Мұқтар Жылқайдаров
Жылқайдаров Мұқтар (1897-1937), әнші, термеші, ақын, сазгер. Алғашқықа ауыл молдасынан дәріс алып, кейін Атбасардағы орыс-қазақ мектебінде оқыған. Жастайынан енерге үйір болып өседі. қазан теңкерісінен кейін ауылдағы мойынсерік, артельге мүше болып, 1928 жылға дейін ауылда еңбек етеді. 1929-1930 жылдары «байдың баласы» деген желеумен Қарсакбай абақтысына қамалады. Одан босанып шыққан сон, Онтүстік Қазақстан өңірінде әр түрлі қызметге жүріп, «Қызыл отау» жұмыстарына белсене араласады. 1932 ж. Ташкент радиокомитетінің әншісі болып жұмыска орналасады. Сондағы пед. Техникум дасабақ береді. 1937 ж. «халық жауы»деген жаламен Ташкент түрмесіне жабылады. Одан арғы тағдыры беймәлім. Жылқайдаров өлен жазып, ән шығарған. «Сарыарка туып-өскен жерім едін, Ақшоқы күңде шыққан белім едін. Көк көденің толқыған ойқырында, Жүйрік пен жорға мініп желіп едім. Сарыаркада сар дала, Сапқын соққан саз дала. Он жетіге келгенде, Толықсиды қыз бала», деп басталатын «Сарыарқа» әні ел арасында Мұқтардікі делінеді. Қазақ өнерінің жанашыры А. В. Затаевичтің «Қазақ халкының мың әні» деген жинағында М. Жьлқайдаров тыңорын дауымен 25 ән, терме жазып алғандығы баяндалады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |