Мазмұнға өту

Наталья Игоревна Бессмертнова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Наталья Бессмертнова
Туған күні

19 шілде 1941 (1941-07-19)

Туған жері

Мәскеу, КСРО

Қайтыс болған күні

19 ақпан 2008 (2008-02-19) (66 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, Ресей

Азаматтығы

 КСРО
 Ресей

Қызметі

балерина, балет педагогы

Театр

Үлкен театр

Марапаттары

Еңбек Қызыл Туы ордені
КСРО халық әртісіЛениндік сыйлық

IMDb

ID 0078846

Наталья Игоревна Бессмертнова (19 шілде 194119 ақпан 2008) — КСРО халық әртісі. 1961 жылдан Үлкен театрдың жетекші бишісі. Өзінің дебютінде ол "Шопенианадағы жетекші вальсті биеп бірден көрерменді орындау мәнерімен таңғалдырды. Жизель партиясы балеринаға әлемдік құрметтеушілікті әкелді. Классикалық би техникасын керемет білуі, музыканы жақсы сезінуі, пластикалық айқындылығы, актерлік шеберлігі Жизель бейнесін романтикалық балетінің ең үздік дәстүрінде сомдауға мүмкіндік берді. Наталья Бессмертнованың репертуарында П.И.Чайковский балеттеріндегі барлық басты партиялар болды. Ол "Ұйқыдағы аруда" Флорина мен Аврораны, "Аққу көлінде" Одетта-Одиллияны, "Щел��унчикте" Машаны биледі. Кезінде М.Фокиннің К.Вебердің музыкасына қойған "Раушан гүлдің елесі" балетіндегі Қыз, "Бақшасарай фонтанындағы" Мария, "Ромео мен Джульеттадағы" Джулъетта, К.Дебюсси музыкасына қойылған миниатюрадағы Ундина партиялары романтикалық рухқа толы бейнелер болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8