Мазмұнға өту

Нагаленд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нагаленд (Nagaland), халқы 1 988 636 адамды құрайтын (2001) Үндістанның солтүстік-шығысындағы штат. Мьянма (Бирма) және МАНИПУР, АССАМ, АРУНАЧАЛ-ПРАДЕШ штаттарымен шектеседі. Аумағы: 16579 шаршы км. Әкімшілік орталығы - КОХИМА. Штаттың азғантай бөлігі ғана жазық, қалған бөліктері Аракан тау жүйесінің солтүстігі болып жалғасатын таулармен көмкерілген. 1819 жылдан бастап 1826 жылға дейін ағылшындар оның таулы аймақтарын жаулап ала бастаған кезде Мьянманың бақылауында болған. 1963 жылы нага халқы мекендеген аумағы тәуелсіз Үндістан қарамағындағы штат мәртебесіне ие болады. Әртүрлі диалектілерде сөйлейтін және әртүрлі дәстүр-салты бар 20-дан аса ірі нага тайпасы мекендейді. Нагалендтің 2/3 бөлігі – христиандар, ал қалған үлкен бөлігін үндістер мен мұсылмандар құрайды. Негізгі экономикасы -ауылшаруашылығы болып саналады. Мәдени дәнді дақылдардың ішінде негізгілері – күріш, тары, қант құрағы, картоп және темекі өнімдері.