмаса да, Оңтүстік Корея үкіметіндегі лауазымының арқасында оған Бас Ассамблеяға үміткер ұсынатын органы, Қауіпсіздік кеңесінің, құрамындағы барлық елдерге саяхаттауға рұқсат етілді.
Сайланғаннан кейін Пан Ги Мун БҰҰ Бітімгершілік күштері сияқты салаларды реформалауға көптеген күш жұмсады. Дипломатиялық салада ол Судан президенті Омар Хасан Ахмад әл-Баширді бітімгершілік күштердің осы елге араласуына мүмкіндік беру үшін сендіруге көмектескен Дарфурдағы қақтығыстарға назар аударды. Бұған қоса, ол АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Уокер Бушты жаһандық жылынуға қарсы әрекет ету үшін үнемі қысым көрсетіп отырды.
2016 жылғы БҰҰ Бас хатшысы лауазымынан кеткеніне қарамастан Пан қазір зейнетте емес; ол әлі де халықаралық ынтымақтастық, адам құқықтары мақсаттарын алға тартады, түрлі халықаралық ұйымдарда жұмыс істеп жүреді.[1][2]
БҰҰ-ның Бас хатшы орнындағы жұмысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылғы 14 қазанда Пан БҰҰ Бас хатшысы болып сайланған да, 14 желтоқсанда антын қабылдап, 2007 жылғы 1 қаңтарда Кофи Аннанның ізбасары болып жұмысқа кірісті.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ban Ki-moon Is Not Leading the U.N. Anymore, but He’s Still Working to Make Change (ағыл.). The New York Times (27 September 2022). Тексерілді, 28 желтоқсан 2024.
- ↑ Бешир, Маргарет Пан Ги Мун: после ООН (орыс.). Америка даусы (14 декабря 2016). Тексерілді, 28 желтоқсан 2024.
|