Мазмұнға өту

Мутациялық теория

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ХХ ғасырдың 20-жылдары ғана көрнекті орыс ғалымдары С.С. Четверииков және И.И. Шмальгаузен эволюциялық процестерде мутациялық өзгерткіштіктің негізгі рөл атқаратындығын дәлелдеп берді. Мутация кезінде тұқым қуалайтын генетикалық материалдар арқылы организмдердің кез келген белгілері өзгеріп отырады.

1901-1903 жылдары мутация ілімінің негізін қалаушы нидерланд ғалымы Х. Де Фриз мутациялық процестің үзіліссіз үнемі жүріп отыратындығын атап көрсетті.

1926 жылы көрнекті орыс ғалымы С.С. Четвериков өзінің шәкірттерімен бірге жеміс шыбынының табиғи популяциядағы мутациялық өзгергіштігін зерттей жүріп, популяциялық генетика ғылымының негізін салды. Сонымен қатар ол табиғи популяцияларда рецессивті мутацияның жиі кездесетіндігін анықтады.

С.С. Четвериков 1926 жылы "О некоторых моментах эволюционного процесса с точки зрения современной генетики" деген мақаласын жариялады. Бұл мақал��сында табиғи популяциялардағы организмдердің фенотипі біркелкі болғанымен, рецессивті мутацияның жиі кездесетіндігін және сыртқы орта жағдайларының өзгеруінен гендер жиілігінің ауытқитындығын атап көрсетті. Сонымен қатар ол популяция ішінде болатын еркін шағылысудың нәтижесінде генотиптің жиілігі үнемі бірқалыпты, тепе-теңдік жағдайда болатындығын да нақтылап берді.

Жеке популяциялар ішіндегі даралар өздерінің сыртқы белгілері арқылы бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Әрбір популяция өз ішіндегі даралардың таралу тығыздығы, саны және ерекшеліктері арқылы басқа популяциялардан ерекшеленеді.

Бір түрге жататын популяциялар бір-бірінен жеке оқшауланып таралуы арқылы ерекшелінеді. Шекаралас таралған популяциялар бір-бірімен генетикалық ақпараттар алмасуы арқылы біртұтас жүйені құрайды.

Кез келген популяция белгілі бір табиғи орта жағдайларына бейімделгенімен, оның ішінде де табиғи сұрыпталу процесі жүрмейді деп айтуға болмайды. Өйткені әрбір популяция ішінде мутациялық және үйлесімдік өзгерткіштік байқалады да қалыпты жағдайдан күрт ауытқыған дараталу нәтижесінде яғни тұрпқтандырушы сұрыпталудың әсерінен жойылып отырады.

Тұрақтандырушы сұрыпталудың нәтижесінде популяция ішіндегі бірқалыпты орташа белгілер сақталып қалады. Табиғи сұрыпталудың бұл түрін орыс ғалымы И.И. Шмальгаузен ашқан болатын.