Оңтүстік Жетібай кен орны
Оңтүстік Жетібай кен орны | |
43°25′43″N 52°08′30″E / 43.4287386°N 52.1416283°E | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Ашылған уақыты | 1968 жыл |
Жылдық өнімі | 151 мың тонн (2010 ж.) |
Жер қойнауын пайдаланушы | Маңғыстаумұнайгаз |
Оңтүстік Жетібай — Оңтүстік Маңғыстау ойысымындағы мұнай-газ-конденсат кен орны. Көтерілім 1962-1964 жылдары табылып, 1968 жылы нақтыланып ашылды. 1972 жылы триас шөгінділеріндегі жатындар белгілі болды.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығыста 75 км-де, Жетібай кен орнының оңтүстігінде 4,5 км жерде орналасқан.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кен сиыстырушы құрылым, ірі тектоникалық тұрғыдан алғанда, батысында Оңтүстік Жетібай, шығысында Нормауыл көтерілімдерімен күрделіленген ендікке жуық бағыттағы ассиметриялы брахиантиклиналь қатпар. Аален жікқабатының табаны (-2640 м-лік тұйықтаушы изогипса) бойынша көтерілімнің өлшемдері 4,8x1,1 км. Тереңдеген сайын оның өлшемдері өсе түседі, триастың анизий жікқабатының табаны бойынша 12x2,5 км-ге, амплитудасы 450 м-ге жетеді. Көтерілімнің оңтүстік қанаты біраз тік және аален шөгінділерінде байқалмайтын лықсымамен күрделіленген. Ортаңғы және төменгі юра, триас шөгінділерінің өнеркәсіптік мұнай-газдылығы анықталған. 15 горизонт бөлінген, өнімді қабат қалыңдығы 2000 м-ге жетеді. Стратиграфиялық бағанада бұлардан 7 горизонт ортаңғы юраның бат, екеуі - байос, үшеуі - аален жікқабатына, біреуі - төменгі юраға және екеуі - төменгі триастың оленек жікқабатының шөгінділеріне жатқызылған.
Қанығу сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қанығу сипаты бойынша төрт горизонт мұнайлы, екеуі газды, екеуі газ-мұнай-конденсатты және екеуі газ-конденсатты. Табиғи қорқоймасының типі жағынан төрт қойнауқаттың жатындары шомбал, екеуінікі қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, қалғандары қойнауқаттық. Жинауыштардың кеуек және аралас (кеуекті-ұралы-жарықшақты) типтері бөлінге��. Екі қойнауқаттың пайдаланудағы ұңғымалары бойынша мұнай шығымы 10 мм-лік штуцерде 192 м3/тәу, ал бір горизонтта 9 мм-лік штуцерде 27,5 м3/тәу болды.
Тығыздығы, құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұнайының тығыздығы 855-868 кг/м3, тек бір ғана жатынның мұнайы жеңіл (841 кг/м3). Мұнайлардың газға қанығу дәрежесі 64 м3/т-дан 99 м3/т-ға дейін өзгереді. Ортаңғы юра жатындарының газы өзінің құрамы жағынан ауыр, этан ұстаушы. Таулардағы ауыр көмірсутектердің үлес салмағы 14%-дан 39%-ға дейін жетеді. Газдың метандық құраушысы тереңдеген сайын 56%-дан 80,1%-ға дейін өседі. Бір жатын газының құрамында азоттың жоғары мөлшері (16,15%) байқалды, өзге жатындарда оның мөлшері аз, 1,3-4,4% шамасында, кейде 1,4%-ға дейін көмірқышқыл газы ұшырасады. Еркін газдағы ауыр көмірсутектер 18,2%-га дейін жетеді. Триас жатындарының газы жеңіл, метандық құраушысы 91%-ды құрайды. Тұрақты конденсат мөлшері юра жатындарында 108 г/м3, триас шөгінділерінде 125 г/м3 болды. Хлоркальцийлі типгі қойнауқат суларының тығыздығы 1074-1110 кг/м3. Сулардың жалпы минералдылығы юра горизонттарында 132-152 г/л, триас суларынікі 102,2 г/л. Суларда йод, бор, бром бар. Бұл кен орны 1973 жылдан игерілуде.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5