Мазмұнға өту

Органоидтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Цитоплазма жіне органеллалар:

(1) Ядрошық
(2) Ядро
(3) Рибосомалар (нүктелер)
(4) Везикула
(5) Гранулалы эндоплазмалық тор (ER)
(6) Гольджи аппараты
(7) Цитоскелет
(8) Грануласыз эндоплазмалық тор
(9) Митохондрия
(10) Вакуоль
(11) Цитоплазма
(12) Лизосома
(13) Центриоль және Центросома

Органоидтар (гр. organon — құрал, еіdos — түр) — адам мен жануарлар ағзаларындағы жасушалары цитоплазмасындағы белгілі қызмет атқаратын тұрақты құрылымдар.[1]

Эукариоттар жасушаларының органоидтарына ядро, мембрана, митохондрийлар, Гольджи комплексі, эндоплазматикалық тор, рибосомалар, лизосомалар, микротүтікшелер және микрофиламенттер жатады. Прокариоттардың көпшілігінде тек жасуша мембранасы мен рибосомалар ғана бар. [2]

Қозғалыс органоидтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қозғалыс органоидтері немесе миофибрилдер жануарлар дүниесінде көп таралған. Бұл органоидтер организмді үнемі қозғалысқа келтіріп отырады.Мұндай организмдерге сұйық ортада қозғалуға бейім әртүрлі өсінділер, кірпікшелілер, талшықтар және бұлшық етті қозғалысқа келтіретін миожіпшелер (миофибрилдер), т.б. жатады. Қарапайымдар, атап айтқанда, кірпікшелі кебісше, жасыл эвглена, негізінен, бір орыннан екінші орынға кірпікшелерінің және талшықтарының жәрдемімен қозғалысқа келетінін білесіңдер. Жануарлар тіршілігінде кірпікшелер әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, омыртқалы жануарлар мен адамның мұрын қуысында бір бағытта орналасқан мыңдаған кірпікшелер болады. Олардың негізгі қызметтері ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды сүзіп қалу екенін білесіңдер. Кірпікшелі кебісшенің денесінде 15 мыңға жуық кірпікшелер бар. Кірпікшелер неғұрлым көп болса, организмнің қозғалысы соғұрлым белсенді болады. Сол сияқты амебалар және лейкоцит жасушалары жалған аяқтарының жәрдемімен қозғалатындығы белгілі. Омыртқалы жануарлардың қозғалысы ет талшықтарының жиырылуы арқылы орындалады [3].

Органеллалар және қызметтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Хлоропласттар

Басты қызметі - фотосинтез процессін жүргізу. Үлкен пішіндес, хлорофилл пластидін қамтиды. Хлоропласт екі қабатты мембрана мен іші толтырылған қоймалжын стромамен қапталған. Стромада мембрана системасы орналасқан, олар тізбек бойынша орналасқан, мұнда крахмал сақталынады. Одан бөлек, строма рибосома, шеңберлі ДНҚ молекуласынан және тамшы майлардан тұрады. Бұл органелла өсімдіктерде ғана кездеседі. Хлоропластта өзіне ғана тән ДНҚ жасушасы бар. Кейбір деректерде хлоропласттар цианобактериядан, симбогенездің бояуының салдарынан пайда болған деп жазылған.

  • Эндоплазмалық тор

Ақуыз трансляциясын жүргізетін, липидтерді синтездейтін органоид. Мембрана системасы - цистерн, сыртқы ядерлі мемрана қабаты. Ол барлық эукариоттарда болады. Эндоплазмалық тордың сыртында көп мөлшерде рибосомалар орналасқан. Қап секілді ораулы болады, эндоплазмалық тор - трубка секілді.

  • Аппарат гольджи

Іріктеу жасап, ақуыздардың пайда болуына әсерін тигізеді. Қап секілдісі - цистерн. Бір басынан қап секілді заттар пайда болып отырса, екінші жағынан көпіршіктер шығып отырады. Аппарат гольджи бүкіл эукариоттарда кездеседі. Ядроға жақын орналасқан цистерн, ассиметриялы, ақуыздан тұрады. Ол транс-Гольджи үлкен ақуыздарды көпіршік ретінде шығарып отырады.

  • Митохондрия

Басты функциясы-энергия көзі болып табылады. Ол екі мембранамен қапталған, ішкі мембрана әжімдер түзеді. Матрикс (құрамында рибосомалары бар) бір шеңберлі ДНҚ және фосфатты гранулалардан тұрады. Митохондрия көптеген эукариоттарда кездеседі. Оның өзіне ғана тән ДНҚ-сы бар, кейбір деректерде митохондрияны симбогинез әсерінен болған делінген.

  • Вакуоль

Басты қызметі-қор жинау. Гомеостазды ұстау, өсімдікте жасуша формасын ұстап тұрады. Бір мембраналы, вакуольде жасуша шырыны орналасқан. Ол шырын минералды тұздардан, қанттан, пигменттерден, органикалық қышқыл мен ферменттерден тұрады. Үлкен жасушаларда вакуоль де үлкен болады. Вакуоль эукариоттарда да, прокариоттарда да кездеседі.

  • Ядро

ДНҚ-ның сақталуын, РНҚ-ның трансляциясын қадағалайды. Ең ірі органелла болып саналады. Екі мембранадан тұрады, құрамында хроматин бар. Ораулы хромосомалар интерфазада сақталады. Сондай-ақ, ішкі ядросы да бар. Ол барлық эукариоттарда кездеседі. Басты генома бөлігін құрайды.

  • Рибосома

Транспортты РНҚ-ның арқасындағы ақуыздарды синтездейді. Олар өте ұсақ келген, екі бөліктен тұрады. Ақуыз бен РНҚ теңдей жағдайда кездеседі. Митохондрия мен хлоропласттарда кездесетін рибосомалар одан да кіші болады. Рибосома барлық эукариоттарда, прокариоттарда кездеседі.

  • Везикулдар

Қорды ұстап, қорек зат жинайды. Бір мембраналы. Барлық эукариоттарда кездеседі.

  • Лизосомалар

Лабильді кіші құрамында ферменттері бар зат, ол көбінше гидролаз (тамақ қорытатын фермент) фагоцитирлі тамақтарды қорытады. Бір мембраналы. Іші тамақ ыдырататын ферменттерге толы. Эукариоттардың көбінде кездеседі.

  • Центриоль

Цитоскелет түзетін жер. Жасуша түзілуіне атсалысады. Бірқалыпты хромосоманы жайғастырып отырады. Мембранасыз, эукариоттарда кездеседі.

  • Меланосома

Пигмент сақтайды. Бір мембраналы, жануарларда болады.

  • Миофибрилдер

Бұлшықетті талшықтардың қысқартылуына атсалысады. Ақуызды жіптердің жиналған жиынтығы. Барлық жануарларда кездеседі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
  2. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
  3. Жалпы биология 10 сынып ISBN 978-601-293-067-2
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Organelles