Мицар
Көрініс
Мицар, Жетіқарақшыдағы «Жігіт» [1] (ζ UMa)— 2,0-визуаль жұлдыздық шамада жалтырап көрінетін, Жетіқарақшы қос жұлдызының жарығырағының аты. Жарқырауы Күннің жарқырауынан 74 есе артық, Күннен қашықтығы 27 парсек. Мицар — үш жұлдыздан құралған жүйе. Оның құрамында жұлдыздар спектрінде слектрлік сызықтардың ығысатындығы алғаш рет 1889 жылы байқалған. Бұл ығысу жеке құраушы жұлдыздардың ортақ ауырлық центрінен орбита бойымен қозғалуынан пайда болады.[2]