Мұқан Төлебаев
Мұқан Төлебаев | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Мұхаммедсәлім Төлебаев |
Туған күні | |
Туған жері |
Қарашыған шатқалы, Сарқан ауданы, Жетісу облысы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет |
КСРО |
Мамандықтары | |
Жанрлары |
Мұқан Төлебаев (13 наурыз 1913, Қарашыған шатқалы, Сарқан ауданы, Жетісу облысы — 02 сәуір 1960, Алматы) — қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), бұрынғы ҚР әнұраны авторларының бірі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген.
- Төлебаев орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады.
- Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1-слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі.
- Мәскеу консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936).
- 1941-1945 жж. Е. Брусиловскийден сабақ алған. Ол Е.Брусиловскиймен бірлесіп «Аманкелді» операсын жазған.
- Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады (1942-1944).
- Мәскеу консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951).
- Мұқан Төлебаев соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып 47 жасында дүниеден озған.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге ��астайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық – эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады.
М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокалды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық.
М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады.
Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады.
М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.[1][2]
Қызықты фактілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасы алғашқы әнұраны авторларының бірі.
- Мұқан Төлебаев - жаңашыл композитор. Ол бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған.
- М.Төлебаев, А.Жұбанов, Е.Брусиловский, В.Великанов, Л.Хамиди, С.Шабельский, Б.Ерзакович - жетеуі 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағын құрған.
- «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі бар құнарлы туынды.
- Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастайды, бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады.
Атақтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942);
- Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948); *Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- 13 наурызда туғандар
- 1913 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Сарқан ауданында туғандар
- 2 сәуірде қайтыс болғандар
- 1960 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша музыканттар
- КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақ мәдениет саласының тұлғалары
- Қазақстан сазгерлері
- КСРО халық әртістері
- КСРО сазгерлері