Мазмұнға өту

Нукуалофа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Нукуалофа
тонг. Nuku’alofa
Әкімшілігі
Ел

 Тонга

Тарихы мен географиясы
Координаттары

21°08′05″ о. е. 175°12′30″ б. б. / 21.13472° о. е. 175.20833° б. б. / -21.13472; -175.20833 (G) (O) (Я)Координаттар: 21°08′05″ о. е. 175°12′30″ б. б. / 21.13472° о. е. 175.20833° б. б. / -21.13472; -175.20833 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1795

Орталығының биiктігі

3 м

Климаты

тропикалық

Уақыт белдеуі

UTC+13

Тұрғындары
Тұрғыны

24 310 адам (2010)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

676

Пошта индексі

00196-8000

Нукуалофа картада
Нукуалофа
Нукуалофа
Нукуалофа

Нукуалофа (тонг. Nuku’alofa) — Тонга корольдігінің елордасы. Халық саны — 24 310 адам[1] (2010). Тонгатапу аралында орналасқан. Нукуалофада теңіз порты және әуежай орналасқан.

Табиғи жағдайлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нукуалофа Тонга топаралының ең ірі маржан аралы — Тонгатапуда орналасқан. Осы жердегі климат тропикалық океаниялық болып табылады. Жыл бойы ауа температурасы Цельсий бойынша +20-да +26 градусқа дейін өзгеріп тұрады. Ең ыстық және ылғалды маусым желтоқсаннан сәуірге дейін жалғасады. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 1500 мм. Табиғи өсімдік жамылғылары негізінде тропикалық ормандардан, бұталардан және пальмалардан тұрады.

Нукуалофа ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
Орташа максимум, °C 29,4 29,9 29,6 28,5 26,8 25,8 24,9 24,8 25,3 26,4 27,6 28,7 27,3
Орташа минимум, °C 23,4 23,7 23,6 22,1 20,3 19,5 18,1 18,2 18,6 19,7 21,1 22,5 20,9
Жауын-шашын нормасы, мм 174 210 206 165 111 95 95 117 122 128 123 175 1721
Дерекнама: http://www.met.gov.to/index_files/nukualofa.pdf

Халқы, тілі, діні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаланың халық саны — 24 310 адам (2010). Қалада негізінде тонгалықтар (96 %) тұрады. Екі ресми тіл — тонга және ағылшын. Діншіл адамдардың басым бөлігі — мормондар.

Қаланың даму тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуропалықтардың ішінен Тонгапату аралына алғашқы болып 1643 жылы Голландия теңіз саяхатшысы Абель Тасман келді. 1773 және 1777 жылдары Нукуалофа аумағына ағылшын капитаны Джеймс Кук келді. Шамамен XIX ғасырдың ортасында Тонга аралдар тобы король билігінің астында бірлесті.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Tonga: largest cities and towns and statistics of their population World Gazetteer  (ағыл.)  (нем.)  (фран.)  (исп.)