Ор (өзен)
Ор өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 332 км |
Су алабының ауданы |
18600 км² |
Су алабы | Жайық алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Мұғалжар тауы |
• Биіктігі | 303 м |
• Координаттары | 49°31′23″N 58°32′52″E / 49.52306°N 58.54778°E |
Сағасы | Жайық өзенінің сол жағы |
• Орналасқан жері | Орск қаласы тұсында (Ресей) |
• Биіктігі | 181 м |
• Координаттары | 51°11′08″N 58°32′28″E / 51.18556°N 58.54111°E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан Ресей |
Аймақ | Ақтөбе облысы, Орынбор облысы (Ресей) |
Ор – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 332 км, су жиналатын алабы 18600 км2.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұғалжар тауының солтүстік-батысындағы бұлақтардан басталып ( Шилі, Терісбұтақ, т.б.), Орск қаласы тұсында (Ресей) Жайық өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аңғары кең (1 – 3 км), сағасына жақын тұста 18 – 20 км-ге жетеді. Арнасы 5 м, төменгі ағысында 80 м-ге жетеді. Өзеннің ірілі-ұсақты 14 саласы бар. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толысады. Сәуірде тасып, су деңгейі 5 м-ге дейін көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 4,05 м3/с-тен (Қопа ауылы тұсында), төменгі ағысында 13,0 м3/с-ке дейін (Майлытөбе ауылы тұсында). Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына, мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады.[1]
Қазіргі кезде суы өте азайып кетуіне байланысты, осыдан 15-20 жыл бұрынғы деңгейінен 2 есеге жіңішкерген. Және балық саны өте аз. Қазақстан үкіметі тарапынан балық аулауды шектеу немесе уылдырық шашатын уақытында қатаң бақылау қажет, өйткені заңсыз балық аулау көбейіп, ау құрып өзеннің балық қоры өте азайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Рычков П.И., История Оренбургская (1730 – 1750). Оренбург, 1896; Борисов А.Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001.