Орталық Азиядағы су проблемалары
Орталық Азиядағы су проблемалары — бұл Орталық Азия мемлекеттерінің су қорының азаюы.
Орталық Азия республикаларының мемлекетаралық қарым-қатынастарындағы потенциалды проблемалардың бірі — көпшілік қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің салдары ретінде қарауға бейім су ресурстарының жетіспеушілігі. Сондықтан көптеген су проблемаларының пайда болуы бір ауыздан кеңестік жоспарлы экономиканың мұрасы ретінде қарастырылады.
Қырғызстан мен ішінара Тәжікстанның аймақтағы су қожайындарына айналуының нәтижесінде, қазіргі кезде орын алып отырған алауыздықтар мен Орталық Азия республикалары арасында аймақтық су ресурстарын бөлісу мәселелері бойынша келіспеушіліктер пайда болды.
Оның үстіне сирек табиғи құнарлы аңғарларды (Ферғана аңғарындай), ірі және шағын өзен шұраттарын жөне тауларға жапсарлас аумақтарды есепке алмасақ, Орталык Азияның көпшілік бөлігін шөлдер мен шөлейт аймақтар құрайды.
Отырықшылық егіншілік мәдениеттің шектеулі ошақтарының Орталық Азияның нақ осы шамалы бөлігінде пайда болғаны кездейсоқтық емес. Сирек шұраттарда демографиялық жағдай табиғи жағдайларда шектеулі мөлшерден аспаған кезде судың жетіспеушілік проблемасы шын мәнінде пайда бола койған жоқ.
Ресей имериясы құрамындағы Орталық Азия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жағдай Орталық Азияның Ресей империясының құрамына енуінен кейін біртіндеп өзгере бастады. Өйтені қоғамның дәстүрлі құрылымын өзгертуге бағытталған метрополия саясаты табиғи демографиялық жағдайға өз ізін қалдыратын еді.
Ресей Ғылым академиясы этнология мен антропология институтының Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі В. Бушковтың пікірінше:
- «Орталық Азиядағы судың жетіспеушілігі проблемасы XIX ғасырдың екінші жартысында, Орталық Азияның көптеген аудандарында малшы-көшпелілердің елеулі бұқарасын отырықшы өмір салтына көшірген кезде (мұнда әңгіме, негізінен, кейіннен мемлекеттің этнониміне айналған көшпелі өзбектер жөнінде болып отыр) пайда болып, сумен қамтамасыз ету мәселесі елеулі түрде шиеленісе түсті. Мысал үшін, сол кезде Қоқан кандығының өкімет орындары заманы үшін орасан болып табылатын жаңа ирригациялық тармақты салуга күш-жігерлерін жұмсады.»
Алайда техникалық мүмкіндіктер шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайларына бейімделуге мүмкіндік бермеді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезіндегі халықтың табиғи өсімінің күрт артуы басқа проблемалармен қатар су проблемаларының шиеленісуіне әкеп соқты.
- «1906 жылға жататын бір құжатта: "Тәжіктер мүмкіндігі болған жердің бәрінде суарылатын жердің ауданын кеңейтуде, бұл мақсат үшін жаңа магистральдың арықтар Жүргізді және баяғыда тастап кеткен ескілерін қайта қалпына келтірді", — деп хабарланды.»
Сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілу мәселесімен Ресейлік императорлық әкімшілік те кездесті. Оның "аштық" даласын суландыру жолында көп күш жұмсауына тура келді. I Николай атындағы, Романовский және Бахур-арық атанған каналдарды салудың нәтижесінде 1915 жылы 45 мың десятина жер суландырылды. "Аштық даласының" батыс бөлігін суландыру мақсатында 1912 жылы Ескі Түйетартар каналын тазарту жұмыстары басталды.
- «Мұнда бір жарым айдың ішінде 100 мың адам жұмыс істеді, нәтижесінде 2 мың десятина жер суландырылды. XX ғасыр үшін жұмыстың жеткілікті дәрежедегі орасан көлемінің өзі, суды пайдалану төңірегіндегі күрделі жағдайдың сол кезде-ақ орын алғанын айтып тұр.(В. Бушков).»
Су мәселелерінің себептері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бoc жатқан жерлерді белсенді түрде игеру, ,белсенді шаруашылық жүргізу аумағын кеңейтіп, әлеуметтік жағынан Орталық Азия халқының табиғи өсімінің қарқынын арттыруға себеп болды. Мысалы, Ресей империясының құрамына кірген уақыт ішінде бұл аймақтың халқы өсе түсті: Тәжікстан — 10,2 есе, Өзбекстан мен Түрікменстан — 7,2 есе. Кеңестік кезеңде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі қыруар шараларды іске асыру қолға алынғанына қарамастан, Өзбекстанда 1980 жылдардың соңында аңғарлардағы елді мекендердің елеулі бөлігінде (оның ішінде Ферғана аңғарында орналасқандары да бар) өздерінің ауыз су көздері болған жоқ. Бұл аудандарға ол су тасушы көліктермен жеткізіліп, әрбір отбасына күніне екі шелек мөлшерінде ғана берілді.
1990 жылдары өзбек мамандары жүргізген есептер бойынша Ташкент облысы 2005 жылға қарай өзінің өмір сүруді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, оның ішінде су ресурстарын толықтай сарқып болмақ. Солтүстік Тәжікстан жан басына шаққанда сумен бүкіл республикадағыға карағанда 7 есе аз қамтамасыз етілген. Мысалға, Дальверзин даласын игерудің бүкіл барысында (1950 жылдардың ортасынан басталды) онда ауыз судың өте шиеленіскен жағдайы сақталып отыр. Бірақ ең апатты антропогендік әсер ету бір жағынан Қазақстанның Қызылорда облысы, Өзбекстан жағынан Қарақалпақстан жапсарласатын Арал теңізінің алабында қалыптасты. 1960 жылдан басталган Арал теңізінің жылдам құрғай бастауы, негізінен, су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары ретінде түсіндірілді.
Алайда ол жөнінде үнсіз қалуды орынды көретін тағы бір себеп бар. Теңіздің өле бастауы өзі аттас шөл даланы бойлай жасанды Қарақұм каналын салып, оны іске қосудан басталды. Түркістанның көптеген километрлерге созылып жатқан сусыз оңтүстік аудандарын суландыру жөніндегі КСРО Су ресурстары министрлігінің алып жобасы және Хауз-Хан, Копетдаг су қоймаларын жасау шын мәнінде жоғарыда еске алынған су ресурстарының көпшілік бөлігі Қарақұм каналының арнасына түскен соң күйдіріп тұрған күн астында шексіз шөл дала құмдарына сіңіп, кайтпайтындай болып жоғалып жатты. Әмудария ішінра Өзбекстандағы Әмубұхар каналы құрылысынан да зардап шекті.
Нәтижесінде, бүгінгі күні Арал суының 75%-дан астамынан, аумағының 50%-дан астамынан айырылып, бұрынғы жағалауларынан 100—120 км-ге кейін шегінді, бұрынғы теңіз түбінде 3,5 млн га жер қалды.
XX ғасырдағы ең зардапты экологиялық апаттың салдарлары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XX ғасырдағы ең зардапты экологиялық апаттың салдарлары:
- — Аралдың құрғаған түбінен тұздар мен шаңның ұшуы;
- — пестицидтермен қауіпті ластану және Сырдарияның тұздануы;
- — грунт сулары деңгейінің көтерілуі және құрылыстардың қирауы;
- — топырақ құнарлылығының төмендеуі және жайылымдардың толықтай азып-тозуы;
- — өсімдік және жануарлар дүниесінің гендік корларының жоғалуы;
- — халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығының нашарлауы;
- — жалпы және балалар өлімі деңгейінің өсуі.
Ауыз суы мен жер суаратын судың тапшылығымен қоса оның сапасы да күрт нашарлап кетті. Бұл өзендер мен коллекторлық-кәріздік тармаққа ауыл шаруашылығында пайдаланылған улы химикаттар және пестицидтермен ластанған суды, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммуналдық шаруашылықтардан шыққан ластанған суларды ағызуға байланысты болды.
Аймақтың бес елінің негізгі су көздері екі мемлекеттің аумағында орналасқан. Арал теңізі алабының басты тамырлары Сырдария өзені (80%), негізінен, Қырғызстан аумағында және Әмудария өзені (83%) Тәжікстанда қалыптасады.
Аймақтың экологиясына кері әсер еткен тағы бір фактор (онсыз да су ресурстарына жұтаң аймақта) мақта өсіретін жерлердің ауданын кеңейту. Ылғал сүйгіш ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі ретінде, оның су тұтыну деңгейі өте жоғары болды.
Техникалық мүмкіндіктеріне қарамастан ирригациялық ескірген технологиялармен жасалды. Нәтижесінде, 1950 жылдардың өзінде өзеннен алынған судың 50%-дайы, тек қана сүзілу процесіне жұмсалды. Істің мұндай жағдайы 1960 жылдары бетон науаларды қолдана бастағаннан кейін ғана біршама өзгерді. Алайда суаруға кететін су шығыны бұрынғыша қалып қойды, кейбір септеулер бойынша ол қажетті мөлшерден 4 есе асып кетті.
Толып жатқан күріш егістіктері де өз үлестерін қосты. Көктемде оларды терең арықтармен өзеннен алған сумен толтырды. Күзде қалдық суды өзенге қарай кері жібереді. Шалшықта көптеген балықтар қырылады. Жағдайдың қауіптілігі сондай, қазіргі мәселе Арал теңізін құтқару емес, Арал теңізінің маңайында тұрып, ішуге жарамайтын суды тұтынуға мәжбүр болып отырған адамдарға қалай көмектесу керектігі жөнінде болып отыр.
Бұлардан бөлек алыстағы 1970 жылдары Сібір өзендері суының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға жіберетін канал жобасы (ол ресми түрде "Солтүстік және Сібір өзендері суларының бір бөлігін елдің оңтүстік аудандарына жіберу жобасы" деп аталды) бойынша ол өтетін жерлердің табиғи жағдайларын зерттеген Арал гидрогеологиялық партиясының гидрологтері арнайы зерттеулер жүргізді. Олар ұшақпен барлау жұмыстарын жүргізген кездө Қарақұмда шағын көлдердің өте көптігіне назар аударды. Құм шағылдарының арасында олар қалай пайда болған? Жауапты жер бетіндегі зерттеулер берді. Көлшіктер жасанды техногенді болып шықты: жер асты артезиан сулары негізінде мал шаруашылығы мұқтаждықтары үшін бұрғыланған көптеген ұңғылардан немесе барлау немесе пайдалану ұңғыларынан атқылап жатыр екен. Жерге тесік бұрғылау қиын іс емес, ал нығыздап цементтеу әлдеқайда күрделірек. Міне, сондықтан да қымбат жер асты суы тектен текке желмен, күнмен құрғап, шығын болды. Осылайша Арал жыл өткен сайын судың орасан зор мөлшерін алй алмайды, жер асты горизонттары сарқыла бастайды, ал жер бетінде құнарсыз ақ дақтар мен тұз қабаттары пайда болады.
Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдаланудың көкейкестілігі, көбінесе жер бетіндегі және жер асты суларын экологиялық жағынан ойлы, саналы пайдалану қажеттігімен өзара байланысты. Ондай сулар ішінара Аралдың айналасында, тұтастай алғанда бүкіл аймақта онша кші қалған жоқ. Су дилеммасы төңірегіндегі жағдайға талдау жасаған кезде Қырғызстанның өз көршілерін су және энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің шешілу деңгейі Орталық Азия мемлекетерінің мемлекетаралық қарым-қатынастарының жағдайына тікелей тәуелді болатынын сенімділікпен атап көрсетуге болады.[1]
Қазіргі жағдай
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жылдан жылға су мәселесі тек күшейе түседі. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 2030 жылға қарай жылына 90-нан 76 км3-ке дейін төмендейді. Бұл дегеніміз, сегіз жылдан кейін елдегі су тапшылығы жылына шамамен 12-15 км3 құрайды, яғни шамамен 15%.
2021 жылғы байқаулардың қорытындысы бойынша 32 су объектісіндегі судың сапасы нашар класқа, ал 28 су объектісінде ең нашар класқа жатқызылды. Су сапасының нашарлауы айтарлықтай техногендік ластануға ұшырайтын Балқаш-Алакөл, Арал-Сырдария, Ертіс және Тобыл-Торғай бассейндері үшін бірінші кезектегі проблема болып табылады. Су сапасының одан әрі нашарлауы және су ресурстарына жүктеменің артуы осы бассейндердегі экожүйе тепе теңдігінің сөзсіз бұзылуына әкелуі мүмкін[2]
Республикада жалпы ауданы шамамен 1 миллион км2 және көлемі 187 км3 астам 17 мыңнан астам өзен, 4 мың көл және 2,6 мың мұздық бар. Сондай-ақ, 6 мыңға жуық су шаруашылығы құрылыстары бар, олардың ішінде 300-ден астам су қоймалары бар. Айта кетейік, республикада суды пайдаланудың негізгі үлесі ауыл шаруашылығына тиесілі – жалпы су қабылдаудың шамамен 65%.
Трансшекаралық өзендер мәселесі туралы айта отырып, республиканың оңтүстік және батыс аймақтары оларға көбірек тәуелді екендігі атап өтілді. Атап айтқанда, Қызылорда және Түркістан облыстары трансшекаралық ағындарға 90%-дан астам, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары 80% - ға, Жамбыл облыстары 75% - дан астам, Алматы облыстары 48% - ға тәуелді.
Қазақстанның Экология министрлігінің деректері бойынша қазір барлық елдердің мүдделерінің теңгерімін сақтауға мүмкіндік беретін Орталық Азияның су-энергетикалық консорциумын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстанның мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан премьер-Министрінің төрағалығымен су кеңесі құрылды.
Ведомство халықтың, өнеркәсіптің өсуіне және мал басының ұлғаюына байланысты республикада суды тұтыну көлемі 29,7 км3-ке дейін ұлғаятынын атап өтті. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, онда 2040 жылға қарай сумен қамтамасыз ету жағдайы біржола нашарлауы мүмкін. [3]
Жаңа су тартудың құрылысы және қолданыстағыларын кеңейту Бішкекті 5-6 жылға сумен қамтамасыз ету үшін уақытша шешім болып табылады. БГК депутаты Қадыр Атамбаевтың айтуынша, егер қаланың қарқынды өсуін басқару бойынша шаралар қабылданбаса, елорда болашақта су дағдарысына тап болады. Ол БҰҰ-ның 2050 жылға қарай 10 адамның 7-сі қалаларда өмір сүреді деген болжамдарын көрсетеді, бұл өңірлерден Бішкек пен Ош-қа көші-қонның айтарлықтай өсуіне әкеледі. Қазіргі уақытта елордада 53 жаңа ғимарат бар.
Депутат Қара Балта, Шопоков, Қайыңды және Канта сияқты Бішкектің спутниктік қалаларын дамытуды ынталандыруға шақырады, осылайша олар аймақтардан халықтың бір бөлігін қабылдап, елордадағы шиеленісті төмендете алады. Ол сондай-ақ халықты тарту және олардың "елес қалаларға"айналуына жол бермеу үшін осы спутниктік қалаларда жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын атап өтеді.
Қалалық әкімдіктің бағалауы бойынша, Есік суын тарту жобасының құны 200 миллион долларды құрайды және оны іске асыру үш жылдан кем емес уақытты алады. Құрылыс аяқталғанға дейін (бұл тағы 3 жылға созылады) сумен жабдықтау проблемалары болуы мүмкін. Сондай-ақ, қолданыстағы су қабылдағыштардың аумағын кеңейту және қосымша Ұңғымаларды бұрғылау жоспарлануда. Баш-Қарасу және Орто-Алыш су қабылдағыштары сияқты қазірдің өзінде іске асырылған кейбір жобалар тұрғындардың едәуір санын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Депутат сондай-ақ су арнасының абоненттерінде есептегіштердің жетіспеушілігіне және суды ұтымсыз пайдалануға, сондай-ақ ықтимал күйреуді болдырмау үшін жаңартуды қажет ететін сумен жабдықтау инф��ақұрылымының жай-күйіне назар аударады.
Жақында елорданың кейбір аудандарында, мысалы, жеке моншалар, көлік жуу орындары мен бассейндерде суды пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді және күндізгі уақытта үй маңындағы учаскелер мен көкөніс бақтарын ауыз сумен суару бойынша рейдтер жүргізілуде. [4]
Өзбекстан әлемдік ресурстар институты жариялаған су стрессінен зардап шеккен елдер рейтингінде 164 елдің ішінде 25-ші орынға ие болды. Өзбекстан үшін су тапшылығы өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені оның Өзбекстанның бірқатар аймақтарында, атап айтқанда Қарақалпақияда тапшылығы әлеуметтік және экологиялық дағдарысқа әкелуі мүмкін. Қазірдің өзінде аграрлық мақсаттар үшін ғана емес, халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін де судың жетіспеушілігі байқалады. Өзбекстанның гидроэнергетикалық ресурстары бүкіл ел аумағының небәрі 4,92%–. құрайды, жалпы су ресурстары – жылына 50-60 км3, оның тек 12,2 км3-і республика аумағында қалыптасады, ал қалған су көлемі Тянь-Шань және Памир-Алтай тауларынан, жазда еріген қар мен мұздықтардан келеді. Су ресурстарының негізгі бөлігі мақта алқаптарын суаруға жұмсалады.
2030 жылға қарай республика халқы шамамен 40 млн. адамға дейін өседі деп болжануда, бұл қолда бар су ресурстарының 7-8 км3 қысқаруына әкеледі. Мұндай жағдайларда су ресурстарының тапшылығы 2030 жылға қарай қазіргі 13-14% - дан 44-46% - ға дейін артады, бұл ауыл шаруашылығының ғана емес, басқа да салалардың дамуын тежейді.[5]
Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2018 жылы Өзбекстандағы ауыз судың шығыны 469 млн. текше метрді немесе өндірілген ауыз судың жалпы көлемінің 32% - % құрады. Судың ауқымды шығыны Орталық Азия өңірін, атап айтқанда Өзбекстанды сумен қамтамасыз етудің келешектегі жағдайы туралы қолайсыз болжамдар аясында орын алуда. 2050 жылға қарай Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша Сырдария өзенінің бассейніндегі су ағыны 2-5% – ға, ал Амудария өзенінің бассейнінде су тапшылығын күшейтетін 10-15% - ға төмендеуі мүмкін. Бұл ауыл шаруашылығына ғана емес, гидроэнергетикаға да әсер етеді, өйткені гидроэлектростанциялардың өнімділігі 2050 жылға қарай аймақтың кейбір бөліктерінде 20% -ға дейін төмендеуі мүмкін. [6]
Орта ағымда тапшылық Түрікменстанда – 102 миллион м3 немесе су алу лимитінің 15%, Өзбекстанда – 19 миллион м3 немесе 6% құрады.
Чуямюн су торабына нақты ағын 1356 миллион м3 болжамнан аз болды. Су торабының су қоймасынан су жіберу кесте бойынша есептік мәннен 497 миллион м3 кем. Су қоймаларындағы су көлемі өлі деңгейден төмен және 2,3 км 3 құрады.[7]
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркіменстанда құрғақ және ыстық климатқа қарамастан, үй шаруашылықтарының шамамен 82%-ы жақсартылған ауыз су көздерін пайдаланады (көп индикаторлық кластерлік зерттеу, 2015). Қолды сабынмен және сумен жуу-бұл пневмония мен диареяны азайтуға бағытталған ең тиімді медициналық араласу. Емдеудің болмауы бес жасқа дейінгі балалар арасында дұрыс тамақтанбауға әкеледі. Осылайша, бұл алдын алуға болатын өлімге ұшыраған балалардың өмірін сақтап қалудың кілті.[8]
Әр түрлі мәліметтер бойынша, Тәжікстан халқының 33-49 пайызы ауыз суға қол жеткізе алмайды. Су тапшылығы мәселесі Тәжікстанның көптеген аудандарына, соның ішінде Хатлон облысының көптеген аудандарына әсер етеді-ең көп қоныстанған аймақ.[9]
Барлық күш-жігерге қарамастан, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі негізгі проблемалардың бірі болып қала береді.
Аумағында Орталық Азия өңірінің су ресурстарының 60% - на дейін қалыптасатын Тәжікстан халықтың жартысы үшін ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайды. Бүгінгі таңда су ресурстарының жалпы көлемінің тек 17-20% ғана пайдаланылады.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 15 бағдарламаны, стратегияларды және іс-қимыл жоспарларын қоса алғанда, көптеген нормативтік-құқықтық актілер әртүрлі кезеңдерде әзірленді және енгізілді, олардың кейбіреулері іске асыру процесінде. Барлық күш - жігерге қарамастан, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі елдің негізгі проблемаларының бірі болып қала береді [10]
Орталық Азия елдеріндегі су дағдарысын шешу жолдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елдер арасындағы ынтымақтастық. Орталық Азиядағы су дағдарысын еңсерудің негізгі факторларының бірі өңір мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық болып табылады. Амудария және Сырдария өзендері сияқты Орталық Азияның су ресурстары трансшекаралық болып табылады және бірлескен басқаруды білдіреді. Елдер су ресурстарын әділ және тиім��і пайдалану қағидаттарына негізделген келісілген іс-қимыл жоспарларын әзірлеп, іске асыруы қажет. Алайда, су мәселелерімен айналысатын аймақтық құрылымдар шектеулі әлеуетке және мүдделі тараптар арасындағы өзара сенімділіктің болмауына тап болады. Орталық Азияның су-энергетикалық бағдарламасы шеңберінде өңірде су және энергетикалық қауіпсіздікті арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жыл сайынғы су форумдары мен түрлі деңгейдегі кездесулер жүзеге асырылады. Алайда, қазіргі уақытта су саласындағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша нақты қадамдардың жоқтығы байқалады.
Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру. Өңір елдері суару жүйелерінің тиімділігін арттыруға, су ресурстарын басқарудың озық технологиялары мен әдістерін енгізуге күш салуы керек. Бұған суару жүйелерін жаңарту, тамшылатып суаруды пайдалану, су шығынын азайтуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретін заманауи ауылшаруашылық тәжірибелерін енгізу кіруі мүмкін. Сонымен қатар, жаңбыр суын жинау және сақтау, сондай-ақ өнеркәсіптік және тұрмыстық пайдалану үшін инфрақұрылымды дамыту маңызды.
Баламалы су көздерін дамыту Орталық Азиядағы су дағдарысын шешуде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мүмкін болатын жолдардың бірі-жер асты су ресурстарын игеру және теңіз суын пайдалану. Өңір елдері трансшекаралық су жобалары саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін де қарастыра алады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
- ↑ https://www.zakon.kz/6395634-vodnyy-vopros-ekolog-obyasnila-prichinu-defitsita-vody-v-kazakhstane.html#:~:text=%D0%9F%D0%BE%20%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%B3%D0%BD%D0%BE%D0%B7%D0%B0%D0%BC%20%D0%92%D1%81%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE%20%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%BA%D0%B0%2C%20%D0%BE%D0%B1%D1%8A%D0%B5%D0%BC,%D1%81%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%BD%D1%8B%20%D0%B3%D0%BE%D1%81%D1%83%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B0%20%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D1%8E%D1%82%D1%81%D1%8F%2C%20%D0%B8%20%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%B5.
- ↑ https://el.kz/ru/nazvany_osnovnye_prichiny_defitsita_vody_v_kazakhstane_42427/
- ↑ https://24.kg/obschestvo/268286_nehvatka_vodyi_vbishkeke_kadyir_atambaev_predlojil_razvivat_goroda-sputniki/
- ↑ https://e-cis.info/news/566/107472/
- ↑ https://uz.sputniknews.ru/20220122/jdet-li-uzbekistan-defitsit-vody-v-2040-godu-mnenie-ekspertov-22277717.html
- ↑ https://meteojurnal.ru/v-nizovyah-amudari-sohranyaetsya-silnyj-deficzit-vody/#:~:text=%D0%92%20%D1%81%D1%80%D0%B5%D0%B4%D0%BD%D0%B5%D0%BC%20%D1%82%D0%B5%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%B5%D1%84%D0%B8%D1%86%D0%B8%D1%82%20%D1%81%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%BB,%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%B3%D0%BD%D0%BE%D0%B7%D0%B0%20%D0%BD%D0%B0%201356%20%D0%BC%D0%B8%D0%BB%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%B2%20%D0%BC3.
- ↑ https://www.unicef.org/turkmenistan/ru/%D0%9F%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%81-%D1%80%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D1%8B/%D0%BA-2040-%D0%B3%D0%BE%D0%B4%D1%83-%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%BE-600-%D0%BC%D0%B8%D0%BB%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%B2-%D0%B4%D0%B5%D1%82%D0%B5%D0%B9-%D0%B1%D1%83%D0%B4%D1%83%D1%82-%D0%B6%D0%B8%D1%82%D1%8C-%D0%B2-%D1%80%D0%B0%D0%B9%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%85-%D1%81-%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%80%D1%8B%D0%BC-%D0%B4%D0%B5%D1%84%D0%B8%D1%86%D0%B8%D1%82%D0%BE%D0%BC-%D0%B2%D0%BE%D0%B4%D1%8B
- ↑ https://asiaplustj.info/ru/news/tajikistan/society/20230429/kak-problemi-iz-za-nehvatki-vodi-privodyat-k-drakam-boleznyam-i-otkazu-ot-nevest#:~:text=%D0%9F%D0%BE%20%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%BD%D1%8B%D0%BC%20%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%BC%2C%20%D0%BE%D1%82%2033,%D0%A5%D0%B0%D1%82%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B9%20%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%20%E2%80%93%20%D1%81%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D0%B9%20%D0%B3%D1%83%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%81%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B9%20%D1%80%D0%B5%D0%B3%D0%B8%D0%BE%D0%BD.
- ↑ https://central-asia.institute/pochemu-tadzhikistanu-ne-hvataet-vody/
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |